"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«СЕМЕЙ ТАҢЫ» ЗАЙСАНДЫҚТАРДЫҢ ТӨЛ ГАЗЕТІНЕ АЙНАЛДЫ

17.01.2017
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Облысымызға тарайтын байырғы басылым «Семей таңы» газетінің 95 жылдығына орай, «Семей таңында» еңбек еткен жылдар – өмірімнің бақытты кезеңі» атты мақала жазған едім. Міне, сонау «Сарыарқа» газетінен бастау алатын «Семей таңына» 1917 жылы 100-ге толғалы отыр. Газеттің жанашыры ретінде, сүйікті басылымның ғасырлық мерейтойы қарсаңында үнсіз қалғым келмеді. Сәкен Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу» атты кітабында: «Семейде шыққан «Сарыарқа» газеті Алашорда үкіметінің тілі болды»,- деп жазыпты. Биыл Алашорда үкіметіне де, «Алаш» партиясына да 100 жыл толады.

Семей – қазақтың рухани астанасы. Қазақстанның бүгінгі «Мәңгілік Ел» мұратын өз тұсында саясат пен руханият тұрғысынан тереңдеткен, айшықтаған, алаш арыстары  шоғырланған киелі орда. Осы Семейде шыққан «Сарыарқа» (1917-1919) газетінде «Алаш» партиясының бағдарламасы, қазақ елінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, қазақ жеріне қоныстанған орыс шаруалары мен қазақтар арасындағы қарым-қатынас, құрылтай жиналысы, қазақ елінің мәдениеті, тілі, оқу-ағарту ісі сияқты өзекті мәселелер қамтылды.

Кезінде «Сарыарқа» газетінің  Зайсан өңірінде оқырмандары көп болған секілді. Олай дейтінім — газетке редакторлық еткен алаш ардақтылары Райымжан Мәрсеков пен Халел Ғаббасов  Зайсан өңірінде болып,   Алаш үкіметінің болашағы туралы халықпен қоян-қолтық араласып, татымды да тартымды жұмыс істеген. Ал «Сарыарқадан» кейінгі «Қазақ тілі» газетінің бірінші редакторы болған белгілі журналист, белсенді қоғам қайраткері  Мәннан Тұрғанбаев былай депті: «Зайсан уезінің комиссары болған Халел Ғаббасов уезге қараған қазақтардың арасындағы көп школды мектепке айналдырып қайтты… съездің қаулысы бойынша барлық ауылнай школдарын ұлт мектебіне айналдырып, мұғалімдер алдырып, қазақша оқытылуы керек… өз тілінде кітаптары болмаған жұрт ілгері баспақ емес. Ұлт ісі жалпы ұлттың тырбанып керек қылуымен ілгері басады… біз қатардан қалмауды ойлап тұрған жұрт емеспіз, озып кеткен елді қуып жетеміз деп отырмыз».  («Сарыарқа», №15,  1917 жыл).

1918-1919 жылдары Зайсан уезіне, Зайсан қаласына Райымжан Мәрсеков келеді. Алаштың штабы 1918 жылы Зайсан қаласының саудагер-көпесі Жүніс Татановтың үйіне орналасады. Осы үйде Райымжан Мәрсеков жергілікті байлар мен буржуазияшыл ұлтшылдардың мәслихатын өткізеді. Мәслихаттың шешімі бойынша, “Теңдік заман” ұйымы қайта құрылып, Алаштың зайсандық бөлімі деп аталады. Алашорда үкіметі төрағасы Әлихан Бөкейхановтың 1918 жылғы 25 маусымдағы №2 қатынас құжатында уездердің әр болысынан 30 адамнан армияға алу жөнінде қадап айтылып, нұсқау берілген. Осы құжат негізінде Райымжан Мәрсековтің басшылығымен  Зайсан уезінде Алаштың әскери бөлімі ұйымдастырылады. Алаш әскерін құруға татар-қазақ байлары белсене араласады. Отряд бастығына Ыбырайдың Қасені белгіленеді. Басшы құрамына ауқатты тап өкілдерінің жастары іріктеліп алынады. Ақ патшаның әскери бөлімдерінен  қару-жарақ, қала байларынан азық-түлік, қаражат алынады. Әскери ережелер мен соғыс тактикасын Колчак армиясынан арнайы шақырылған офицерлер үйретті.

Зайсандық Сақари Жабаев: «Ардақты азаматтар! Құрбылар! Көптен қалған жалғыз газетті бұлдап жүріп, жауып алсақ, сүйектен қалмайтын зор таңба болады. Алдын ескеріп, қолдан келгенше жанашырлығымызды көрсетелік, әр ұраға жығылып өлетін бір қара, болмаса қасқыр жейтін тоқтыны аямалық. Алты «Алаштан» мен құралпы мың жігіт 30 сомнан берсе, 30 000  сом болады. Тағы да көзі ашық азаматтар әр жерден жәрдем берем десе, жәрдем жиюды мойныма аламын. Бұл байлықтан емес, ортамыздағы жалғыз газетті жаптырып, біреуге көз сүзуден ұялғандықтан»,- депті («Сарыарқа»,  №84,  25 тамыз, 1919 жыл).

Кешегі «Сарыарқаның» заңды жалғасы «Семей таңы» — қазақ елінің мемлекет құру тәжірибесі мен мемлекетшілдік мүддесін ту еткен, азаттық аңсаған Алаш алыптарының ой-пікірін, үзілмеген арқауын  халыққа жеткізуші басылым. 1998 жылы ҚазКСР оқу-ағарту ісінің үздігі, Зайсан ауданының Құрметті азаматы Жұбайбек Жұмаханұлы ауданға «Семей таңы» газетін алғаш таратып, көптеген үгіт-насихат ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Көптеген беделді қарт адамдар газеттің белсенді оқырманына айналып, таралымы 1200 данадан асты. Содан бері «Семей таңы» зайсандықтардың әр санын асыға күтетін сүйікті газетіне айналды. Көптеген жақсы істердің жаршысы бола білді. Еңбек ардагері К.Матжановтың «Бекмұханбет «указ» молла» атты (№73, 11.09.2012 ж)  өте құнды тарихи мақаласы жарияланды. Бұл мақаланың маңыздылығы бүгінгі ұрпақ үшін өте жоғары. (Бекмұханбет — келешекте зерттелетін өңірдің ірі тұлғасы). Өткен ғасырдағы 40-шы жылдардың басында дүниеге келген, жетпістен асып, сексенге таяған біз секілді ардагерлерді мектептерге, қоғамдық жиындарға жиі шақырады. Өткен уақыттан суыртпақтап сыр тартып сұхбаттасады. Сонау 1960 жылдарден бері баспасөзде мақалаларым шығып, 20-ға таяу кітаптың авторы атансам да, «Семей таңында» тілші болып істеген жылдар менің нағыз журналист болып қалыптасуыма үлкен ықпал еткенін жасырмаймын.

Кітап жазу Құдайдың берген сыйы болса, журналист деген мүлдем бөлек мамандық екенін көп адам түсіне бермейтіні анық. Семей облысы тараған кезде, қаржының жоқтығынан, 1997 жылдың 18 желтоқсаны мен 1998 жылдың 4 ақпаны аралығында газет шықпай қалды.  Риза Асанқызы Алаш арыстарының қолтаңбасы қалған «Семей таңын» қиыннан қиыстырып жол тауып, аяғынан тік тұрғызып, бүгінгі ғасыр тойына жеткізді.

Бір сөзбен айтқанда, «Семей таңы» зайсандықтардың төл газетіне айналды.

Қалибек АЛТЫБАЕВ,

Зайсан ауданының

Құрметті азаматы,

ҚР Журналистер одағының мүшесі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері бірлескен жобаларды іске қосу рәсіміне қатысты

15.11.2025
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері бірлескен жобаларды іске қосу рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев видео байланыс арқылы Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен жобаларын іске қосу рәсіміне қатысты. Тараптар өнеркәсіп, құрылыс,...

Толығырақ...Details

Өзбекстан Президенті екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуде Жоғары мемлекетаралық кеңес маңызды рөл атқаратынын жеткізді

15.11.2025
Өзбекстан Президенті екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуде Жоғары мемлекетаралық кеңес маңызды рөл атқаратынын жеткізді

Өзбекстан Президенті екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуде Жоғары мемлекетаралық кеңес маңызды рөл атқаратынын жеткізді – Біздің қарым-қатынастарымыз стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың жоғары...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамыту мәселесіне айрықша назар аударды

15.11.2025
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысына қатысты

– Қазақстанда мемлекеттік басқарудың тиімділігін және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға және IT технологияларды дамытуға баса мән...

Толығырақ...Details

Президенттің пікірінше, сирек кездесетін металдарды өндіру және өңдеу саласындағы серіктестік перспективті бағыттың бірі саналады

15.11.2025
Президенттің пікірінше, сирек кездесетін металдарды өндіру және өңдеу саласындағы серіктестік перспективті бағыттың бірі саналады

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылатын Жұмыс тобынан барлық аспектіні мұқият зерделеп, өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қоюға қатысты ұсыныс беруді сұрады. Сонымен...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен келіссөз барысында саяси және экономикалық байланыстарды жандандыра түсетін жаңа бағыттар айқындалғанын жеткізді

15.11.2025
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен келіссөз барысында саяси және экономикалық байланыстарды жандандыра түсетін жаңа бағыттар айқындалғанын жеткізді

– Өзара ынтымақтастық әлеуетін толық пайдалануды құптаймыз. Сондықтан осы бағытта табанды еңбек етуге дайын екенімізді айттық. Ең әуелі, сауда-экономика саласына...

Толығырақ...Details

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысына қатысты

15.11.2025
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысына қатысты

Жиынның күн тәртібінде екі елдің сауда-экономика, көлік-транзит, су-энергетика және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы қонақжайлығы үшін Президент Шавкат...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері бірлескен жобаларды іске қосу рәсіміне қатысты

18 часов бұрын

Өзбекстан Президенті екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуде Жоғары мемлекетаралық кеңес маңызды рөл атқаратынын жеткізді

18 часов бұрын

Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамыту мәселесіне айрықша назар аударды

18 часов бұрын

Президенттің пікірінше, сирек кездесетін металдарды өндіру және өңдеу саласындағы серіктестік перспективті бағыттың бірі саналады

18 часов бұрын

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен келіссөз барысында саяси және экономикалық байланыстарды жандандыра түсетін жаңа бағыттар айқындалғанын жеткізді

18 часов бұрын

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысына қатысты

18 часов бұрын

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізді

18 часов бұрын

Алпыс жыл эфирде: «SEMEI» телеарнасы мерейтойын атап өтті

2 дня бұрын

«Бағалы заттарын алып кеткен»: Болат Назарбаевтың туыстарының үйіне ұры түскен хабарланды

2 дня бұрын

Аида Балаева Орталық Азия министрлерінің кездесуінде креативті өнімдердің бірыңғай маркетплейсін құруды ұсынды

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС