"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН ЖҮЗ ЖЫЛ ЖҮЗДЕСУ

09.12.2016
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ата-бабалар аңсаған арманның, ұлы Абай арманының жүзеге асқанына енді санаулы күндерден кейін  25 жыл толады. Ескексіз қайықтай күн кешкен дүбірлі  90-шы жылдар, егемендіктің елең-алаң шағы,  жағаға жармасқан жаһандық дағдарыстар… Тарих ағымындағы қас қағым сәттің қазаққа бұйырған «сыбағасы» жетерлік. Оның ащысы да, тұщысы да аз болған жоқ. Өкінішке қарай, халқымыздың иығына түскен ауыртпашылық жүгі талайлардың еңсесін басты.

Сол бір елең-алаң шақта бұқаралық ақпарат құралдары қалың жұртшылықтың емен-жарқын сырласына ғана емес, тілеулес жанашырына да айналды. Замандастар бастарына түсіп, жандарын булықтырған қиындықтармен БАҚ арқылы ашық бөлісіп, мұң-мұқтаждарын жоғарыға жеткізумен болды. Жаның қысылғанда, тым құрыса зарыңды тыңдар құлақ табылғанға не жетсін…

«Семей таңы» — қолыма алғаш қалам ұстатып, үлкен өмір жолына қанат қақтырған алтын ұям менің! Бастауында 100 жыл бұрын Мәннан Тұрғанбаев, Әлихан Бөкейхан, Райымжан Мәрсеков, Халел Ғаббасов секілді алаш арыстары шығарған «Сарыарқа» газеті тұрған «Семей таңының» қазір де еңбеккер Ертіс өңірінің жақсылығының жаршысы, кем-кетігінің жоқтаушысы болып отырғанының куәсіміз. Ел жүрегіндегі Мәннан Тұрғанбаев, Шаймардан Тоқжігітов, Жүсіпбек Аймауытов, ұлы Мұхтар Әуезов  және басқа қайраткерлердің ерен еңбегінің арқасында ол талай жанның ақылшысы мен жанашырына айналды.

Соған орай мен өзімді киелі ұстазым – «Семей таңының» ұлағатын бойларына сіңіріп, рухымен қанаттанған мың сан оқырманының және оған мәңгі қарыздар шәкіртінің бірі санаймын. Егер әрбір адамның зейнеткерлікке дейінгі еңбек жолы шамамен 40 жыл десек, менің сол сапарымның бақандай 10 жылы «Семей таңында» (1980-1991жж) өткен екен. Бұл – еңбек жолының  жай ғана төрттен бір бөлігі емес, қалтасында алақандай дипломы ғана бар жас журналистің жазу өнерінің қыр-сырына қанығып, тіршілік керуеніне қосылған шағы.

Жұртшылықпен 100 жыл жүздескен «Семей таңы» мен үшін өмір базарының басы, биігінің тағдырлық баспалдағы. Өйткені тірлік сапарының сәтімен сабақталуында еңбек жолының басында алған тәлім-тәрбиенің орны ерекше. Бұл жағынан мен өзімнің «Семей таңымды» ерекше ардақ тұтамын және оны өтпелі кезеңнің қайраңдарынан аман алып шыққан бүгінгі әріптестерге, газет директоры, тілектес қарындас, халық қалаулысы Молдашева Риза Асанқызына айтар алғысым көп. Біздің – Еділ мен Райханның, Мұрат пен Ертайдың — 80-ші жылдардағы «Семей таңы» республикадағы ең үздік газеттердің бірі болатын. Ал редакторымыз әрі ұстазымыз Ы.Мұсаұлы кең-байтақ Қазақстанның қаламгер қауымына жақсы танымал, қайраткер азамат еді. Көрер көз, әділ шешім болса, еліміздің орталық бұқаралық ақпарат құралдарының тізгінін ұстауға мүмкіндігі мол азамат екені ақиқат-тұғын.

Ырысхан Мұсаұлы… менің «арқалағаны – алтын, жегені – жантақ» журналистикадағы бас ұстазым. Ырысхан ағамен байланысымыз Семейден Алматыға көшкен соң да, сиректеу  болса да, ешқашан үзілмеді. Мазасыз газет ісі қолын байлаңқырап, баспадан кешірек шыққан шығармалар жинағын «Болат ініме» деп жазып бергені де, ұстазымның «Ағасұлтан» романынан үзіндіні өзім тізгінін ұстаған «Алматы» журналына жариялағаным да, ағамыздың бақилық болғанының бір жылдығына арнап «Абай рухының мұрагері» атты естелігімді республикалық «Абай» журналы мен ұлт газеті «Ана тілінде» жариялағаным да күні кеше секілді. «Семей таңындағы» тәлімгер — бөлім бастықтарым Нариман Оспанов пен Сиязбек Рахимовтың, редактордың орынбасарлары Қабидолла Шотанов пен Ілияс Исахановтың, Шәрпен, Боранбай, Кәкен, Бекмұхан, Ақылбек, Мерғали ағаларымның, сондай-ақ машинистка Тұрсынғайша, Хапиза және Роза, Рымхан апайларымның мейірімі де біздің, сексенінші жылдардағы жас тілшілердің жүректерінде түюлі екені  анық.

«Семей таңын» 17 жыл басқарып, кезінде Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов шығарған «Абай» журналын қайта өмірге әкелген Ырысхан Мұсаұлы 1985 жылы басталған демократия мен жариялылық заманында облыс айнасының сенбілік нөмірлерін оқырманға ұсына отырып, туған газетімізді зор абыройға бөлегені оқырман қауымның есінде. Ал өз басым қатарластарымның қатарынан бірінші етіп насихат бөліміне жетекшілікке тағайындап, кейін Алматы Жоғары партия мектебіне жіберіп, «сырттай оқып, газетке жауапты хатшы болуға» шақырғанын,  экономика бөлімінің меңгерушісі болып жүрген 1991 жылдың наурызында үш үміткердің арасынан таңдап алып, өзіне орынбасарлыққа тағайындағанын әрқашан терең ризашылықпен еске аламын. Ал өзімнің журналист ретінде ұстаз еңбегін қалай ақтағаным сексенінші жылдардағы «Семей таңының», тоқсан бірінші жылғы республикалық «Халық Кеңесінің» беттерінде сайрап жатыр десем, артық айтқаным емес. Сол «Халық Кеңесінде» жүріп, 1991 жылғы бүкілхалықтық тұңғыш президент сайлауында Елбасының ұшағымен Қостанайға барып сайлау науқанына қатысқанымды мақтан етемін.

Осылай сәтімен басталған еңбек жолы республикалық газеттен кейін Алматы қалалық әкімдігінде жалғасып, егемендіктің елең-алаң шағында сол кездегі астанамыздың ішкі саясат саласын он бір жыл басқарғаным, тәуелсіз елімнің жаңа елордасы  Астананың тұсаукесерінде  Алматы қаласының жылжымалы штабына жетекшілік жасағаным, ал  2005 жылғы сайлауда президенттіктен үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының Алматы қалалық бөлімшесінің төрағасы болғаным, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің ректоры Тоқмұхаммед Садықовтың бірінші орынбасары болғаным — жадымдағы жарқын естеліктер.

Қазір менен «қандай наградаларың бар» деп жиі сұрайды, олардың қызығушылығының себептері де сан алуан. Шындығында, бір ғана Астананың тұсаукесері мен он жылдығы үшін алған екі медальдан өзге, Елбасының алғыс хаттары, мерейтойлық бірнеше наградалар аздық ете қоймас. Бірақ мен үшін ең басты награда өзіме сексенінші жылдары «Семей таңының» басшылығы көрсеткен зор сенім мен газет ұжымының үкілі үміті дегенім дұрыс шығар. Ал осыған енді Абайдың «Жидебай – Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің  директоры екенімді қоссам, елордамыз  Астанадан туған Семейіме неге келді деп ешкім айта қоймас. Өз басым күнделікті қызметте хакім Абайдың асыл мұрасына бас шырақшы бола отырып, Ұлы ақынның жіті назарында жүргендей жауапкершілікті сеземін. Абайы бар қазақ асқақ қашанда!

Болат ЖҮНІСБЕКОВ, Абайдың «Жидебай – Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің директоры.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС