"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАРАШАДА ҚАРА ҮЙ ТҰР, ҚАРАЙЛАЙ ЖҮР АРТЫҢА…

19.08.2016
56
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Даланың қара топырағында аунап, боз далада  бозторғайдың әнін естіп өскен  адамның ауыл дегенде  жүрегі солқ ете қалатыны сөзсіз. Жиі болмаса да, ел ішіне  ретін тауып  барып қайтуға тырысамыз. Таяуда Баршатасқа жолым түсті. Баяғы атағы жер жарған Шұбартау ауданының  орталығы болған – Баршатас. Журналистік іс сапармен бұрын талай барған жерім болса да, тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта  бұл жаққа жол түспепті. Ширек ғасырды артқа салып Шұбартау өңіріне келе жатырмын. Бүгінгі аудан орталығы Аякөзден 50-60 шақырым ұзағаннан кейін кедір-бұдыры мен  ой-шұңқыры көп  жол басталды. «Жол азабы — көр азабы» деген осындайда айтылса керек,  200 шақырым қашықтықта орналасқан Баршатасқа Аякөзден әрі 8 сағат жүріп әрең жеттік.

Шұбартау ауданы 1997 жылы   Аякөз ауданына  біріктірілгенде бұрынғы аудан орталығы — Баршатас ауылдық  округ  болып қалған.

Шұбартаудың төрісің сен — Баршатас,

Алтын бесік — өзісің сен, Баршатас.

Небір  қилы заман  өткен басынан,

Көне тарих көзісің сен – Баршатас,-деп  шұбартаулық ақын Н.Қарабалин  жырға қосқан да осы Баршатас.

Талай танымал тұлғаларды дүниеге әкелген   шұрайлы Шұбартау өңірін халық «Жондағы Жобалай елі»  деп те атайды. Көне тарихтан бізге жеткен мәліметтерге қарағанда 1760 жылы Алтай-Сауыр тауларындағы Бақанас өзені бойындағы Дағанды болысына  Жобалай би мен Шақантай батыр әскерлерімен  алғаш қоныстанған екен.

Кеңестік кезеңде ауданның  басқару тізгіні  есімдері ел аузында әлі күнге аңыздай болып айтылатын — Кәрім Нұрбаев, Шаймағанбет Мақашев сияқты мықты басшылардың қолында болды. Әкімдік жүйе еңгізілгеннен кейінгі аудан басшылары- Т.Баяхметбаев пен Р.Сихымбаев атқарып кеткен істерді  де халық әлі ұмытқан емес. Қазақтың ауыз әдебиетін зерттеуші тарихшы, жазушы, ғалым — Мұхтар  Мағауин, халық ақыны, төкпе айтыскер — Төлеу Көбдіков,  Халық әртісі — Еркеғали Рахмадиев, медицина саласының әйгілі мамандары, кеңестік дәуір кесапаты кезеңінде  «Халық жауы» атанып, қаза тапқан Бейсенбай Тойсарин мен Бөжей Маңғытұлы  да осы Шұбартау топырағында дүниеге келген. Белгілі ақын  Несіпбек Айтұлы да қанат қаққан  мекен осы — Баршатас…

Шұбартау ел дәулетін  арттырып,  атакәсіпті қастерлеген – дала перзенттерінің мекені…

Одақ тұсында  Орталық Комитет қой шаруашылығын  дамытуды қолға алудың қажеттігін айтып, қоғам алдына үлкен міндет қойды.  Қой шаруашылығын өркендету ісін  қазақ жастарына тапсырып, мектеп бітіруші түлектерді ауыл шаруашылығы жұмыстарына комсомол — жастар бригадаларын құру арқылы тартты.  Республикада аталған бастаманы қолдап, қой шаруашылығына көмекке келуге алғашқы болып үн қосқан осы Шұбартау ауданының мектеп бітірушілері болатын. Қой өсіруші  комсомол –  бригадаларын құруда шұбартаулықтардың бастамасы барлық жастар ұйымдарына үлгі болды.

Бақытжан Кәкенқажыұлы!

1971 жылы қанат қаққан сол бастамаға  биыл 45 жыл толып отырғандығын Сіз білесіз бе?

Айғыз өзенінің  бойында  орналасқан қазіргі Айғыз ауылдық округі (ол кезде Калинин атындағы кеңшар) Жорға тауының солтүстік-шығысында орналасқан Жорға, Көктал, бүгінгі Малкелді ауылдық округі (ол кезде Алғабас қой өсіретін кеңшары) сияқты Шұбартаудағы  шаруашылықтардың барлығы дерлік  мыңғырған қойы бар дәулетті  кеңшарлар болды. Қой өсіруші жастар бригадалары да осы аталған шаруашылықтарда құрылды. Өкінішке орай бір кездері «Жорға» деген ауылдың болғандығын қазір ауданның тарихи деректерінен ғана кездестіруге болады.

Әкім мырза! Елбасымыз «Қазақстан — 2050» Стратегиясында ХХІ ғасырдың 10 жаһандық сын-қатерінің бірі азық-түлік проблемасы екенін атап өткені мәлім. Сол азық-түлікті Жер-Ана беретінін ел басқарып отырған өзіңіз сияқты азаматтарға айтып жату артық та болар. Қазақ осы Елбасы айтқан проблеманы азық-түлік өндіру ісімен шешіп, Мәңгілік Елдің ұлан байтақ даласына  үстемдік құруға тиісті халық! Ол үшін басшының кеңседе кеңес құрып отыра бермей, ауылға барып, халықтың  жайын, тыныс — тіршілігін  зерделеуі аса маңызды деп ойлаймыз.

Малды жанмен қатар сұрайтын халық бүгін жылқыдай сұлулығынан, қойдай қоңырлығынан айырылып бара жатқандай ма, қалай? Мемлекет басшысының «Дипломмен – ауылға!» атты бастамасын   іспен қолдасақ, ауыл қайта гүлденеді. Ал ауылдың гүлденуі – қазақтың  гүлденуі. Ол үшін ауылға арман қуып келетін жастарға жағдай жасалуы керек. Ауылға  оң көзбен қарамасақ, жоғалтып тынамыз.

Түсіне білген адамға қазақ әнін құс қанатында тербеп, мамырлатқан күміс көмей әнші де, халық тамсана оқитын небір ғажап туындыларды дүниеге әкелген жазушы да, өлеңмен өрнек салған ақын да  ауылдан шыққан. Қазақ мәдениетінің  рухани бастаулары да  сол – кешегі малды ауылдар  болатын.

Баршатасқа кіргеннен бұзылып қалған ескі ғимараттар орнындағы үйінділер бірінен кейін-бірі  көзге түсті. Кеңестер Одағының Батыры Мұқатай Әбеулов атындағы  бұрынғы білімнің алтын ұясы мен музыкалық мектептің орны да дәурені көшкен ауылдың бүгінгі жағдайынан хабар бергендей… Жоғарыда атап кеткен Еркеғали Рахмадиев сияқты өнер саңлағы қанат қаққан елдімекен   дарынды балаларға бүгін де кенде емес шығар. Тек  өнерлілердің өрісін ашу мәселесін елеп-ескеріп жатқан   басшылар жоқ.Әйтпесе музыка мектебін сақтап қалу  жайлы мәселе аз көтерілген  жоқ болатын.

Аудан орталығы болып тұрғанда Баршатаста «Айнакөл» атты мейманхана болатын. Кейіннен жүн өңдейтін кәсіпорынға айналдырылған ғимарат есігінде көптен бері қара құлып тұр. Мал шаруашылығын негізгі күнкөріс көзі еткен халық үшін жүн өңдейтін кәсіпорынның қаншалықты қажет екендігі айтпасақ та түсінікті. Кезінде 45 млн.теңге көлемінде несие бөлініп, басы дұрыс басталған бұл іске қара құлып-пен  көп нүкте қойылғалы да біраз уақыт өтті… Халықтың аудан орталығына барып қайтуы айтыла-айтыла жауыр болған жыр, тұрғындардың арқасына аяздай батып жүрген проблема. Әрине, республикалық деңгейдегі жол екендігін де білеміз. Дегенмен, жолдың жөнделуіне қаржы бөлу  мәселесінің шешілмеуі аудан басшысының жұмысқа салғырттығынан демеске амал жоқ… Осы орайда аймағымызға Бердібек Сапарбаев басшылық етіп тұрған шақта Шұбартауға келіп халықпен бір жүздескенде 90 жасқа  аяқ басқан әжейдің:

— Балам, келіп, халықтың жағдайын білгеніңе рақмет! Бірақ келесі келгенде тік  ұшақпен емес, автокөлікпен келсең,- деген өтінішін   жол азабын тартқан халық әлі күнге ұмытқан емес…

Өткен қыста қалың жауған қар халыққа ауыр тиді. Баршатаста қар тазалайтын арнаулы техника жоқ. Жергілікті тұрғындар үйлерінен шыға алмай, қар бұғауында қалған  өткен  қысты  еске алғанда   көңілдерін алдағы маусымдағы жайымыз не болар екен деген  үрей билейді…

Әкім мырза! Бүгінгі Баршатастың келбеті  жан сақтау бөлімінде жатқан адамның денсаулығын көзге елестететіндей. Басқарып отырған өңірді құртасыз ба, жоқ әлде, ұшпаққа шығарасыз ба, ол өзіңіздің талантыңызға, қабілет-қарымыңызға, ұйымдастырушылығыңызға байланысты. Әзірше, Сіз басшылыққа келген уақыт аралығында мардымды, мандымды ештеңе тындырыла қоймағандығын байқадық. Соңғы жылдары осы өңірден қалаға қоныс аударушылар саны көбейіп кетті, «Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несі бар» деген сөз еріксіз тіл ұшына оралады.

Баршатасқа барған сапарымызда бір байқағанымыз көпшілік  бүгін ауданды басқарып отырған әкімінің аты-жөнін, кім екендігін де білмейді екен. Бірқатары «Есеп беру кезінде көріп қалғаным бар» деп жауап берді.  Ауылды болашағы бар, немесе жоқ деп бөлуге болмайды. Адам мекендейтін жердің барлығының болашағы бар. Тек басшының бас бола білуіне байланысты. Өкінішке орай, қазіргі Баршатас  сәнінен айырылып тұр.  Ауылдың ахуалына қарап, басшының жұмысына баға беруге болады. Өз басым «Халық деген құдайдың бір аты» деген қағиданы үлкен әріптермен жазып, кей әкімдердің жұмыс үстелінің қарсы бетіне іліп қойса да  артық болмас еді деп ойлаймын.

Айтпақшы, таяуда Бесқарағай ауданында Шопан атаға ескерткіш қойылғандығын естідік. Орынды бастама. Аталған  шараның басында тұрған  ауданның бүгінгі әкімі  Нұржан Тоқсейтовтің игі ісін  ұлттық  кәсіпке  құрмет деп қабылдадық. Дегенмен, Бесқарағай негізінен өсімдік шаруашылығына басымдық беретін аудан екендігін ескерсек, бұл ескерткіш осыдан 45 жыл  бұрын  бастама көтерілген Шұбартау өңірінде қойылуға сұранып-ақ тұр емес пе? Ата кәсіпке адал жастар көтерген нағыз патриоттық бастаманы бүгінгі жастарға үлгі етіп қоюдан ұтпасақ, ұтылмасымыз анық. Кеңес кезіндегі саясаттың барлығын «солақайлардың» қатарына жатқыза беруге болмас.

Елбасы айтқан Мәңгілік Елдің  көсегесі көгеріп, салтанат құруы керек десек, тамырымыз сол дархан далада екендігін естен шығармау баршамыздың міндетіміз.

Күнделікті жұмыс бабымен шенеуніктерге жиі телефон шаламыз. Жауап беретіндері де бар… Тілші дегенді естігеннен тіксініп тұратындары да аз емес.

Бақытжан Кәкенқажыұлы!

Мұң — мұқтаждарын айтып шалғайдағы Шұбартаудың тұрғын-дары редакцияға жиі қоңырау соғатындықтан, өзіңізге хабарласып, аталған мәселелер жөнінде сұрақ қоюға бірнеше мәрте талпыныс жасадық. Өкінішке орай телефон байланысымыз тұтқаны көтерген қабылдау бөлмесіндегі хатшы қыздан әрі қосылмағандықтан, аудандық ішкі саясат бөліміне қоңырау шалғанбыз. Бөлімнің сол кездегі басшысы Қайырбаева Роза Дәулетбекқызы деген азаматшаның  телефонмен сөйлесу «әдебі» бізді  таң қалдырды.  Ал өзіңіз жайлы «тілшілерден қашқақтайтын шенеуніктердің қатарынан» деген ой түйдік. Мұндай оқиға тек біздің ғана емес, әр журналистің басынан өткендігіне күмән жоқ.  Кей шенеуніктердің осындай ісінен де мемлекеттік қызметкерлер туралы қоғам пікірі  аса жағымды бола бермейтіндігі  назарыңыздан тыс қалмаса екен…

P.S. Өз тарапымыздан бізге қоңырау шалып, басылымды жанашыр тұтып көмек сұраған Шұбартау өңіріндегі оқырмандарымызға алғыс айта отырып,  таяу уақытта көшпелі редакция шалғайдағы аталған өңірдің халқымен кездесуге баруды жоспарлап отырғандығын хабарлаймыз. Кездесу биліктің қатысуынсыз, БАҚ пен бұқара арасында ғана болса, әлі де айтылмай жатқан талай мәселенің беті ашылар деген ойдамыз.

РИЗА МОЛДАШЕВА, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты.

Ұқсас жаңалықтар

«Ақ жол» демократиялық партиясының Орталық кеңсесінде Ұлттық кеңес президиумы мен парламенттік фракцияның бірлескен отырысы өтті

02.02.2026
«Ақ жол» демократиялық партиясының Орталық кеңсесінде Ұлттық кеңес президиумы мен парламенттік фракцияның бірлескен отырысы өтті

Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының Орталық кеңсесінде Ұлттық кеңес президиумы мен партияның парламенттік фракциясының бірлескен отырысы өтті. Отырысқа «Ақ жол»...

Толығырақ...Details

Серік Егізбаев: жаңа Конституция жобасын елге кеңінен түсіндіру керек

02.02.2026
Серік Егізбаев: жаңа Конституция жобасын елге кеңінен түсіндіру керек

Semeytany.kz - Мәжіліс қабырғасында «Ауыл» партиясы фракциясының отырысы өтіп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы және оған енгізілген өзгерістер жан-жақты талқыланды....

Толығырақ...Details

Семей қаласында «Спорт – терроризм мен экстремизмге қарсы» шаңғы жарысы өтті

02.02.2026
Семей қаласында «Спорт – терроризм мен экстремизмге қарсы» шаңғы жарысы өтті

Бүгін Семей қаласында шаңғы жарысынан «Спорт – терроризм мен экстремизмге қарсы» қалалық чемпионаты өтті. Спорттық додаға 200-ге жуық спортшы қатысты....

Толығырақ...Details

НПК фракциясы Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын талқылады

02.02.2026
НПК фракциясы Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын талқылады

Мәжілісте Қазақстанның Халық партиясының депутаттық фракциясы отырысы өтіп, онда парламентарийлер Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын қарады. Фракция жетекшісі Магеррам Магеррамов...

Толығырақ...Details

Respublica партиясы активінің кеңейтілген отырысы: конституциялық реформаны қолдаудың бағыты айқындалды

02.02.2026
Respublica партиясы активінің кеңейтілген отырысы: конституциялық реформаны қолдаудың бағыты айқындалды

Елордада Respublica партиясы активінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға партияның саяси кеңес мүшелері, Парламент пен мәслихат депутаттары, әйелдер және жастар қанатының...

Толығырақ...Details

ЖСДП жаңа Конституция жобасын талқылап, әлеуметтік бағытты күшейтуге басымдық берді

02.02.2026
ЖСДП жаңа Конституция жобасын талқылап, әлеуметтік бағытты күшейтуге басымдық берді

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Орталық аппаратында ЖСДП Саяси кеңесінің отырысы өтіп, Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасы жан-жақты талқыланды. Жиын барысында кеңес...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Ақ жол» демократиялық партиясының Орталық кеңсесінде Ұлттық кеңес президиумы мен парламенттік фракцияның бірлескен отырысы өтті

12 часов бұрын

Серік Егізбаев: жаңа Конституция жобасын елге кеңінен түсіндіру керек

13 часов бұрын

Семей қаласында «Спорт – терроризм мен экстремизмге қарсы» шаңғы жарысы өтті

13 часов бұрын

НПК фракциясы Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын талқылады

15 часов бұрын

Respublica партиясы активінің кеңейтілген отырысы: конституциялық реформаны қолдаудың бағыты айқындалды

15 часов бұрын

ЖСДП жаңа Конституция жобасын талқылап, әлеуметтік бағытты күшейтуге басымдық берді

15 часов бұрын

Жаңа Конституция жобасы ғылым мен адам әлеуетін дамытуға жол ашады — академик Эрлан Батырбеков

15 часов бұрын

АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

15 часов бұрын

Абай облысында жаңа Конституция жобасы талқыланды

18 часов бұрын

Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасын талқылау аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кеңес өткізді

18 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС