"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛАДАҒЫ ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПТЫ

14.02.2014
ҚАЛАДАҒЫ ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПТЫ
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Осы аптаның басты жаңалығына айналған доллардың қымбаттап, теңгенің девальвацияға ұшырауы халықты алаң—датқаны анық. Үкімет бұл экономикалық амал—тәсіл отандық өндірушілерді қолдау мақсатында жасалды дегенімен, жалақыға қарап отырған, табысы орташадан сәл жоғары қарапайым жұрттың қалтасы қағылатынын жасыруға болмайды. Себебі, девальвация деген құбылыстың тауарлар мен өнімдердің және қызметтердің бағасын аспанға көтеретін қуаты бар. Сондықтан жұртшылықтың осы жолғы теңге құнының төмендеуі жаппай қымбаттауға әкеп соқпай ма деп қауіптенуі де бекер емес. Қарапайым халықты, оқырмандарымызды алаңдататын мәселелер ешқашан редакциямыздың назарынан тыс қалған емес. Бұл жолы да девальвацияға байланысты туындаған көп сауалдың жауабын білу үшін сауда орталықтарын, дүкендерді, жанар—жағар май станциялары мен базарларды аралап қайтқан едік.

Сонымен қатар, қала әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссияның баға өсімінің алдын алу бойынша атқарған шаруалары мен алдағы жұмыс жоспары сөз болған отырысқа қатыстық.

Қаржы саласында титтей жаңалық не өзгеріс орын алса, оның  тауарлардың құнына әсері болмас па екен дейтініміз рас. Осы жолы да сондай сұрақ туындады. Әсіресе, күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасы көтеріліп  кетеді ме деп жұрт қауіптенетіні рас. Осы сауалдың жауабын білу үшін қаламыздағы сауда нүктелерін, базарларды аралап көрдік. Қолымыз жеткен мәліметтерді келтірсек, орташа есеппен алғанда нанның бағасы бұрынғы деңгейде 50-70 теңге көлемінде сақталып тұр, сүт өнімдері 190-240 теңгеге саудалануда. Сонымен қатар, сәбіз бен қырыққабаттың бір келісі 50 теңгеге, қызанақ  550, кейбір жерлерде 650, пияз 70, картоп 65-70, күріш 180-200, жоғары сұрыпты ұнның келісі 80 теңгеден сатылып жатыр. Еттің құны да бұрынғыша, орташа есеппен алғанда 1100-1300 теңге. Алайда, сырттан импортталатын ет өнімдерінің басым бөлігі 15-20 пайызға қымбаттап отыр. Айталық, Ресейден әкелінетін «Таллинская», «Одесская» секілді шұжық түрлерінің көтерме бағасы бұрын 700 теңге болса, қазір девальвациядан кейін  900 теңгеге жеткен. Осылайша,  аралай жүріп, тұтынушылар ең көп алатын азық-түлік өнімдері мен көкөністердің бағасының әзірге өспегенін білдік.  Бұл жердегі «әзірге» сөзінің астын сызып қоюға болатын сияқты. Себебі, азық-түлік саудасымен айналысатын кәсіпкерлердің сөздері девальвацияға дейінгі ескі бағамен алынған өнімдердің көлемі ұзаққа жетпейді, жаңадан келген тауарлардың бұрынғыдан жоғары бағамен саудалануы мүмкін дегенге саяды. Бұл жерде қанттың қымбаттауының ықтималдығы жоғары екенін айта кеткен жөн. Оның себебі, отандық өндірушілер шикізат ретінде пайдаланатын қант құрағы шетелден алынады, әрі бағасы халықаралық қор биржасындағы сұраныс пен валюта бағамына тікелей тәуелді.

Құны девальвация жасалған күні-ақ өсіп кеткен тауар түрі — жеміс-жидектер. Себебі, олардың түгелі дерлік шетелдерден және еліміздің басқа өңірлерінен тасымалданады. Жалпы алғанда кәсіпкерлердің айтуынша,  жеміс-жидектердің көтерме бағасының өзі 25-30 пайызға өскен. Бір ғана мысал – Ресейден әкелінетін бананның бір шоғырының  құны бұрын 400 теңге болса, ақпанның 11-і күнінен бастап 500 теңгеге дейін жеткен көрінеді.

 

{jcomments on}– Әлбетте, сөремізге девальвацияға дейін келіп түскен өнімдерді ескі бағамен сатамыз, ал жаңа түсімнің тауарын қымбаттатып       сатуға мәжбүрміз,- дейді Төлеген Бөлекбаев есімді кәсіпкер.

 

Халық үшін азық-түліктен кейінгі маңызды мәселе — дәрі-дәрмектің бағасының тұрақтылығы. Бұл орайда да әзірге қымбаттаудың болмағанын айта кеткен дұрыс. Дәріханалардағы фармацевтикалық өнімдер бұрынғы бағамен сатылып жатыр. Ендігі жағдайдың қалай болары тасымалдаушылар мен өндірушілердің    тағайындаған бағасына байланысты.

Бұдан кейінгі сұрақ, әрине жанар-жағар майдың бағасына қатысты. Үкіметтің шұғыл отырысында премьер-министр Серік Ахметов бензин құнының шарықтап кетпеуін қадағалауды тапсырған болатын. Жанармай бағасын өздігінен өсіріп жібергендердің лицензиясы қайтарып алынатыны да қатаң ескертілді. Осының әсері ме, қаладағы станциялар бензин мен   дизельді отын түрлерінің  бағасын бұрынғы қалпында ұстап тұр.

Аталмыш мәселелер қала әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссияның баспасөз отырысында да сөз болды. Жиынға қала әкімінің орынбасары Жағыпарбек Елубаев, кәсіпкерлік бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Юсупов пен ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Әнуарбек Сүйчинов, “Шығыс самғау” ЖШС бас директорының орынбасары Талғат Мұратов қатысты. Жиын барысында Жағыпарбек Елубаев нарықтағы бағаның өсімі үкімет пен жергілікті биліктің ерекше бақылауында екенін жеткізді. Нақтысын айтқанда, қала басшылығы дүкендердегі, дәріханалар мен жанармай станцияларындағы бағаны қатаң қадағалап отыр. Сондай-ақ, Жағыпарбек Елу-баев баға өсімінің алдын алу мақсатында құрамына әкімшіліктің тиісті бөлімдері мен құқық қорғау органдарының өкілдері енген арнайы жұмыс  тобының құрылғанын айтты.

Отырыстың негізгі тақырыбына келетін болсақ, қала әкімінің орынбасары бүгінде басты назар азық-түліктің ең қажетті түрлері саналатын нан, сүт, ет пен көкөніс бағасының өспеуіне аударылып отырғанын айтты. Соның ішінде Жағыпарбек Елубаев тұрақтандыру қорында 2 мың тонна картоп, 440 тонна сәбіз, 650 тонна қырыққабат, 300 тонна пияз бен 120 тонна қызылша бар екенін жеткізді. Азық-түліктің осы көлемі көктемге дейін жетуге тиіс. Дегенмен, қазір тұрақтандыру қорына қосымша өнімдер сатып алуға қаражат қарастырылып жатыр,- деді қала әкімінің орынбасары. Сондай-ақ, жиын барысында үш жыл бұрын ірі сауда орындарымен қол қойылған 189 ұзақмерзімді меморандумның шарттарына сәйкес әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасының өсімі 10 пайыздан аспайтынын жеткізді. Жалпы алғанда тұрақтандыру қорының өнімдері қала бойынша 40 сауда нүктесінде сатылатыны айтылды. Бір айта кетерлігі, әкімшілік тарапынан бұл тауарлардың бағасының арзандығы ғана емес сапасы да қатаң бақылауға алынады. Сондай-ақ, Жағыпарбек Елубаев нан бағасының егін орағына дейін бір қалыпты болуы үшін жасалып жатқан шаралар жайлы айтып өтті.

-Бұл мақсатта біз көптеген іс атқарудамыз. Қолымыздағы ұн қоры күзгі уақытқа дейін жетеді деп сенеміз. Ұн өзімізде өндірілетін болғандықтан бұл мәселені шешу қиын болмайды. Сүт өнімдері туралы да осылай айтуға болады,-деді қала әкімінің орынбасары.

Ет құнының қымбаттауын алдын алу туралы айтылғанда, «Шығыс самғау» ЖШС бас директорының орынбасары Талғат Мұратов тұрақтандыру қоры қажет болған жағдайда халыққа бағасы қолжетімді ет сатуға дайын екенін жеткізді.

— Бағаны негізсіз көтергендерге қатаң шаралар қолданылатын болады. Тіпті лицензияларын қайтарып алуға дейін, — деді Жағыпарбек Елубаев. Дей тұрғанмен, кейбір отандық өндірушілердің тауарларының бағасы өсіп кеткенін айта кеткен жөн. Мысалы, іргемізде тұрған Павлодар облысындағы «Рубиком» фирмасының шұжықтары 5-10 пайызға қымбаттап отыр. Қала әкімінің орынбасары осындай фактілердің бар екенін айта келе, өнім бағасын өсірген кәсіпорындармен тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Сондай-ақ, жиын барысында тұрмыстық техниканың қымбаттауы жайлы сөз қозғалды. Еселеп болмаса да, басқа тауарларға қарағанда құны едәуір өскені белгілі. Атқарушы билік бақылауға алғанымен, тұрмыстық техниканың көпшілігі шетелден әкелінетіндіктен бағасын ретке келтіру қиын болып тұр. Жанармай бағасы туралы сөз болғанда Жағыпарбек Елубаев, бұл тұрғыда 1,5 айдың ішінде өзгеріс болмайтынын, және одан кейінгі бағаның өсетін-өспейтіні үкіметтің шешіміне байланысты екенін жеткізді.

— Дәріханалардағы жағдайды, фармацевтикалық өнімдер бағасының күрт өсіп кетпеуін қадағалау денсаулық сақтау басқармасына тапсырылған. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті, алаңдауға еш негіз жоқ. Қымбаттаған жағдайда баға өсіміне жол берген кәсіпкерлермен тікелей жұмыс істейтін боламыз,- деді Жағыпарбек Елубаев.

Қаладағы ақша айырбастау пункттерінің жұмысы да қалыпты жүріп жатыр. «Біз өткізген мониторинг долларды сатып алу мен сату бағасының айырмашылығы Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов ескерткендей, 2 теңгеден аспайтынын көрсетті.  Бәріне ортақ тәртіпті бұзып, қанағатсыздық танытқандар лицензиясынан айрылуы мүмкін,- деді арнайы комиссия төрағасы.

Кәсіпкерлік бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Юсупов девальвация ішкі нарықта ғана жұмыс істейтін кәсіпкерлерге кері әсерін тигізбейтінін айтты. Сондай-ақ, ол өз өнімдерін экспортқа шығаратын кәсіпорындардың жағдайы жақсара түседі деген пікір білдірді.

Жиын соңында қала әкімінің орынбасары  Жағыпарбек Елубаев тауар мен қызмет түрлерін негізсіз қымбаттатып жібергендерге қатаң шара қолданылатынын тағы бір мәрте ескертті. Азық-түлік бағасының негізсіз қымбаттаған  фактілерін байқаған азаматтар 52-22-56 сенім телефонына хабарласуына болады.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

3 часа бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

3 часа бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

11 часов бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС