"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ЖОЛ ЖОҚ!

09.10.2018
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

2 қазан, сейсенбі күні Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің және дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары бірлесіп, қаладағы цемент зауытының еңбеккерлері үшін діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу проблемасына арналған жиын өткізді. Басты мақсат – халыққа діни ағымдар туралы және жат ұйымдарға қарсы тұру, олардың жетегіне ілесіп кетуден сақтану жайлы мол мағлұмат беру.

— Соңғы жылдары дін төңірегіндегі тақырыптар елімізде кеңінен айтылып жүр,- деді ең бірінші болып сөз алған ішкі саясат бөлімінің бас маманы Жанна Қасымжанова. — Адам өмірінде діннің алар орны қашанда ерекше және солай болып қала береді. Бірақ әлемдік және дәстүрлі діндердің дамуымен қатар, шіркеулер, миссиялар, дәстүрлі емес діни ұйымдар да пайда болуда. Қазақстан кеңестік кезеңде көп ұлтты мемлекет болса, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін көп конфессиялық елге айналды. Сондықтан қазіргі заманда дін мәселесі өзекті тақырыптардың бірі болып отыр, әрі діни бірлестіктер мұқият зерттеуді қажет етеді,- деді.

Діни проблема туралы сөз қозғалса, исламдық экстремизм мәселесі қатар жүреді. Бұл мәселе Қазақстанда өзекті тақырыптардың қатарында. Себебі мемлекетіміз Батыс пен Шығыстың қиылысында орналасқан. Сондықтан халықаралық экстремизмді еліміз үшін аса қауіпті қатер деп қарастыру керек екенін айтады мамандар.

Иә, экстремизм мен терроризмге қарсы тұру тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның жұмылуын қажет етеді. Осы орайда қалалық ішкі саясат бөлімі мен дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары қоғамдық институттардың конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты сақтаудағы маңызын ашып, жат ағымдардың алдын алуда әлеуметтік желілердің мәні зор екеніне тоқталды.

— Кез келген дәстүрлі емес діни ағым, терроризм мәселелерінің астарында үлкен әлеуметтік-қоғамдық, отбасылық проблемалар жатады. Террористер, жат ағым өкілдері көбінесе қиын жағдайға тап болып, жігері жасыған әлсіз адамдарды таңдайды. Арбауына түсіру үшін олар әлеуметтік желілерді қолданады. Сондықтан әлеуметтік желіні пайдалануда өте сақ болған жөн. Әсіресе ата-аналар балаларын бақылап, назардан тыс қалдырмауы керек. Жат ағымның жетегінде кету оңай, одан шығу қиынның қиыны,- деген Жанна Қасымжанова жиналған жұртшылықты қоғам арасына іріткі салып, теріс жолға түсіретін топтардан, бірлестіктерден сақ болу жөнінде кеңес берді.

Дін төңірегіндегі тақырыптар талқыланған жиында зауыт жұмысшылары тарапынан қойылған сан сауалдарға тұшымды жауаптар берілді.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы».

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

2 часа бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

2 часа бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

2 часа бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

2 часа бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

2 часа бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

2 часа бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

2 часа бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС