"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Алмас АХМЕТБЕКҰЛЫ: КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ, ҚАЗАҚТЫҢ АСҚАҚ БЕДЕЛІ

13.12.2013
Алмас АХМЕТБЕКҰЛЫ: КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ, ҚАЗАҚТЫҢ АСҚАҚ БЕДЕЛІ
71
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Осы жылдың қыркүйек айында Өр Алтайдың төсінде Оралхан Бөкейдің 70 жылдық мерейтойы ел көлемінде өткен елеулі оқиға болып еді. Катонқарағай ауданында қазақтың игі жақсысының басын қосқан дүбірлі дүрмекке Семей қаласынан «Семей таңы» газетінің редакциясы аудан әкімі Дәурен Тілеубаевтың  арнайы шақыртуымен  барып қайтқан болатын. Осы сапарда «Көк тудың желбірегені» әнінің сөзін жазған ақын Алмас Ахметбекұлымен танысып, сұхбаттасудың сәті түскен.

{jcomments on}Қазақ әндерін сүйіп тыңдайтын қауымның жүрегіне жол  тауып, патриоттық рухыңды көтеретін әннің шығу тарихы жайында біліп, әсерлі әннің әлеміне бір сәтке үйіріліп едім. Қайтар жолымыз бір болып, «Бұқтырма» су қоймасында паром тосып тұрғанда да Алмас ағамен пікірлесіп,  бойындағы адами болмысты тани түскендей болдым. Осы кездесуде Алмас Ахметбекұлы Қазақ елінің Тәуелсіздігі жайындағы толқынысын, толғанысын        тебіреніп жеткізіп еді.

 

Хош. Қазақ елінің ұлық мерекесі саналатын Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Алатаудың баурайындағы әсем қала Алматыда тұрып жатқан Алмас   Ахметбекұлымен сұхбаттасып, Тәуелсіздік жайындағы ойына тағы бір терең бойлауды құп көрдім. Күнделікті күйбің тірліктің қауырт шаруасына қарамай телефонмен сұхбат беруге келіскен ақын ағаның ойына оқырман қауымның берер бағасы бар болар. Көз жүгіртіп, көңілге түйері бар болса, бізге мәртебе!

-Алмас Ахметбекұлы, Ассалаумағалейкум! «Семей таңы» газетінен    Ерзат ініңіз. Келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын!   Айтулы мереке қарсаңында өзіңіздің Тәуелсіздік жайындағы ойыңызбен бөліссеңіз?

-Рахмет. «Семей таңы» басылымының тарихы тереңде екендігін бұрыннан білетінмін. Семей — қазақтың игі жақсыларын дүниеге әкелген киелі топырақ,         Тәуелсіздік рухының ең басындағы бастауы ғой. Семей дегенде бізге кешегі тарихтан белгілі Алашорда,  елім деген Алаш көсемдері ең алдымен көз алдыңа келеді. Еліміздің рухани орталығындағы белді һәм беделді басылымнан хабарласып, сұхбат алып  жатқандығына мен де қазақтың азаматы ретінде қуаныштымын!

-Алмас аға, еліміз Егемендік алып, Тәуелсіздіктің туын тіккенде ең    алғаш болып елге оралған азаматсыз. Осының өзі сіздің Тәуелсіздік деген ұғымға бей – жай қарамайтындығыңызды аңғартып тұрғандай…

-Жырақта жүрген қазақтың барлығы да ұзақ жылдар іссапарда жүргендей сезімде болады. Олардың ұрпағына ең асыл аманаты, ең асыл мұраты Отанның азаттығы мен бостандығы. Кер заманның тұсында шекара асып кеткен қай қазақтың баласын алсаңыз да Тәуелсіздік, бостандықты аңсап, туған елді амалсыз тастап, атамекеннен алыс кеткендер. Бірақ, барлығының көкейінде Тәуелсіздіктің үміті мен сәулесі сөнбей кеткендер. Олар осы асыл қасиеттерді сөндірмей ұрпағына тапсырғандар. Сондықтан азаттық деген тек Қазақстанда тұрып жатқандар үшін емес, шетте жүрген қандастарымыз үшін де асқақ арман болған еді.    Біздің ел Кеңес Үкіметінің құрамында бол-ған тұста Қазақ қашан бостандық алады деген сөзді жырақта жүрсек те, алдыңғы толқыннан естіп өстік.

Ал Қазақстан азат болғанда жырақта бір күн де қалмаймыз деп Алтайдың ар жағында жүрген достарымызбен серттесіп, алғашқы азаматтардың бірі болып елге оралдық. Қазақ жерінде өмір сүруден,  еңбек етуден, ой – санамен жұмыс істегеннен артық бақыт жоқ деп ойлаймын. Әрбір қазақ үшін өсіп – өнетін топырақ – қазақтың топырағы. Сондықтан өзіміздің өмірімізді, отбасымызды, балаларымызды, келер ұпақтың қамын Қазақстанның болашағымен байланыстырдық. Байланыстыра береміз де. Қазақстанда қазақ деген ұлт үшін тұрақты, қасиетті байлық ол әлбетте, азаттық пен Отанның тәуелсіздігі. Сондықтан Тә-уелсіздік деген ұғым кез – келген мерекенің басында, бастауында, биігінде тұруы керек. Тіпті, қазақ отбасындағы той да Тәуелсіздіктен басталуы керек. Тәуелсіздік деген – Отандағы ғана емес, шет жүрген қазақ үшін де өте қымбат. Алыстағы ағайындар үшін Отан һәм Тәуелсіздік деген ұғым екі есе қымбат десем, артық айтпағаным.

Қазақстаның Егемендік алған күнінен  бастап керегесін жайысып, уығын шаншып, осы елде өмір сүргенімізге, осы елде      қызмет еткенімізге кеудемді мақтаныш сезімі кернейді.

-Алмас аға, Орағаның 70 жылдық мерейтойында «Көк тудың желбірегін» әнінің сөзінің шығу тарихын сұрап едім. «Қор- ғас»  бекетінен өткенде Көк тудың жел-бірегенін көріп, «Кеңсірігім ашып, жүрегім тебіреніп, көзімнен жас шығып кетті» деп едіңіз. Әлбетте, бұл ата – баба аңсаған Тә-уелсіздікке деген сағыныш болар?

— Сен екеуміз сияқты, бар қазаққа

бақ беріп,

Қанша ғасыр аңсаған, атаулы

бір сәт келіп.

Сені құштық құлшынып,

азат Отан, жас Отан,

Жастық шақта маңдайға, Тәуелсіздік тап келіп,

— деп бір өлеңімде Тәуелсіздікке деген сағынышымды жеткізіп едім. Сол Тә-уелсіздіктің маңдайға жазылғанына керемет қуандық. Ел болып ес жиған сәтте, Тә-уелсіздіктің бесінші айында еліміздің мемлекеттік нышандары қабылданды. Ол сәтте біз әлі де Отанға орала қойған жоқ едік.   М.Әуезов атындағы академиялық театрда Рәміздерді қабылдау рәсімі тікелей эфирден болды. Елбасымыз Көк Туды тізерлеп келіп сүйіп, бетіне басқанда жүзінен кереметтей толқынысты көрдім. Осы сәтте жиналған бәріміз де толқып, тебіреніп кеттік. Көк ту туралы алғашқы тебіреніс осы сәттен  басталды. Араға 8-9 ай салып елге келе жатқанда «Қорғас» бекетінен өткенде Көк Тудың желбірегенін көрдім. Көзіме жас толды, кеңсірігім ашыды, көкірегімде өлең жолдары үйіріле берді. Міне, осылайша «Көк тудың желбірегіні» әнінің сөзі өмірге келді. Шүкір. Патриоттық рухыңды көтеріп, қазаққа қызмет етіп жатқандығына қуанамын. Әлбетте, бұл ән де Тәуелсіздікке    деген сағыныштан жұдырықтай жүректі жарып шыққан туынды. Сөзі халыққа жетті, өңдеуі ұлттық бояумен нақышталды.

-Аға, сіздің ұрпақ, сіздің отбасыңыз Егемен елде өмір сүріп жатыр, бақытты шығарсыз?

-«Алла жалғыз. Алладан басқа Тәңір жоқ» дейміз. Дәл сол сияқты «Қазақ бір. Қазақстан жалғыз. Қазақстаннан басқа Отан жоқ». Менің ең үлкен қасиет тұтатын биігім де, сезінетінім де қазақ деген халық, Қазақстан деген — Отан! Біздің әулеттің, ағайынды сегіз отбасының, жеке менің отбасымның барлығы да өздерін патриоттық рухта сезінеді. Менің отбасымның барлық мүшелері музыкант. Үлкен қызым Зере Қазақстан ұлттық арнасында дыбыс режиссері. Одан кейінгі егіз қыздарым Зіңқар мен Зүрият та өнерлі. Өткен жылы Ұлттық арна жариялаған «Егіздер» жобасында бас бәйгені жеңіп алды. Екеуі де халықаралық деңгейдегі конкурстардың жеңімпазы, лауреаты, жүлдегер атанды. Италия, Германия, Түркия,  АҚШ – та өз өнерлерін көрсетіп жүр. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының соңғы курсында оқып, білім алып жатыр. Кенже ұлым математикаға жақын. Ақырындап өлең де жазып жүр екен. Кейіннен байқадым. Бәрінің де рухы биік, еліне деген сүйіспеншілігі басым, ойлы азаматтар болып өсіп келе жатыр. Шаңырақтың отанасы Жеңісгүл Нығметқызы. Текті ұрпақтың қызы. Әсіресе, нағашы атасы Мырзасадық Құрманғожаұлы  Алаш қайраткерлерінің қатарында болған азамат.

Жеңісгүл Нығметқызы екеуміз Алланың берген үш қыз, бір ұлын тәрбиелеп келеміз. Екі немеренің атасымын. Бұйыртса, үшінші немереміз болады деп күтудеміз. Ұрпақтың қуанышын, қызығын көріп отырғанымызға мың да бір шүкіршілік деймін.

-Алмас Ахметбекұлы, сұхбатыңызға рахмет! Отбасыңыз аман болсын!

Сұхбаттасқан

Ерзат ЖАНАТҰЛЫ.

Ұқсас жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

08.11.2026
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. Қазақстанда отбасының...

Толығырақ...Details

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

08.11.2026
Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына құқықтық негіз қалайды. Бұл құқық демократиялық...

Толығырақ...Details

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

17 часов бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

19 часов бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

3 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

3 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

3 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

4 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

4 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

4 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

4 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС