"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

УАҚЫТША ТІРКЕУГЕ ТҰРУДЫҢ ТАЛАПТАРЫ МЕН ТӘРТІПТЕРІ

12.01.2017
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан азаматтарын уақытша мекенжайы бойынша тіркеуге алу туралы заң қазір қызу талқыланып, сынға ұшырауда. Осы ретте Семей қаласының ІІБ-да жаңа Заңды жан–жақты түсіндіруге арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды.

Аптаның алғашқы жұмыс күні аталған мәселе бойынша Семей қаласы ІІБ көші-қон полиция бөлімінің инспекторы Ержан Жапанов баспасөз мәслихатын өткізді. Ол елімізде азаматтарды уақытша мекенжайы бойынша тіркеу туралы көші-қон заңдарына енгізілген түзетулер биылғы жылдан бастап күшіне енгенін, ендігі уақытта тіркеудің міндетті талапқа айналғанын атап өтті.

Оның айтуынша, енді тұрғылықты жерінен тысқары жерге бір айдан асатын мерзімге барған әр қазақстандық  Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, мемлекеттік баж салығы ретінде 227 теңге төлеп, уақытша мекенжайы бойынша тіркеуге тұруға тиіс. Бұл талап қонақ үйде тұрып өзге қалада жұмыс істейтін адамдарға да, өзге қаладағы ауруханада жатып ұзақ емделетін адамдарға да қатысты болып отыр. Алғашқыларын қонақ үй орналасқан мекенжай бойынша, ал екіншілерін емделетін орны бойынша тіркейді. Бұл талапты орындамағандарға жеті АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде, яғни 16 мың теңге айыппұл салынады.

— Бүгінгі күні Семей қаласындағы екі Халыққа қызмет көрсету орталығында уақытша тіркеу бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Жаңа Заңда уақытша тіркеуге ерекше көңіл бөлінген. Оған сәйкес, өзге облыстар мен қалалардан келген азаматтар көші-қон полициясына жүгініп, уақытша тіркеуге тұрулары шарт. Бұл терроризмге қарсы күрес шараларын күшейтіп, азаматтардың ел ішінде жүрі-тұруын бақылауға мүмкіндік береді. Заң қабылданған алғашқы екі күннің ішінде Семей қаласы бойынша уақытша және тұрақты тіркеуге 314 адам келді,- дейді инспектор.

Уақытша тіркеуге тұру тәртібі бұрыннан бары белгілі. Бұл жолғы өзгертулер тек мерзімін үш айдан бір айға азайтуға және айыппұлды ұлғайтуға ғана қатысты екен. Шыны керек, бүгінде түзетулердің түсініксіз тұстары қоғамда қызу талқыланып жатыр. Айталық, жаңа Заң бойынша, адамның дәл қай күні келгені қалай анықталатыны түсініксіздеу. Негізі, көші-қон заңдарына енгізілген түзетулер салдарынан тәртіп сақшылары қиналайын деп тұр. Салмақ та соларға түседі. Осыдан-ақ терроризмге қарсы заңды әзірлеу барысында тіркеу туралы тармақтың дұрыс талқыланбағаны көрініп тұр. Әйтпесе қоғамда осынша дау тудырып, халықтың қарсылығына ұшырамас еді.

Айта кетейік, жаңа нормалар — 2016 жылғы желтоқсанның 22-сі күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның бір бөлігі.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС