"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШАҒАНДАҒЫ ШЕШІМІН КҮТКЕН МӘСЕЛЕЛЕР

13.09.2018
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сәрсенбі, 12 қыркүйек күні Семей қаласының Шаған кентіне қалалық мәслихат депутаттары арнайы барып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, кенттің тыныс-тіршілігімен танысты. Мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, депутаттар Дариға Дайрова, Марлен Көкірекбаев, Нұрғазы Қайырбеков Шағандағы жағдаймен жете танысқан болатын.

Шаған кенті — 500-ге жуық тұрғыны бар шағын ғана елді мекен. Кентте бір қабатты әкім аппараты ғимараты, жалпы орта білім беретін мектеп, дәрігерлік амбулатория, Қазпошта бөлімшесі бар. Кенттің бүгіндегі жағдайымен жете танысу мақсатында келген халық қалаулылары бірінші кезекте ауыл әкімі аппараты ғимаратына барды. Әкім аппаратында 5 қызметкер жұмыс істейді. Олар әкім, кадр жұмысы, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік, бухгалтерлік және экономика сұрақтары бойынша бас мамандар. Әкімдік қызметкерлерінен кент тұрғындарының әлеуметтік жағдайы сұралды. Кент әкімі Талғат Құмаровтың айтуынша, мұнда жұмыссыздар жоқ. Тұрмысы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарттар мен жалғыз басты адамдарға әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Бұдан кейін депутаттар дәрігерлік фельдшерлік пунктіне бет бұрды. Салынғанына 60 жылдан асқан ғимараттың бүгінде тозығы жеткен. Нысанда жүкті әйелдерге арналған бөлме және қабылдау бөлмесі бар. Мекеме ішіндегі жабдықтар да ескірген. Мұнда медициналық қызмет көрсететін екі медбике бар екен. Тұрғындардың басы ауырып, балтыры сыздағанда жүгінетін жері осы. Ал ауыр жағдайдағы науқастарға қаладан жедел жәрдем шақыртылады. Сырқат жандардың портал арқылы кезекке тұруға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ медициналық тексеру, алдын ала екпе жұмыстары жүргізіледі. Тұрғындар арасында артериялық қан қысымы мен жүрек — қан тамырларының ауруы жиі кездеседі. Осы жерде мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов қажет жабдықтар бойынша қалалық әкімдікке өтінім жазуды тапсырды.

Кентте «№24 Шаған кенті негізгі білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бар. Ғимараттың тарлығына байланысты 63 оқушы 2 ауысымда оқиды. Бұған қоса кадр жетіспеушілігі мәселесі де бар. Мектепте 13 ұстаз қызмет атқарады. Бірақ биология, тарих, география, информатика пәндері мен бастауыш сынып мұғалімдері жетіспейді. Кабинеттердің жетіспеушілігі мен сыныпта оқушы санының аздығына байланысты екі сыныпқа бір оқу кабинетінде сабақ өтуде.

— Биылғы оқу жылында сегіз бала білім ордасының табалдырығын аттаса, тоғыз бүлдіршін мектепалды даярлық тобында. Мектеп бүгінде екі ауысым бойынша жұмыс істейді. Себебі оқу бөлмелері жетіспейді. Бұл оқушылардың сапалы білім алуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан мектепті кеңейтсе немесе шағындау жаңа мектеп ғимаратын салып берсе жақсы болар еді,- деді №24 Шаған кенті мектебінің мұғалімі Әсемгүл Семізбаева.

Айта кетейік, мектеп те, медпункт те пеш арқылы жылытылады.

Шаған кенті шойын жолдың дәл іргесінде. Халық қалаулылары Шаған  станциясын да назардан тыс қалдырмады. Мұндағы ғимараттың сапасы жақсы. Нысан «ҚТЖ ҰК» АҚ-ның қарамағында. Бірақ станция ғимараты қазір бос тұр. Семей қалалық мәслихатының депутаты, «ҚТЖ ҰК» АҚ Семей жүк тасымалы филиалының директоры Марлен Көкірекбаев тарапынан әкімдік пен медицина пунктінің қызметкерлерін осы нысанға көшіру ұсынылды. Бірақ бұл нақты емес. Алдағы уақытта станция ғимаратын жалға алу, мектепке беру жағы бірлесе, ақылдаса шешіледі.

— Бүгін Шаған кентіне халықтың әлеуметтік тұрмысын көру, шешімін таппаған мәселелерді қарастыру мақсатында келдік. Әкімдік ғимаратын, мектеп пен Шаған станциясын аралап, кенттің бүгінгі тынысымен таныстық. Мұндағы маңызды мәселе — білім мекемесінің жағдайы. Әкімдік жаңа мектеп саламыз деп айтқан болатын. Бірақ бұл мәселе біздің назарымызда, әлі де қаралу үстінде. Бұдан кейін Шаған станциясы кімнің қарамағына беріледі деген сұрақ тұр. Бұл мәселе жөнінде депутаттар тұрғындармен сөйлесті. Олар бірнеше нұсқаларын ұсынып отыр. Мәселен, станция бос тұрғандықтан, онда тұрғындардың сұрауы бойынша қатым өткізіледі екен. Сондықтан нысанды халыққа клуб ретінде не болмаса бірінші — төртінші сынып оқушыларына арналған мектеп ретінде беру керек деген ұсыныстар бар. Ғимарат қала бюджетіне өткеннен кейін, қалалық әкімдікте қарастырып, бір шешімін табамыз,- деді қалалық мәслихаттың депутаты Нұрғазы Қайырбеков.

Кент әкімі Талғат Құмаровтың айтуынша, тұрғындар ағымдағы жылы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда. 136 аулада жеке жер асты суын шығаратын құдықтар бар. 2016 жылы кенттегі жер асты суының қорын анықтау үшін іздестіру-барлау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттарын дайындауда. Кент көшелері жарықпен қамтылған. Сондай-ақ тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ететін 2 дүкен мен 1 наубайхана жұмыс істейді.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ, Семей қаласы.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

19.10.2026
Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

Абай облысында есепті кезеңде 465 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға аз. Алайда жол апаттарынан қаза...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

19.10.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз көтерілсе, не істеу керек? Әлеуметтік маңызы бар тауарлар (ӘМАТ) – халықтың күнделікті тұтынатын негізгі...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

19.10.2026
Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

Бородулиха ауданына қарасты Петропавловка ауылында сумен жабдықтау жүйесін жақсарту мақсатында магистральдық су құбырының 2,5 шақырымы ауыстырылды. Жөндеу жұмыстары су беру...

Толығырақ...Details

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

19.10.2026
Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында аудандардағы сауда нысандарын жаңғырту және 2027 жылдан...

Толығырақ...Details

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

19.10.2026
Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

Қазақстан спорттық ату федерациясының төрағасы Берік Асылов Жапонияда өтіп жатқан Азия пара ойындарында алтын медаль жеңіп алған қазақстандық спортшы Еркін...

Толығырақ...Details

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

12 часов бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

12 часов бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

12 часов бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

12 часов бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

12 часов бұрын

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

6 дней бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

6 дней бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

1 неделя бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

1 неделя бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС