ЕліміздіңҰлы мерекесі — Тәуелсіздік күні қарсаңында Даниал Кенжетайұлы Ахметовпен аймақтың бүгінгі даму қарқыны мен болашаққа межеленген жоспарлар жайлы сұхбаттасқан болатынбыз. Сұхбат баспаға дайындалып жатқанда, Астанадан Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің Мемлекет басшысының Жарлығымен «Отан» орденімен марапатталғаны жайлы жағымды жаңалық келіп жетті. Оқырмандарға түсінікті болу үшін айта кетейік, 1993 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен белгіленген «Отан» ордені — экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, демократия мен әлеуметтік прогресті дамытуға ерекше еңбегі сіңген азаматтарға берілетін еліміздегі жоғары марапат. «Семей таңы» және «Вести Семей» газеттерініңұжымы Даниал КЕНЖЕТАЙҰЛЫН осы үлкен марапатымен құттықтап, тәуелсіз қазақ елініңөркендеуі жолында атқарып жатқан жұмыстарына табыс тілейді!
— Даниал Кенжетайұлы, жыл аяқталуға да санаулы уақыт қалды. Әңгімені өтіп бара жатқан жыл қорытындысына аймақ басшысының көңілі тола ма деген сауалдан бастағым келіп тұр.
— Өтіп бара жатқан жылға көңіл тола ма деген сауалға жауап бергенде, аймақтағы жетістіктермен шектелген дұрыс болмас. 2017 жыл еліміз үшін айтулы оқиғаларға толы болды. Биылғы жылы Қазақстан бүкіл әлем назарын өзіне аударды. Елордада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі болып өтті. Бұл шараны өткізуге ынталы елдер көп болатын. «ЭКСПО – 2017» көрмесінің бізде өтуі еліміздің тағдырына бұйырған бақыт, жас мемлекеттің абыройын барша әлемге паш еткен оқиға деп есептеймін. Сондай-ақ биыл мемлекеттік рәміздерге 25 жыл, тәуелсіз қазақ елінің жаңа Астанасына 20 жыл, Алашорда үкіметініңқұрылғанына 100 жыл толды. Биылғы жылы Қазақстан аймақтық және халықаралық деңгейдегі іс-шаралардың бел ортасында болды. Еліміз БҰҰҚауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелері құрамына енді.
Ал енді аймағымызға келер болсақ, ағымдағы жылы әлеуметтік тұрғыда да, экономикалық салада да алға жылжу көп. Бұл орайда өнеркәсіп өнімдерін өндіруде, ауыл шаруашылығы, тауар айналымында жақсы динамика байқалды. Облысымызда 102%-дықөсіммен 270 мың шаршы метр тұрғын үйлер қолданысқа берілді.
Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі, мыс кенін өндіру, тас көмір өндірісі ұлғайды. «Азия Авто» АҚ-ның автокөліктерін өндіру көлемі 4 есе өсті.
Негізгі капиталға инвестиция тарту көлемі ақшалай есептегенде көбейді. Нақты сектордың тұрақты өсімі мемлекетке түсетін кірістіңұлғаюына септігін тигізді. Жағымды үрдіс кәсіпкерлік саласында да сақталды. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны артты.
Экономиканың нақты секторының оң динамикасы әлеуметтік салаға да жағымды әсер етті. Тұрғындардың ақшалай табысы, орташа айлық еңбекақы көбейді. Жұмыссыздық деңгейі 4,8%-дан жоғарылаған жоқ.
Әлемдегі геосаяси ахуал көптеген мемлекеттерге салқынын тигізіп жатқанын байқап отырсыздар. Ал біздің еліміздегі ең басты құндылық тыныштық пен тұрақтылықтың сақталуы деп білемін.
— Шығыс Қазақстан облысында Сіздің басшылығыңызбен атқарылып жатқан Мәңгілік Ел болу жолындағы мақсатты істер жетерлік. Әсіресе шалғайдағы елді мекендердің жағдайына көп көңіл бөлетініңізді байқаймыз. Тауарлы-сүт фермаларын көбейту арқылы халықты табиғи азық-түлікпен қамтамасыз ету, ауыз су мәселесін шешу сияқты игілікті істер өзіңіз басшылыққа келгелі белсенді жүргізіліп жатыр. Сол істердің арасында ең дұрыс жолға қойылғаны деп өзіңіз нені ерекше атар едіңіз?
— Қандай істі қолға алсақ та, ол ең бірінші халықтың, аймақ тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға, экономикамызды дамытуға бағытталып отыр. Бұл ретте экономикалықөсімнің драйвері ретінде ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын айтқан жөн болар.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа Жолдауында отбасылық кәсіпкерлікті дамыту қажеттігін айтып, атқарушы билікке нақты тапсырма бергені естеріңізде болар. Біз осы тапсырманы орындау барысында аймағымыздағы табиғаттың ерекшеліктері мен жергілікті халықтың бейімделген кәсіп түрін ескере отырып, тұтынуға қажетті тауарды өндіруге баса мән бере бастадық. ШҚО-да ірі қара шаруашылығын жекеніңқолындағы мал есебінен дамытуға басымдық беріп келеміз. Кооперативтендіру жұмыстары да белсенді жүргізіле бастады. Нәтижесінде жоспарланған 15700 құрылымның орнына 16 040 шаруашылық нысан біріктірілді. Олардың негізінде 44 қанатқақты кооперативтер құрылып, олардың 32-сі сүт бағытындағы, 12-сі ет бағытындағы жұмысқа жұмылдырылды. Қажетті құралдармен жабдықтауға 3,1 млрд. теңге қаржы жұмсалды. Оның басым бөлігі «Аграрлық несиелік корпорация» мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы бөлінді.
Облыстағы 54 тауарлы-сүт фермасында 17400 бас сиыр сауылады да, шикізат өңдеуші кәсіпорындарға өткізіледі (жылдық жоспар — 68 мың тонна). Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сүт өндіру көлемі артты. Қабылдау бекеттерінде халықтан жиналған сүт көлемі де өткен жылдағыдан 2,5 есе көп болды. Сүт өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесі де көбейді. Жалпы, Шығыс Қазақстан республика бойынша сүт өндірісінен үздіктер сапында тұр.
Агроөнеркәсіп кешеніне салынған инвестицияның жалпы көлемі 30 млрд. теңгені құрап, өткен жылдан 600 млн. теңгеге артық орындалды. Оның 12,2 млрд. теңгесі — негізгі капитал, ал қалғаны — субсидиялар.
Салада 9,4 млрд. теңгенің 56 инвестициялық жобасы жүзеге асуда. Экспорттық әлеуетті көтеру бағытында екі бірдей ет комбинатын салу жобасын қолға алу жоспарланып отыр, оның ішінде Аягөз ауданында — «Евразия Холдингі» ЖШС, Семей қаласында — «Агропортал» ЖШС.
Семей өңірінде екі сүт-тауарлы фермасы — «Көпежан» ФҚ пен «Нұр» ШҚ-да «200 бас сиырға арналған СТФ реконструкциялау» жобалары іске асырылуда. «Көпежан» фермерлік қожалығы дайындаған жоба нәтижесінде 2016 жылдың 14 қазанында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалы қаражаты есебінен 49,0 млн. теңге көлемінде, 200 мүйізді ірі қара басына арналған СТФ пайдалануға беріліп, сүт жабдығы мен техникасы сатылып алынды, Зырян ауданының «Средигорненский» шаруашылығы тарапынан 94 бас асыл тұқымды симментал құнажындары сатылып алынды.
«Нұр» ШҚ «КазАгроҚаржы» АҚ филиалыныңқаражаты есебінен 228,9 млн. теңге көлеміндегі жобаны іске асыруда. Қожалық бірнеше жыл бұрын лизинг әдісімен көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге арналған техникалар сатып алған болатын. Ал өткен жылы өз қаражаты есебінен 9,5 млн. теңге сомасына алғашқы 100 бас сиырға арналған СТФ үй-жайын жабдықтау жұмысын аяқтады. «КазАгроҚаржы» АҚ филиалы тарапынан аталған қожалыққа 20 млн. теңге көлемінде несие беру жобасы мақұлданды. Ресейдің Новосібір облысының «Партнер» ЖШБ қаржылай қаражат түскеннен кейін, шартқа сәйкес, таяу уақытта жабдықты жеткізу жұмысы басталады. Ал «Нұр» ШҚ бойынша 100 бас сиырға арналған сүт-тауарлы фермасын пайдалануға беру мерзімі 2018 жылдың 1-ші тоқсанына жоспарланған. Жобаны іске асыруды аяқтау алдағы жылдың 4-ші тоқсанына белгіленіп отыр. Сүт-тауарлы фермалары тарапынан қыстамаға шөп, сүрлем жеткілікті дайындалды.
— Даниал Кенжетайұлы, облысымызға әкім болып тағайындалған алғашқы күні-ақ «Семейге айына бір рет келіп тұрамын» дегеніңіз есімізде. Семейге ай сайын емес, апта сайын келіп, қалаға ерекше көңіл бөлетініңізді байқап жүрміз. 2014 жылдары Семей қаласының жеке табыс салығының 13 пайыз кірісі облыстық бюджетке алынып, біраз қиындықтар тудырғаны да есімізде. Сіз басшылыққа келгелі, жергілікті салық толығымен қаланыңөзінде қалдырылатын болды… Семейде биыл ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмеген көшелер жөнделді. Жаңа ғимараттар салынып, облыс пен республикадан бөлінетін қаржы көлемі көбейтілді. Бүгін қаланың екінші тынысы ашылды деп айтуға болады. Алдағы жылы семейліктерді немен қуантасыз?
— Семей — ұлылар мекені. Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды халқымыздың текті ұлдары өсіп-өнген топырақ. Ендеше, қазақтың рухани — мәдени астанасына біз жай ғана құрметпен қарап қоймаймыз, өсіп-өркендеуіне, уақыт көшінен қалмай дамуына қолдан келген барлық жағдайды жасаймыз.
Семейдің даму жоспарын жасау кезінде таяу үш жыл ішінде қаржыландырудың барлық көздерінен 113 млрд. теңге жұмсау межеленсе, бұл орайда ағымдағы жылдыңөзінде бірқатар жұмыстар атқарылды да.
Әсіресе білім саласында жақсы жаңалықтар көп. Бобровка кентінде 600 оқушыға арналған, Ұшақтар шағын ауданында 1200 орындық мектеп пайдалануға берілсе, Степной кентінде 300 орындық мектеп құрылысын салуға арналған жобалау-сметалыққұжаттама әзірленіп жатыр.
Биылғы жылы қала жолдарын жөндеу үшін 1,2 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Семейдің 8 орталық көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 929 млн. теңге; күрделі жөндеуге 65 млн. теңге; ағымдағы жөндеуге 206 млн. теңге бағытталды. Жалпы алғанда, қала көшелерінің 23 шақырым жолдары жөнделді.
Сондай-ақ Семейдің орталық бөлігін, Ертіс өзені жағалауын көркейту және каскадты субұрқақты реконструкциялау бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Вокзал маңындағы алаң, М.Әуезов атындағы алаң, «Семей қаласына 250 жыл» деп аталатын стелла, Невзоровтар атындағы музей алдындағы саябақ, Революция және азамат соғысы қаһармандары құрметіне арналған мемориалды (Еске алу саябағын) көркейту жұмыстары жүргізілуде. Балаларға арналған ойын алаңдары орнатылуда. Бұл мақсатқа 1 млрд. теңгеден астам қаражат бағытталған, немесе 2015 жылмен салыстырғанда 3 есе көп.
Жалпы құны 10 млрд. 197 млн. теңгені құрайтын Семей қаласыныңұшу-қону жолағын, жермен жүру жолдарын және әуежай вокзалын жөндеу, қауіпсіздік жанама жолақтарын және жарық белгілері құрылғыларын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында Комсомол, Ақсай және Ұшақтар тұрғын аудандарында 33 млн. 150 мың теңге көлемінде су және электрмен қамтудың магистралды және кварталішілік желілерін құруға жобалау-сметалыққұжаттамалар әзірленуде. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жоғары тұрған бюджеттерден жыл сайын қаражаттардың бөлінуі мүмкін болған жағдайда, жобаларды 2018-2021 жылдар аралығында іске асыру қарастырылады.
Ағымдағы жылы қалада барлыққаржыландыру көздері есебінен тұрғын үйлер іске қосылды. Атап айтқанда, 120 орынға арналған Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатын корпусы, Мелькомбинат, 1 г көшесіндегі, Жас Алаш көшесіндегі, Иртышская — Победа көшесіндегі тұрғын үйлер, Мұздыбай ауылындағы 10 жер бар. Пайдалануға берілген жеке тұрғын үй құрылысы 14,2 мың шаршы метр көлемінде болды.
Жаңа Қарағайлы шағын ауданында жалпы аумағы 36,4 мың шаршы метрді құрайтын 6 тұрғын үй құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жалпы көлемі 37,7 мың шаршы метр 8 көп қабатты тұрғын үй құрылысын бастау үшін облигациялыққарыздардыңқаражаты есебінен 1 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.
Семейдегі бұл жаңа аудан инженерлік желілермен (жылу, су құбыры, электр, телекоммуникация желілері) толыққамтамасыз етілген. Қарағайлы шағын ауданының жолдарын салу үшін жобалау-сметалыққұжаттаманы әзірлеуге конкурс жариялау жұмысы жоспарлануда.
Бюджеттік қаражаттар есебінен жеке тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік коммуникацияларды тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Комсомол кентінде 77 тұрғын үйге электр желілері тартылды.
Степной, Жас Алаш кенттерінде 180 тұрғын үйге және Ақсай кентінде магистралдық электрлік желілерді салу жұмыстары аяқталуға таяу. Контрольный кентінің халқы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз етілді. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жұмысқа 2,6 млрд.теңге қаражат қарастырылып отыр. Затонның су тоғанын, Қайнар ауылындағы су құбыры желілерін, Шүлбі кентінің су тарту жүйесін жөндеу, Новобаженово ауылында су құбырын және Ұшақтар кентінде кәріздік коллекторды құру жұмыстары басталды.
ЖЭО-1, АҚ-1 кеңейту және жөндеу жобаларын қаржыландыру ісі бойынша қолға алынған мәселе де өз шешімін тапты. Келесі жылы жоғары тұрған бюджеттерден 1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлу жұмысы да қарастырылып отыр.
Ертіс өзені арқылы кәріздік дюкерді және су құбыры желілерін реконструкциялау бойынша 4 жобаны іске асыру республикалық бюджеттік комиссия тарапынан қолдау тапты.
ЕҚҚБ-мен серіктестік шеңберінде ағымдағы жылы «Көшені жарықтандыру жүйелерін жаңарту» жобасы бойынша 1 млрд. 900 млн. теңге көлемінде несиелік келісім жасалынды. Бұл 7 296 көше шамдарын энергия үнемдеуші жарықтарға ауыстыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ағымдағы жылдыңқазан айында «Қоғамдық көлікті жаңарту» жобасы бойынша 4,5 млрд. теңге көлемінде несиелік келісімге қол қою жоспарлануда. Жоба 85 жаңа автобус сатып алуға мүмкіндік береді.
Семейде келер жылы 5000 орындық «Абай — Арена» атты қазіргі заман талабына сай мәдени-спорттық кешен салу жұмысы жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарын бастауға облыстық бюджеттен бастапқы қаражат бөлінді. Бүгінгі күні ТЭН және жобалау-сметалыққұжаттама әзірленіп, қараша айында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізетін мердігерлерге арналған конкурс жарияланды. Конкурс нәтижесі таяу уақытта белгілі болады.
Байқап отырған боларсыздар, атқарылған іс аз емес. Ал алдағы жоспар тіпті ауқымды. Семейдің заман талабына сай болуы қашанда назарымызда. Бұл орайдағы жұмыс тоқтамайды. Таяу үш жылдағы Семей көшелері жөнделген, әлеуметтік нысандары талапқа сай, білім беру және денсаулық сақтау жүйесі халыққа ғылымның жаңа жетістіктерімен қызмет көрсете алатын қала болады деп ойлаймын. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру жұмысы алдағы жылдары жалғаса береді.
— Өзіңіз басшылыққа келгелі Қазақстанның шығысы индустриялы-инновациялық жобалар орталығына, жаңалықтардың жанды қозғалысы мекеніне айналып кеткендей…
— Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан — қоғам дамуының барлық саласында оңөзгерістерге бағыт алып, экономикасы, білім мен мәдениеті күн өткен сайын нығайып келе жатқан еңселі ел.
Біздің Шығыс Қазақстан бүгінгі таңда интеграциялық, инновациялық жобаларды жүйелі түрде іске асыру арқылы дамудың даңғылына қарышты қадам басуда. Елбасы өз Жолдауында: «Біздің мақсатымыз – жаһандық технологиялық төңкерістің бөлшегіне айналу»,- дей келе, Үкіметке болашағы зор ұлттық кластерлер қалыптастыруды тапсырды. Осы тапсырмаға орай аймағымызда индустриалды-инновациялық бағдарламалар бойынша көптеген жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Жолдау аясында инфрақұрылымды дамыту мен әлеуметтік салаға жеке және бюджеттен тыс инвестициялар тарту жұмыстарыныңқарқыны белсенді. Еуропа қайта құру және даму банкінің пакетінде 229,5 млрд. теңгенің 93 жобасы жатыр.
Ағымдағы жылы кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша жалпы құны 381,4 млрд. теңге болатын, 1,8 мың жұмыс орнымен 6 жоба іске асырылды. Оның ішінде әлемдік деңгейдегі ірі тау-кен байыту комбинаттарының бірі саналатын Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты құрылысы, «Өскемен арматура зауыты» АҚ-ныңөндірісін жаңғырту, «Қазэлектромаш» ЖШС-ніңқондырғылар паркін жаңалау, Зайсан ауданындағы «Нұр» шаруа қожалығындағы шағын ет комбинаты, Өскеменде «ТАГ-ТИН» ЖШС (тәулігіне 200 тонна өнімділігімен жаңа жабдықтарды енгізе отырып майлы дақылдарды (қабыл, күнбағыс) қайта өңдеу зауытыныңқұрылысы) және Глубокое ауданында «Алтай Кен-Байыту» ЖШС кенді қайта өңдеу көлемін және алтын шығару фабрикасында өнім шығару көлемін ұлғайту жұмысына бағытталған.
Облыстық кәсіпкерлікті қолдау картасында тіркелген жалпы құны 932,6 млрд. теңге тұратын, 16,8 мың тұрақты жұмыс орны бар 71 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. 2010 жылдан 2016 жылға дейінгі аралықта және ағымдағы жылдың 11 айында жалпы құны 589,2 млрд. тг. құрайтын 7,5 мың тұрақты жұмыс орнымен 43 жоба іске қосылды.
Аталған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында Семей қаласы бойынша 2010-2017 жылдар аралығында Өңірлік карта аясында жалпы құны 9 млрд. теңге тұратын 7 жоба іске асырылды (бұл облыс бойынша атқарылған 43 жобаның жалпы көлемінің 16,3%), 600-ден астам қосымша жұмыс орындары ашылды.
Бағдарламаның бірінші бесжылдығында жалпы көлемі 4,9 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылды. 2015-2019 жылдарға жалпы көлемі 4,6 млрд. теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба енгізілді, бұл жобалар есебінен қосымша 265 жұмыс орны ашылмақ.
2018-2019 жылдарға арналған инвестициялық жобалардыңқатарында «ет өнімін қайта өңдейтін комбинат құрылысын» іске асыру жоспарланып отыр.
Инвестиция игілігі деген осындай жобалардың сәтті жүзеге асуы деп ойлаймын.
— Даниал Кенжетайұлы, облысымыздың шалғайдағы аудандарында инвесторлар тарту ісі қандай деңгейде? Бұл бағытта жергілікті билік органдары тарапынан қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?
— Өзіңіз де білесіз, Елбасы Жолдауында инфрақұрылымдарды дамыту мен әлеуметтік салаға бюджеттен тыс инвестициялар тарту жұмысына басымдық берілген. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстанда бұл бағыттағы істіңқарқыны ауыз толтырып айтарлықтай дей аламыз.
Инвестициялар тарту және инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі Өңірлік кеңес құрылды. Облыстағы Халыққа қызмет көрсету орталығында инвесторларға қызмет көрсету секторы жұмыс істейді. Инвестициялар тарту мақсатында Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық порталы ашылып, онда 560,2 млрд. теңгенің 85 жобасы орналастырылды және шетелдік инвесторларды тарту мақсатында индустриялық аймақтар жайлы ақпараттар берілді. Инвесторлардыңқұқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін инвестициялық омбудсмен институты құрылды. Шығыс Қазақстан аумағында облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов омбудсмен болып табылады. Инвесторлар мен мемлекеттіңөзара іс-қимыл мәселелері, осы орайдағы ағымдағы проблемалардың шешілуі Нұрымбет Аманұлының бақылауында.
Ағымдағы жылдың маусым айында облыста «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының аймақтықөкілдігі ашылды. Шығыс Қазақстан облысынан «Kazakh Invest» ҰК АҚ-да шамамен 226 млрд. теңгеге 26 жоба қаралды. Оның ішінде одан әрі мәселені пысықтау, инвесторларды іздеу үшін жалпы құны 45 млрд. теңгеге 12 жоба іріктелген. Жыл соңына дейін «Kazakh Invest» ҰК АҚ CRM (ЦРМ) ақпараттық-мониторингтік жүйесін іске қосуды жоспарлап отыр, ол online режімінде әр жобаның іске асырылу барысының мониторингісін қамтамасыз етеді. Облыстағы инвестициялық белсенділікті арттыру жөнінде үйлестірілген және тиімді жұмысты арттыру мақсатында қазіргі уақытта (қалалар мен аудандар әкімдіктерініңқатысуымен) әлеуетті инвестициялық жобалар базасы құрылды (www.spkertis.kz), оныңқұрамына жалпы құны 188,3 млрд. теңгеге 130 жоба және бизнес-идеялар кірді.
Қазақстан — Қытай өзара іс-қимыл шеңберіндегі Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы мен Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен ынтымақтастық бойынша Жол картасы жүзеге асырылады. 1,5 млрд. АҚШ долларына 8 инвестициялық жобаны қамтитын ауыл шаруашылығы, энергетика, өнеркәсіп және орман өнімдерін өңдеу, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, туризм, мәдениет және спорт салаларында бірлескен ынтымақтастық жоспарлары негізгі сегіз бағыт бойынша жүргізіледі.
Сонымен қатар халықаралыққаржы институттарынан қаражат тарту мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін пайдалану жолымен де белсенді жұмыс жүргізілуде. Бұл орайда 40,5 млрд. теңгеге 9 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Сонымен қатар ЕҚДБ есебінен қаржыландыру үшін 16,4 млрд. теңгеге 2 жоба қосымша пысықталуда.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері арқылы 168 млрд. теңгенің 168 жобасы дайындалу үстінде. Биылдыңөзінде жекеменшік балабақшалардың жұмысына қатысты 64 келісімшартқа қол қойылды. Мұндағы мемлекеттік тапсырыстың көлемі – 7,8 млрд. теңге.
Дәл бүгінге дейін екі ірі концессиялық жобаға конкурс жарияланды. Аталмыш жобаның бірі – «Өскемен қаласында 300 орындық көпсалалы аурухана салу». Құны – 21 млрд. теңге. (Конкурс нәтижесі 12 желтоқсанда жарияланды. «Сарыдаглар Иншаат Ве Тиджарет Ананим Ширкети» АҚ-мен ғана конкурстықөтінім ұсынылды). Екінші жоба – «Зырян қаласының орталық жылу қазандығын реконструкциялау». Құны – 2,6 млрд. теңге. (Конкурс нәтижесі 11 желтоқсанда жарияланды. «Перспективная технология» ЖШС-мен ғана конкурстықөтінім ұсынылды).
Жақын арада «Семей қаласындағы 200 орындық балалар ауруханасын салу және пайдалану» жобасына конкурс жарияланбақ. Қазіргі таңда құны 16,2 млрд. теңге тұратын бұл жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.
Семей қаласы бойынша Знаменка орта мектебінің түлектері материалдық базаны нығайтуға 3, 677 млн. теңге, Ертіс ауылдық орта мектебінің түлектері 1 млн. теңге көлемінде жәрдем көрсеткен. Бүгінгі күні 6 мектепте «Мәңгілік Ел» кабинеттері ашылған. «Менің мектебім» акциясы аясында 6 жалпы білім беретін мектепті (Шүлбі, Озерки, Приречный, Шақаман, сондай-ақ Бегалин және Ибраев атындағы орта мектептер) жаңа үлгідегі кабинеттермен жабдықтау жоспарланған.
Бүгінгі күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Менің мектебім» атты ауқымды акция іске асырылуда. Акция мақсаты – мектептерді жаңа үлгідегі кабинеттермен — химия, физика және биология кабинеттерімен, сондай-ақ робот техникасымен қамтамасыз ету. Аталған іс-шара барысында қала мектептері бойынша 83 кабинетті қамту жоспарланған.
— Иә, облыс халқы өзіңіздің «Менің мектебім» атты бастамаңызды жас ұрпақтың болашағына жол ашатын ерекше жоба деп бағалады. Осы игілікті іс алдағы жылдары жалғасын таба ма?
— Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Патриотизм кiндiк қаның тамған жерiңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңiрiңе, яғни туған жерiңе деген сүйiспеншiлiктен басталады. Сол себептi мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы iзiнше оп-оңай кеңейiп, «Туған елге» ұласады»,- дедi. Бұл жай ғана айтыла салған науқандық мәселе емес, тамыры тереңде жатқан, ел болашағына алаңдаушылықтан туған, жүректен шыққан сөздер дер едім. «Туған жер» деген ұғым ешқашан ескірмейді десек, соны жүрегіне тұмар етіп ұстайтын ұрпақ тәрбиелеу — бүгінгінің парызы. Ұлт Көшбасшысының бұл бастамасы парасат-пайымы жоғары әр азаматтың кіндік қаны тамған ауылының гүлденуіне, оған іңкәр сезіммен қарауына жол ашып, серпін беретін бағдарлама боларына сенімім мол.
Біздің аймағымызда қолға алынған «Менің мектебім» жобасы — Елбасының игі бастамасын қолдау мақсатында дүниеге келген бастама. Еліміздің болашағы жастарды мектеп қабырғасынан бастап ғылымның жаңа жетістіктерін үйренуге баулу қажет. Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер форумы аймағымызда ел болашағына алаңдайтын азаматтардың аз еместігін байқатты.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында дүниеге келген «Менің мектебім» жобасы шеңберінде кәсіпкерлерді игілікті іске тарта отырып, бюджеттен тыс қаржы есебінен Назарбаев Зияткерлік мектебініңүлгісі бойынша облыстың толыққамтылған 277 орта мектебін 425 жаңа модификация және роботты техника кабинеттерімен қамту жоспарланып отыр.
Аталған жобаның келесі кезеңінде облыстағы толыққамтылған орта мектептердің 587 химия, физика және биология кабинеттерінің жиһазы жаңартылатын болады. Жиһазды облысымыздың жергілікті тауар өндірушілерінің колдауы аясында жаңарту жоспарланған. «Менің мектебім» жобасын жүзеге асыру алдағы жылдары да жалғасын табады.
— Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы елімізде қоғамдық сананы жаңғыртудың идеологиялық тұғырнамасы болып отырғаны белгілі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аймағымызда бірнеше бағытта жұмыстар жүргізіліп жатқанын білеміз.
— Рухани жаңғыру — ел болашағының кепілі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қазақ халқыныңұмытылып бара жатқан ұлттыққұндылықтарын түгендеу мақсатын көздеген, қажет уақытта, қажет жерде шыққан құнды еңбек, маңызды құжат деп есептеймін. Аймағымызда бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар да сан ал-уан. Өңірде «Рухани жаңғыру» бес жылдық кешенді бағдарламасы әзірленді. Оған 28 млрд. теңгеге 61 жоба кіріп отыр. Атап айтар болсақ, тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтауға, мұражайлар ашуға, «Абай әлемі» кітабының сериясын шығаруға, классикалық музыка фестивальдарын өткізуге, театрлар мен шығармашылықұжымдардың гас-трольдерін ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Тәуелсіздік күніне орай, қазақстандық суретшілер картиналарының ауқымды көрмесі ұйымдастырылды, көрмеге қылқалам шеберлерінің шығармаларымен қатар, облыстық мұражай қол жеткізген таптырмас мұра М.Аманжолов пен Б.Табиевтің туындыларының түпнұсқасы қойылды. Келесі жылдың жазында Суретшілердің халықаралық пленэрі өтеді.
Археология және заманауи өнер мұражайының концепциясы мен құрылымы жасалып, сәулетші А.Шадьяров музей құрылысының жобасымен халықты таныстырды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен, табысқа жету тарихының мысалы арқылы тәрбиелеуді мақсат еткен «100 жаңа есім» арнайы жобасы қолға алынды. Өнегелі өмірлері ерлік пен табыстың, шығармашылық жетістіктердіңүлгісіне айналған жерлестерімізді ұсыну жұмыстарының нәтижесінде 11 шығысқазақстандық «Қазақстанның 100 жаңа есімінің» қатарына енді. Олардыңқатарында 5 ғалым, 2 ауылшаруашылыққызметкері, кәсіпкер, ұстаз, ақын, ұста бар. Атап айтқанда, Семей қаласынан төрт, Шемонайха ауданынан екі, Өскемен қаласынан екі, Курчатов қаласынан бір, Жарма ауданынан екі адам республика бойынша 100 адамныңқатарына кірді .
— Елбасы мақаласындағы ерекше тапсырмалардың бірі – Қазақстанның киелі жерлерінің картасын жасау. Ата-бабамыз найзаныңұшымен, білектің күшімен қорғап қалған қазақ даласының әр өңірі киелі. Әсіресе біздің Шығыс Қазақстанда олардың саны аз емес. Қазақстанның киелі жерлерінің картасы жасалғанда нені ескеру керек деп ойлайсыз?
— Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған тағы бір маңызды мәселе — еліміздегі киелі жерлерді анықтап, олардың тізбесі мен картасын жасау. Қазақстан аумағында орналасқан тарихи ескерткіштер мен киелі орындар халыққа біршама танымал. Біздің жеріміздегі елді мекендер мен жер-су атауларына байланысты сонау көне заманнан бүгінге жеткен аңыз-әңгімелер көп. Халық көп барып, мінәжат ететін сол киелі жерлер жайлы аңыздардың бірқатарының негізінде тарихи шындық жатыр деп ойлаймын. Жасыратыны жоқ, тарихи жерлер бұрыннан зерттеліп келе жатса да, бірізділікке түспеген. Елбасының тапсырмасынан кейін еліміздегі киелі жерлердің географиясы анықталып, картасын жасау жұмысы қолға алына бастады.
Біздің Шығыс Қазақстан облысы да тарихы тереңде жатқан киелі жерлерге бай өңір. Бұл жобаларды жүзеге асыруда аймақтық жетекші университеттердің атқаратын жұмысы үлкен екенін атап өткен орынды. Олар барлық бағыттар бойынша кешенді жұмыстар жүргізу мақсатындағы ғылыми негіздемені дайындап қана қоймай, серіктес ретінде бірлескен жобалар бойынша шығындардың бір бөлігін де өздері көтеріп отыр.
Ғалымдармен бірлесіп «Шығыс Қазақстанныңөркениеттер құбылысы» ғылыми тұғырнамасы жасалады. Аталған тұғырнама аясында Қазақстанның шығыс бөлігінің бірегей тарихи-мәдени мұрасын кешенді зерттеу жұмысы қолға алынбақ және ол іс «Шығыс Қазақстанның көне қазыналары» және «Шығыс Қазақстанның маржандары» атты негізгі екі бағытта жүргізіледі.
«Көне қазыналар» жобасының шеңберінде аймақтағы 5 археологиялық нысан зерттелді (Катонқарағай ауданындағы Берел, Зайсан ауданындағы Шілікті қорғандары, Ұлан ауданындағы Абылайкит қорған-монастырі, Тарбағатай ауданындағы Елеке сазы, Абай ауданындағы Қырықүңгір ескерткіші).
Жыл сайын Шығыс Қазақстан облысында архео-логия саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту жоспарын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 100 млн. теңге бөлінеді. Бұл қадам өзінің оң нәтижелерін беріп келеді. Тек 2016 жылы ғана 5500-ге тарта, ал 2017 жылы 1500 жоғары ғылыми-танымдық және көркемдік құндылықтарға ие облыстық тарихи-өлкетану мұражайының жинақтамасын толтырған артефакт табылған. Аталған жетістіктердің барлығы да әлемнің жетекші ғалымдары мен археологтерініңқатысуымен өңірде жыл сайын өткізілетін «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралықғылыми-тәжірибелік конференциясына ұсынылып жүр. Аймақтың тарихи-мәдени мұрасын әйгілеуге және танымдық туризмді дамытуға бағытталған «Шығыс Қазақстанның маржандары» аймақтық жобасы да дайындалуда. Аталмыш жобаны жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстанның киелі орындарының картасы жасалды. ШҚО-дағы 10 нысан республикалық Сараптау комиссиясыныңқарауынан кейін «Қазақстанның киелі жерлері» тізімін толықтырды.
Облысымыздағы мектеп оқушыларының киелі орындарға баруы үшін 23 бағыттағы тақырыптық тур және оқу ұйымдастыру бағдарламасы дайындалды. Киелі нысандардағы туристік инфрақұрылымдарды дамыту мақсатындағы шаралар да кезең-кезеңімен қабылдануда. Атап айтқанда, ағымдағы жылы 20 млн. теңгеге Абай ауданындағы Қоңыр Әулие үңгірінің туристік инфрақұрылымы жақсартылды, Тарбағатай ауданындағы Ырғызбай Әулие кесенесінің аумағы 50 млн. теңгеге абаттандырылып, электр желісін тарту жұмысы жүргізілді. Қазір аймағымыздағы басқа да киелі нысандарда туристік инфрақұрылымды дамыту жұмысы бойынша ұсыныстар қабылдануда. Бұл бағыттағы игілікті істер алдағы уақытта жалғасын табады. Жалпы, аталған жобаның бес жылға жоспарланып отырғанын көпшілік біледі. Әр өңірдегі киелі жерлердің тізімі анықталып, республикалық картаға кірмей қалған нысандар облыстық картаға енеді. Киелі орындардың тізімі жасалған соң, арнайы альбомдар шығарылып, фильмдер де түсірілмекші. Бұл — өзінің туған жерін қадірлеп, ардақ тұтатын әр азаматтыңқатысуын қажет ететін шара.
— Мемлекет басшысы аса маңыз беріп, өркендетуді тапсырып отырған бағыттардың бірі — отандық туризм. Шығыс Қазақстан — туризм саласында әлеуеті өте зор аймақтардың бірі. Осы бағыттағы атқарылған істер мен алдағы жоспарларға тоқтала кетсеңіз…
— Президент кенді Алтайға келген бір сапарында: «Шығыс Қазақстан – еліміздің інжу-маржаны. Тек қана табиғатымен емес. Мұнда өз өлкелерін мақтан тұтатын, оның гүлденуі үшін бар күш-жігерін жұмсайтын тамаша, еңбекқор және дарынды адамдар өмір сүреді»,- деген болатын. Шынында да, Қазақстанның шығысы — Абай, Шәкәрім, Мұхтар дүниеге келген ұлылар мекені. Руханият пен өнердің бесігі. Қазақ халқының елінің болашағын ойлаған ардақты ұлдарының озық ойлары қанат қаққан киелі жер. Бұл өңірде өндіріс те, ауыл шаруашылығы да, туризм саласы да ежелден өркен жайған.
Қазақстан Республикасында туризм саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, аймағымызда «Алтай інжуі» кластерін құру бағытында жұмыс жүргізілуде. Туристер көп келетін бағыттарға көліктіңқолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында соңғы 2 жылда жалпы көлемі 4,3 млрд. теңгеге автомобиль жолдары жөнделді (Алакөл, Сібе, Марқакөл көлдеріне, «Нұртау», «Алтай Альпісі» тау-шаңғы базаларына). Жағажай туризмін дамыту аясында Алакөл, Сібе көлдерінің жағалауларын абаттандыруға 550 млн. теңге қаржы жұмсалды.
Келер жылы облыстық бюджет есебінен 1,3 млрд. теңгеге Жалаңашкөл станциясы – Қабанбай ауылы автожолының жөндеу жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар келесі маусымда турис-терді қабылдау жұмысын жақсарту үшін Алакөлдің жағалауына Өскемен қаласы – Жалаңашкөл станциясы, Семей қаласы — Жалаңашкөл станциясы бағында темір жол қатынастары ретке келтіріледі деген жоспар бар.
Рекреациялық аймақтарды дамыту бойынша қосымша резервтерді анықтау мен ары қарай инвесторларды тарту үшін облыстағы көлдер мен Бұқтырма су қоймасының жағалауында жер телімдерін ауқымды инвентаризациялау жұмыстары жүргізілді. Пайдаланылмай жатқан жер телімдері инвесторларды тарту арқылы туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатына жұмсалады.
Ағымдағы жылы облыстағы 8 көл мен 2 бұлақтың су құрамына (химиялық, бактериологиялық, радондық) ғылыми зерттеу жүргізіліп, балнеологиялыққорытынды алынады. Жалпы, 2015-2017 жылдары облыста туризм саласында 925 млн. теңгеге 23 инвестициялық жоба жүзеге асырылады.
Шекара маңындағы Катонқарағай ауданы мен Марқакөлге шетелдік туристерді тарту үшін көші-қон полициясы органдарының келісімінсіз барып-келу туралы бастамамызды Үкімет қолдады. Осы уақытқа дейін міндетті болған арнайы рұқсат талабы туристердің емін-еркін келіп-кетуі үшін елеулі қиындықтар туғызып келген еді. Сол шектеулердің алынуы нәтижесінде Катонқарағай ұлттық паркі мен Марқакөл табиғи қорығының базасында экологиялық туризмніңқарқынды өсуіне мүмкіндік молаяды деген үміттеміз.
Сондай-ақ Алакөлдің жағалауында ҚХP-мен арада шекаралық туристік серіктестіктік құру жұмысы да көші-қон визалық режімі арқылы қолға алынып, қажетті жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен, шетелдік тиісті орындармен бірлесе әзірлену үстінде.
Жалпы алғанда, облыстың туризм бағытындағы бүгінгі дамуын экономикалық тұрғыдан оңды нәтижелермен сипаттауға болады. Елбасының стратегиялық жоспарларын, мемлекеттік бағдарламаларды табысты орындау үшін мүмкіндіктер жеткілікті. Қазақстандық және шетелдік туристер үшін, әсіресе Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Батыс Алтай қорығы, Мұзтау, Бұқтырма су қоймасы, Алакөл, Марқакөл, Сібе, Тайынты көлдері, Қызыл керіш шатқалы, Ақбауыр табиғи-тарихи ескерткіші, «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайы, Қоңыр әулие үңгірі, Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Еңлік-Кебек кесенелері, Ырғызбай ата кесенелері сияқты жерлерге сапар шегу аса қызықты болатыны анық. Бұл нысандардыңөңірге келетін турис-тер санын арттыруға ықпалы аз болмасы анық.
— Даниал Кенжетайұлы, қымбат уақытыңызды бөліп «Семей таңы» газетіне арнайы сұхбат бергеніңізге рақмет!
Келе жатқан 2018 жыл, Шығыс күнтізбесіне сәйкес, ит жылы. Жұлдызшылар бұл жыл қол қусырып қарап отырмай, еңбек еткендер үшін қаржылық тұрғыдан тұрақты жыл болады, ал Егіздер белгісінде туғандарға сәттілік серік болады деген жорамал айтады. Табалдырықты аттауға аз ғана уақыт қалған Жаңа жыл өзіңізден, жанұяңыздан жақсылығын аямасын, еліңіз үшін атқарып жатқан жұмыстарыңыз табысты болсын деген тілек білдіргім келеді.
Сұхбатты жүргізген Риза МОЛДАШЕВА.