"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨРКЕНДЕУ ЖОЛЫНДАҒЫ ӨҢІР

18.07.2016
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада облыстық мәслихаттың кезекті бесінші сессиясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің оған жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жөніндегі есебі тыңдалды. Аймақ басшысы өз есебінде облыста атқарылып жатқан жұмыстарға жан – жақты тоқталды.

Аймақ өнеркәсібі өрге басуда

Жалпы, облыстың өнеркәсіп орындары ағымдағы жылдың бес айында өнім өндірісін тауар ретінде 104,1% -ға, қаржылай көрсеткіште 139%-ға, яғни 544 млрд. теңгеге жоғарылатқан. Өнеркәсіптің өсуін мыс кенінің 9,8 есеге, қорғасын концентратының  5 есеге, мыс өндірісінің 129%-ға арттырылуымен тікелей байланыстыруға болады. Айта кету керек, облыстың машина жасау саласы өткен жылғы деңгейге шыға алмады. Өйткені «Азия Авто» АҚ-да автомобиль шығару көлемінің кемуі бұл саладағы көрсеткішті 56%-ға төмендеткен. ҮИИД бағдарламасы аясында жалпы құны 236 млрд. теңге құрайтын 82 нысанның 48-і бұл күнде қолданысқа берілген. Бұл ретте 7 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Ағымдағы жылы  жүзеге асырылатын 34 жобаның 7-і қолданысқа беріліп, 435 тұрақты жұмыс орны ашылады. Облыстың экономикалық өсіміне әкелетін басты назардағы екі жоба 2018 жылы қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Біріншісі — Ақтоғай тау-кен байыту кешенінің құрылысы. Мұнда өткен жылдан бастап қышқылдатылған кен өңдеу басталды. Жыл соңына дейін катодты мыс өндірісі жылына 15 мың тоннаны құрайды деп күтілуде. Ал екінші жоба — толық циклді автозауыт және автобөлшектер шығаратын технопарк құрылысы. Жоба облыстағы автомобиль кластерін құру аясында жүзеге асырылуда. Зауыттың нөлдік кезеңінің жұмыстары аяқталды. Мемлекеттік инвестиция қаражатына 6 млрд. теңгені құрайтын инфрақұрылым тартылып жатыр.

Айта кету керек, мемлекеттік индустриялы-инновациялық даму бағдарламасы басталғаннан бері қолданысқа берілген жобалардың жұмысы нәтижесінде қосымша 471 млрд. теңгені құрайтын өнім алынды.  Сонымен қатар Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-мен бірлесіп 10 маңызды ғылыми жүйе құраушы кәсіпорындар жобаларын дайындау бойынша жұмыс басталды. Бұл технологиялық процестерді оңтайландыруға және жаңа экономикалық тиімді жұмыс бағытын дамытуға негізделген.

Шағын және орта бизнес пен агроөнеркәсіп кешенін дамыту

Облыста «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша шағын және орта бизнеске қолдау көрсету қарқынды жүргізілуде. Жыл басталғалы 2 млрд. теңгеге 35 өтініш қабылданып, 4 млрд. теңгеге 61 келісімге қол қойылып, 508 млн. теңге субсидия төленді. Сонымен қатар құны 491 млн. теңгені құрайтын несиелік портфельмен 201 млн. теңгеге 19 жоба кепілдендірілді.

Облыстағы жетекші салалардың бірі саналатын ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 113 пайызға өсті. Ет өндірісі 57, 2 мың тоннаны құрап, 106 пайызға өссе, сүт өндірісі мен жұмыртқа өндірісі де ұлғайған. Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының бастамасымен сүт шаруашылығын дамыту жобасын іске асыру жалғасуда. Жоба бойынша 37 сүт-тауарлы фермалардың (СТФ) құрылысы және жөндеу жұмыстары, 36 сүт қабылдау пункттерін құру жоспарда бар. Қазіргі күні 12 сүт-тауарлы фермалары жөнделді. Жыл соңына дейін қосымша тағы бес ферма  салынып, 14 сүт-тауарлы ферма жөндеуден өтетін болады. Айта кету керек, мемлекеттік қаражат есебінен инженерлік инфрақұрылым құру бойынша көмек көрсетілуде. Өткен жылдан бері бұл бағытқа 730 млн. теңге бөлінсе, оның ішінде 393 млн. теңге облыстық бюджеттен қарастырылған. Бұл күнде 28 сүт қабылдау пункті құрылып, бүгінде оның 17-сі жұмыс істеп тұр. Нәтижесінде 1144 тонна сүт жиналды, бұл жоспарланған өнімнің 22 пайызын құрайды.

Құс етінің өндірісін арттыру мақсатында, облыстың экспорттық әлеуетін көтеру мақсатында Үржар және Ұлан аудандарында ет және жұмыртқа бағытындағы екі құс фабрикасын салу қарастырылған. Ауылдарда кооперативті өнеркәсіпті дамыту жұмыстары жалғасуда. Осы уақытқа дейін жалпы саны 20 ауыл шаруашылығы кооперативтері тіркелді. Оның ішінде сүт өндіру және ет өңдеу бойынша 15, балық өсіру бойынша 4 және ара шаруашылығы бойынша 1 кооператив құрылған.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында аймақтың аграрлық секторын дамыту бойынша тапсырмаларды талқылап, инвестициялық және инновациялық жобаларды таныстыру мақсатында екінші «Агро Инвест Форум» өткізу жоспарлануда. Жұмысқа қатысу үшін форумға шетелдік және Қазақстандық инвесторлар, кәсіпкерлерді шақыру көзделуде.

Облыстың балық өсіру мүмкіндігі зор. «Ost Fish» компаниясы Ұлан ауданында қуаттылығы 4 тонна уылдырық және 45 тонна бекіре балығының етін өндіретін кешен салу жұмыстарын жалғастыруда. Нысанды пайдалануға беру ағымдағы жылдың соңына жоспарлануда. Сондай–ақ Көкпекті ауданының Құлынжон ауылындағы «Кузмич» ЖШС бекіре тауарлы балықтарын өсіру және азық өндірісі бойынша кешені бар жобаны іске асыру басталды.

Инвестиция тарту

Ағымдағы жылдың соңғы 5 айында негізгі инвестиция көлемі 133 млрд. теңгені құрады. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Еуропалық қайта құру және даму банкімен тығыз байланыста. Бүгінде аталмыш банкпен Өскемен және Семей қалаларында 23,2 млрд. теңгеге 5 жоба бойынша несиелік келісімдерге қол қойылды. Жалпы құны 102,2 млрд. теңгеге 7 келісімге қол қою үшін құжаттар дайындалуда. Оған Өскемен, Семей қалаларын жылумен қамту, Зырян ауданының инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту, Жеңіс даңғылы бойынша өткел, Бұқтырма су қоймасы арқылы және Виноградов көшесінің қиылысында көпірлер салу, қалалар мен аудан орталықтарын жарықтандыру кіреді. Еуропалық қайта құру және даму банкі арқылы барлығы 125,4 млрд. теңгеге жобаларды іске асыру жоспарлануда. Сонымен қатар мемлекеттік — жекеменшік әріптестік шеңберінде концессия арқылы 56,4 млрд. теңгеге 19 жоба әзірленді. Олардың ішінде екінші жарты жылдықта 6,7 млрд. теңгеге 11 балабақша құрылысы басталып, жыл соңына дейін 49,7 млрд. теңгеге 8 нысан бойынша байқау өткізу жоспарланған.

Туризмді дамыту

Шығыс Қазақстан облысының туристік мүмкіндігі зор және бұл саланы дамыту туристік кластер құру арқылы жүзеге аспақ. Осы орайда туризмді дамыту үшін екі міндет айқындалған. Біріншісі – туристік кластерлерді құруда жобаларды тәжірибесі мол жергілікті және шетел инвесторларының қаржысымен іске асыру. Екіншісі – аймаққа келуші туристер легін көбейту. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Туризмді дамыту халықаралық инвестициялық форумы жоспарланған. Сондай –ақ облыстың мәдени бренді ретінде археология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту жоспарын іске асыру басталды. Туристік мүмкіндігі бар облыстағы 5 археологиялық ескерткіштер  зерттелетін болады. Айта кету керек, форум жұмысына тек біздің ғалымдар ғана емес, Ресей, Жапония, Ұлыбритания, Италия, Бельгия, Венгрия, Польша және Ауғанстан елдерінің әлемге танымал археологтері шақырылады.

ТҮКШ жүйесін жаңғырту

«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру қатаң назарда. Инфрақұрылымды дамыту жоспары — 5 жылға арналған экономикалық саясаттың негізгі бөлігі. Бағдарлама аясында 28 млрд. теңгеге арналған 53 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Ағымдағы жылы жылу және сумен қамтасыз ету жүйесінің 26 жобасы (8,5 млрд. теңге) және Өскемен мен Семей қалаларындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы бойынша  14 млрд. теңгенің 21 жобасы жүзеге асырылмақ. 190 шақырымдық сумен қамтамасыз ету және су тарту жүйесі, 18 шақырымдық  жылу жүйесі салынып, жөндеуден өткізілсе, 4 қазандыққа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша әзірлеген

Ерзат ЖАНАТҰЛЫ.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

19.10.2026
Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

Абай облысында есепті кезеңде 465 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға аз. Алайда жол апаттарынан қаза...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

19.10.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз көтерілсе, не істеу керек? Әлеуметтік маңызы бар тауарлар (ӘМАТ) – халықтың күнделікті тұтынатын негізгі...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

19.10.2026
Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

Бородулиха ауданына қарасты Петропавловка ауылында сумен жабдықтау жүйесін жақсарту мақсатында магистральдық су құбырының 2,5 шақырымы ауыстырылды. Жөндеу жұмыстары су беру...

Толығырақ...Details

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

19.10.2026
Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында аудандардағы сауда нысандарын жаңғырту және 2027 жылдан...

Толығырақ...Details

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

19.10.2026
Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

Қазақстан спорттық ату федерациясының төрағасы Берік Асылов Жапонияда өтіп жатқан Азия пара ойындарында алтын медаль жеңіп алған қазақстандық спортшы Еркін...

Толығырақ...Details

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

18 часов бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

18 часов бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

18 часов бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

18 часов бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

18 часов бұрын

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

7 дней бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

7 дней бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

1 неделя бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

1 неделя бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС