"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАПОНДАРДЫҢ ЖОМАРТТЫҒЫ

01.06.2018
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

27 мамыр күні Семейге Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро Кавабата келіп, шаһардағы №№ 43, 18, 12 орта мектептерді және Пригородная орта мектебін аралады.

Жапонияның «Шөп тамыры» атты адам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған әлеуметтік жобаларды қолдау бағдарламасы Қазақстанда 1997 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жобаның мақсаты – коммерциялық емес медицина және білім беру мекемелеріне, үкіметтік емес ұйымдарға қайтарымсыз көмек көрсету гранттарын бөлу. Осы бағдарлама шеңберінде бөлінген гранттарды шаһарымыздағы №№ 43, 18, 12 және Пригородная орта мектептері ұтып алып, нәтижесінде аталмыш оқу ордаларының терезелері толықтай жаңа пластик терезелерге ауыстырылды. Бөлінген гранттар аясында атқарылған жұмыстармен танысу үшін арнайы келген Елші Итиро Кавабата алдымен Семейдегі №43 мектепке ат басын бұрды. Қадірлі мейманды құшақ жая қарсы алған Андрей Артемов бастаған мектеп ұжымы Елшіні оқу орнының тарихымен, музеймен, оқушылардың жетістіктерімен, сондай-ақ қазақ халқының ұлттық қолөнерімен таныстырды. 80 жылдық тарихы бар мектепке жаңа әрі жарық терезелер сыйлағаны үшін, Жапония халқына Елші арқылы алғыстарын жеткізді:

— Құрметті Итиро Кавабата мырза, мектеп әкімшілігінің, педагогтерінің, ата-аналары мен оқушыларының атынан Сізге, Жапония халқының өкілі ретінде, көп алғыс білдіремін. Осы бір жыл ішінде оқушылар арасында тұмаумен ауру 15-19 пайызға азайып, жарық мөлшері 30-40 пайызға көбейді. Бұл, біріншіден, оқушылар арасындағы көз ауруларының алдын алса, екіншіден, электр энергиясын үнемдейді,- деді №43 мектептің директоры Андрей Артемов.

Елші Итиро Кавабатаның айтуынша, «Шөп тамыры» жобасы аясында 1997 жылдан бері Қазақстанның әр аймағында құны 6 млн. АҚШ долларына жуықтайтын 92 жоба жүзеге асырылған. Оның ішінде 1 млн. 400 мың АҚШ долларын құрайтын 22 жоба ШҚО-ға тиесілі екен. Оған қоса осы жылдың наурыз айында тағы 3 жобаға қол қойылған. Ал іргесі қаланған уақыттан бері жөндеу көрмеген №43 орта мектептің 193 терезесі мен 2 есігін ауыстыруға 80 мың доллар немесе 24 млн. теңге жұмсалған.

— Білім ордасының директоры айтып кеткендей, оқу орнында осы уақытқа дейін терезелер ауыстырылмаған. Шынында да, ескі терезелерді ашып-жабу, қысқа дайындау, ыстықта сыныпты желдету айтарлықтай қиындық туғызады. Сондықтан балалардың денсаулығына алаңдаған директор «Шөп тамыры» бағдарламасына қатысуға өтініш берді. Комиссияның шешімімен, өтініші қанағаттандырылып, грант ұтып алды. Енді оқушылар сабақтарын жақсы оқиды деп үміттенемін. Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынас нығайып келеді. Келешекте де Семей қаласымен білім, медицина, әлеумет саласындағы байланысымызды жалғастыра бермекпіз. Қазақстан – болашағы бар мемлекет. «Шөп тамыры» бағдарламасына сіздерден әлі де өтініш қабылдауға дайынбыз,- деді Жапония Елшісі.

Түстен кейін Пригородная орта мектебіне аялдаған Елшіні мектеп ұжымы шашу шашып қарсы алды. Негізі 1973 жылы қаланған бұл мектептің «Шөп тамыры» бағдарламасы аясында 113 терезесі жаңаланыпты. Директор Дулат Байтуновтың айтуынша, жөндеу жұмыстарына 37 мың 120 доллар жұмсалған. Өткен жылдың ақпан айында келісімшартқа қол қойылса, мамыр айының басында жөндеу жұмыстары басталған.

— «Шөп тамыры» бағдарламасы туралы ғаламтордан білдік. Сәті түсіп, грантты ұтып, білім ордасының барлық ескі терезелерін жаңаладық. Бағдарлама шарттарына сәйкес, 3 жеткізуші фирманы таңдаған едік. Оның ішінен ең төменгі баға ұсынған жергілікті жеке кәсіпкер «Егінбаев» жеңіп шықты. 2017 жылдың 31 шілдесінде барлық жұмыстар тамамдалып, 1 тамызда қорытынды акт шығарылды. Терезелердің кепілдік мерзімі – екі жыл. Осы уақыт аралығында аталмыш кәсіпкер бізге қызмет көрсетеді. Жөндеу жұмыстарының барысы Елшіліктің бақылауында болды. Қалалық бюджеттен де қаржы бөлінеді. Дегенмен қол қусырып қарап отырмай, демеушілер іздеп, мектептің проблемаларын осындай жолдармен де шешуге тырысамыз,- деді Пригородная орта мектебінің директоры Дулат Байтунов.

Бағдарлама шартына сәйкес, «Шөп тамырының» грантын ұтып алған мекеме оған бес жылға дейін қатыса алмайды. Сондай-ақ жобаның жеңімпазы болу мүмкіндігін арттыратын тағы бір шарт – мекеменің орталықта емес, шет аймақтарда орналасуы. Өтініштер жылына екі рет – 31 мамырда және 30 қыркүйекте қабылданады.

— Соңғы үш жылда әртүрлі жобаларға қатысып жүрміз. Жуырда Әлия Назарбаеваның «Жасыл технология» жобасына қатысуға өтініш білдірдік. Мектептердің қажеттіліктері әртүрлі. Осы жылы қаладағы №25 мектептің терезе жақтауларын ауыстыруға қалалық бюджеттен қаржы бөлінсе, әйнектерін жаңалауды Жапония жағы көтеріп алды. Әрине, екі ел арасындағы мұндай әріптестік қарым-қатынастардың маңызы зор. Мәселен, өткен жылы Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы Швеция Елшілігімен әріптестік орнатып, музыкалық аппаратқа қол жеткізді. «Рухани жаңғыру», «Туған жер», «Туған мектеп» бағдарламалары аясында мектептер түлектермен, жеке кәсіпкерлермен белсенді жұмыс істеуде,- деді білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко.

Жапония мен Қазақстанды, Семейді байланыстыратын ортақ қасірет те бұл кездесуде айтылмай қалған жоқ. Сондай-ақ Елші бұл жолғы сапарында Пригородная орта мектебі жанындағы жылыжаймен және жылыжай ісіндегі оқушылардың жаңа табыстарымен, сонымен бірге балалардың биология, химия, физика, робототехника салаларындағы жетістіктерімен жіті танысты. Қазақтың қолөнер бұйымдарын жасауға ептілік көрсеткен Елшіге оқушылар кәдесыйларын табыстады.

— Алма мен қызғалдақ гүлінің отаны Қазақстан екенін Жапонияда көпшілігі біле бермейді. Мен енді барған жерімде бұл туралы айтып жүретін боламын,- деді И.Кавабата.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім...

Толығырақ...Details

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

26.06.2026
30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

Қазақстан Парламенті отыз жылдан астам уақытта 3,5 мыңға жуық заң қабылдап, елдің құқықтық жүйесін қалыптастыру мен мемлекеттілікті нығайтуға елеулі үлес...

Толығырақ...Details

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

26.06.2026
Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді. — Мен Парламенттегі қайнаған еңбектің, онда...

Толығырақ...Details

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

26.06.2026
Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Құрылтайдың технологиялық прогрестің жетекші факторы боларына үміт білдірді. Депутаттар заң шығару қызметінде цифрлық технологиялар мен...

Толығырақ...Details

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Қазақстан президенттік республика болып қала береді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. — Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

26.06.2026
Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа конституциялық орган — Қазақстан Халық Кеңесінің атқаратын қызметтері жөнінде мәлімдеме жасады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

6 часов бұрын

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

6 часов бұрын

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

6 часов бұрын

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

6 часов бұрын

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

6 часов бұрын

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

6 часов бұрын

Ұлттық банктің негізгі пайыздық ставкасына қатысты мәселені пайымдап шешу керек — Президент

6 часов бұрын

Мемлекет басшысы: 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

6 часов бұрын

Тоқаев: Алдағы екі жылда 200-ден астам жаңа өндіріс орны ашылады

6 часов бұрын

Президент Қазақстанды Еуразияның іскерлік хабына айналдыру жөнінде айтты

6 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС