"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШЕГЕНДЕЛГЕН ШЕКАРА -ҚАУІПСІЗДІК ҚОРҒАНЫ

25.11.2016
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қарашаның  23 күні шаһардағы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2098 әскери бөлімінде, ел Тәуелсіздігінің  25 жылдық мерейтойына орай, арнайы тақырыптық жиын болып өтті. «25 жұлдызды күн» акциясы аясында ұйымдастырылған шара мемлекеттік шекара күнімен тұспа-тұс келіп, оған әскери бөлімнің басшысы — полковник Ерлан Ибрагимов пен жеке құрам қызметкерлері толық қатысты.

21-ші қараша мен 15-ші желтоқсан айы аралығын қамтитын «25 жұлдызды күн» акциясының көздеген мақсаты — еліміздің ширек ғасырда жеткен жетістіктері мен ел өміріндегі айтулы оқиғаларды саралау. Сондай-ақ қазақстандықтардың достығы мен бірлігін нығайтып, этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады. Осы ел тыныштығы мен халықтың қауіпсіздігін сақтауда әрі мемлекет шекарасының тұтастығын қорғауда Шекара қызметінің орны бөлек. Шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрбір мемлекет үшін маңызды болып саналатыны белгілі. Қазақ жерінде бұл жауапкершілік ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне артылғанын айта кету керек. Бүгінде шекара сақшылары өздеріне жүктелген  міндетті абыроймен атқарып келеді. Отанымыздың тұтастай аумағын қорғауды абыройлы міндет деп санайтын шекарашылардың әр күні түрлі қауіптер мен қиындықтарға толы екені жасырын емес. Мәселен, Ұлы Дала қиыр шығысында аспан асты Қытай елімен шектесіп жатса, солтүстік пен батыс аймағында алып Ресей Федерациясымен көршілес. Сонымен қатар оңтүстікте, бауырлас Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан мемлекеттерімен қатар,  Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан және Иран елдерімен түйісіп отырғанын ұмытпаған абзал.   Елбасының тапсырмасына сәйкес, шекара қызметін дамыту бойынша кешенді жоспар әзірленіп, қазірде ол біртіндеп жүзеге асырылып жатқаны мәлім. Айтулы жиын барысында сөз алған 2098 әскери бөлімі командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, майор Нұржан Қуатов ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойының маңыздылығына тоқталып, ел егемендігі мен оның аумақтық тұтатыстығын сақтауда шекарашылардың қосқан үлесі аз болмағанын тілге тиек етті. Бұған қоса бөлім басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бір топ қызметкерлерге мақтау қағаздары мен ақшалай сыйлықтар табыстады, көпшілік отандық шекарашылар жайлы арнайы бейнефильмді тамашалады. Бұл күнге жоспарланған өзге де іс-шаралар туралы бізге ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің  2098 әскери бөлімінің тәрбие ісі бойынша офицері, капитан Тілектес Оспанбаев айтып берді. — Бүгін Шекара қызметінің барлық әскери бөлімдерінде тақырыптық кештер мен мерекелік концерттер өткізілетін болады. Мұның барлығы ел аумағын аса қырағылықпен күзетіп келе жатқан айбынды сарбаздарымыздың еңбектерін елеуге бағытталып отыр. Қазіргі уақытта Шекара қызметінің жауынгерлері Жоғарғы Бас Қолбасшы қойып отырған міндеттер мен тапсырмаларды лайықты орындап келеді деуге толық негіз бар. Біз өзімізге артылған сенімге аса жауапкершілікпен қараймыз,- деп түйіндеді өз сөзін капитан Т.Оспанбаев.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

16 часов бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

16 часов бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

23 часа бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС