"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МОРОЗОВ ДЕГЕН КІМ БОЛҒАН?

06.09.2016
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бізді жау кеткен соң қылышты тасқа шабатын «батырлығымыз» діңкелетіп-ақ  келеді.

Осылай айтпасқа амал жоқ. Өйткені Николай Ефимович Морозовқа көше аты кеңес дәуірінде емес, күні кеше, тәуелсіздіктің елең-алаңында берілді. Көше болғанда қандай!  Қаланың қақ ортасын жарып өтетін, тақтайдай түзу, Одақ тұсында Степан Разиннің атымен аталып келген көше Николай Ефимович Морозовқа берілгенде, Разиннің қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне ешқандай қатысы жоқ болғандықтан,  өзгертілгені дұрыс шығар деген ойда болғанбыз…

Аға ұрпаққа таныс болғанымен, кейінгі толқынға есімі беймәлім Морозов Николай Ефимович  кім болған? Ақиқаттың жолы қашанда ауыр екендігін білеміз. Менің бүгінгі  көтеріп отырған тақырыбым сол кеңестік дәуірде емін-еркін билік жүргізген жалғыз партияның белсенділеріне, Морозовтың үзеңгілестеріне ұнамауы да мүмкін екендігін жақсы түсінемін…

Дегенмен, белгілі жазушы Медеу Сәрсекенің «Семей қасіреті» тарихи  хикаятында келтірілген Морозов туралы деректерді оқыған соң, көптен көңілде жүрген көлеңке қоюлана түскендей болды. «Николай Морозов  «Өткенге көзқарас» кітабында: «…Семей полигоны Жер шарына үстемдік етуді жобалаған империалистердің жауыздық пиғылдарын тежегені айқын. Ол Кеңес Одағының мызғымас һәм сенімді ядролық қорғаныш қалқаны болды. Ядролық бомбаларды мың-мыңдап жасағандықтан Кеңес Одағы әлемнің ең күшті, ең алып мемлекетіне айналды»,- деп полигонның біздің жерімізде үстемдік құрғандығын мақтана жазған екен. Ары қарай кітаптағы: «…1970-1978 жылдар аралығында Семей облысын емін-еркін билеп — төстеген Николай Ефимович ВПК бастықтарына тұрғын халықтың радиация залалынан шеккен зардабы мен соларды емдеу иә тұрмыс күйін оңдау турасында бірде-бір хат жолдамаған…» (Медеу Сәрсеке, «Семей қасіреті», 562-бет.) деген жолдар оқыған адамға ой саларлықтай.

Өтірік айта алмаймын, өз басым Морозовтың естелігін оқыған жоқпын. Алайда деректермен жұмыс істеудің қас шебері, белгілі жазушы Медеу Сәрсекенің кітабындағы үзінділеріне күмән келтіру қисынсыз деп ойлаймын. Н.Морозов естелік кітабында Семейдегі барлық ескерткіш,  мәдени ғимараттарды, тіпті Абай мен Достоевский мұражайларын өзі салдырып, қаладағы бүкіл кәсіпорындар өзінің бастамасымен қолға алынып, іске қосылғандығын тізбектеп мақтанған көрінеді. Кейінгі ұрпақ тарапынан облысқа Морозов басшылық жасаған 8 жылда ғана  Семейдегі бүкіл өндіріс іске қосылып, мәдени мекемелер шаңырақ көтерген екен деген ой, ол кісі басшылыққа келгенге дейін және одан кейін қызмет істеген азаматтар түк тындырмаған ба деген сауал туындамай ма? Басқаны айтпағанда, ел басқарып отырып, халыққа ажал уын сепкен айдаһарды ауыздықтау жайлы жоғары жаққа бір «ым» жасамаған басшыны көзі тірісінде көше беріп әспеттеуіміз дарқандық емес, дарақылық  болған жоқ па?

Морозовтың кім екендігін білмейтін кейінгі ұрпаққа  түсінікті болу үшін өмірбаян деректерінен үзінді келтіре кеткен жөн болар: 1962 жылы Үржар аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1966-1970 жылдар аралығында Семей облыстық партия комитетінің хатшысы, 1970-1978 жылдар аралығында Семей облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1978 жылдан 1986 жылы зейнет демалысына шыққанға  дейін Целиноград облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарған. Социалистік Еңбек Ері, Ленин ордені сияқты Одақ тұсындағы  мәртебесі жоғары атақтардың бәрін қалтасына басып алып, еліміз Тәуелсіздігін алғаннан кейін, тарихи отанына тайып тұрғандардың бірі.  2012 жылдың 5 наурызында   Мәскеуде дүние салған.

Рас — өтірігін кім білсін, қайсыбіреулердің  айтуынша, Морозов марқұм атажұртына оралған соң Мәскеудегі қонақ үйлердің бірінде есік алдында тұрып қонақтарды қарсы алатын швейцар болған деген де сөз бар. Осыған қарағанда, қазақ жерінде бақытты ғұмыр кешіп, біздің елдің нан-тұзымен өсіп-жетілген Николай Ефимович «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген халқымыздың  ұлағатты ұстанымын да жадында жақсы сақтаған сыңайлы.

Көше атауларын ауыстыруға мораторий жарияланғалы да бес жылдай уақыт болды. Осы уақыт ішінде ономастикалық комиссияларға келіп түскен өтініштердің  жиналып қалғандығы да белгілі. Бұл жұмыс заңмен  белгіленген тәртіп негізінде жергілікті ономастикалық комиссиялардың шешімімен жүзеге асырылады. Заң талаптары бойынша, қандай да бір жеке тұлғаның  есімін көшеге беру керек болған жағдайда, олар қайтыс болған күннен бастап кемінде бес жыл өту қажет болатын көрінді. 1999 жылы  көзі тірі адамға көше беру кезінде тиісті комиссия қандай заңға сүйенді екен?

Реті келіп тұрған соң айта кетуіміз керек,  Семейде Абайдың мұражайын ұйымдастырушылардың бірі, ғалым, абайтануды ғылыми негіздеуші әрі алғашқы текстологі, ұстаз, ақын, жазушы, драматург, шәкәрімтанудың негізін қалаушы, Қазақ КСР Гимнінің авторы Қайым Мұхамедхановқа әлі күнге көше аты берілмей отыр.

Менің бұл сөзімді қалай қабылдасаңыздар да өз еріктеріңізде. Дегенмен, ұлты басқа болғанымен, халқымыздың өз ұлына айналған, есімі ескерусіз жатқан азаматтар аз емес қой. Солардың бірі — Атмачиди Аким Иванович. Краснодар өлкесінің тумасы, ұлты грек азаматы бүкіл саналы ғұмырын Қазақстанның экономикасының өсіп-өркендеуіне арнаған.  Кезінде Атмачиди  басқарған кәсіпорын құрамында әртүрлі үлгідегі темір-бетон конструкциялары мен бұйымдарын өндіретін 3 комбинаты, 3 зауыты бар ірі бірлестікке айналды. Ол басшылық еткен уақыттың ішінде бірлестік өнім шығару көлемінен  республикадағы базалық салаға айналды. Кәсіпорындар технологиясы жетілдіріліп, өндірістік процестер автоматтандырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен өндірісті ұйымдастыруға сіңірген аса зор еңбегі, республика құрылыс кешенінің дамуына қосқан жеке үлесі үшін Атмачидиге “Халық қаһарманы” атағы беріліп, “Алтын жұлдыз” ордені тапсырылды. Зейнет демалысына шыққан соң қазақ жерін өз Отаным деп қабылдаған Аким Иванович Қазақстаннан басқа жаққа қоныс аударған жоқ. Қазір Семей топырағында жатыр. Ендеше, Атмачидиге әлі күнге қаланың бір көшесінің бұйырмай тұрғандығы елдігімізге сын емес пе?

Азат халық болғанымызға ширек ғасыр өтсе де, келмеске кеткен Кеңес заманының атауларынан әлі арыла алмай жүрміз. Мысалды алыстан іздемей-ақ қояйық, тоталитарлық жүйенің көсемі Ленинге арналған қаланың қақ ортасындағы көше сеңі бұзылмай тұр емес пе? Көшенің арқасында  күніне неше мәрте аталатын «күн көсемнің» есімі намысы бар қазақтың санасына салмақ болып түсіп жатқандығын ел басқарып отырған азаматтардың түсінбей жүргендігі өкінішті… Неге екенін кім білсін, әйтеуір, осы көшенің атын ауыстыруға қалаға әр жылдары басшылық жасаған әкімдердің батылы жетпей-ақ жүр.

2000-жылдардың басында кезінде республиканың Бас прокуроры болған Ғалым Елемесов дегенге көше бердік. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезінде қыршын кеткен талай боздаққа қатысты үкімге қол қойған адам. Жерінің астында Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков жатқан Семейде Елемесовке көше беру – кешегi Желтоқсанға қатысқан жастардың төгiлген қанының үстiнен таптап жүрумен бірдей екендігін ойға алмадық… Семейде аз уақыт қызмет атқарған Елемесовке көше атын неге бердік? Жалпы, прокуратура  саласының лауазымды қызметкері өзінің міндетін заң шеңберінде ғана атқаруға тиісті десек, көшеге атын беретіндей Елемесовтің елге қандай ерекше еңбегі сіңді деген сауалға бүгін жауап бере аламыз ба?

Ардақты ағайын! Патша көңілімізге парасатсыздау ерік беріп қойсақ, әркімнің атасы ауылға, көкесі көшеге ат болып шыға келеді. Бүгін тәуелсіз елімізде осы азаттықты аңсап, сол жолда құрбан болған, отыз жетінің қуғын-сүргінінде елі мен жері үшін жанын қиған қайраткерлердің есімі ескерілмей, солардың орнына ақшасы барлардың атасы аталып жатса, жіберген қателігімізді  тарих кешірмейді. Алысқа барып не керек, ел азаттығы жолында жандары құрбан болған  ардақтыларымыз — Ахмет, Әлихан, Жүсіпбектерімізге Алаштың астанасында қаланың сырт жағындағы, жолдары қотыраш-қотыраш, елеусіз көшелерді ғана қидық… Менің ойымша, еліміз егемендігін алған бетте тарихи отанына тайып отырған адамға көше беруіміз дұрыс емес.  Шетел асып, атажұртын аңсап кеткен адамға «қара бауыр қасқалдақ бауырымыз еді» деп қазақтың қанында бар көзсіз кеңдігімізбен көзі тірісінде көше бердік-ау. Ал Морозовтың өзі осы кеңдігімізді кемдігіміз деп қабылдап, сыртымыздан күлді ме, кім білсін…

РИЗА  АСАНҚЫЗЫ.

 

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

15 часов бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

15 часов бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

15 часов бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

1 день бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

2 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

2 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

2 дня бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

2 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС