"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

НҰРЖАН ТҰРЛЫБЕК: «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» — ТЕРЕҢ МАЗМҰНДЫ, ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ МАҚАЛА

27.11.2018
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

21 қараша күні Мемлекет басшысы «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын жариялады. Осыған орай Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің Манаш Қозыбаев атындағы тарихи зеттеулер ғылыми орталығының жетекшісі Нұржан Тұрлыбекпен сұхбаттасып, аталған мақала туралы пікірін білген болатынбыз.

— Таяуда Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарыққа шықты. Мақаладан алған әсеріңізбен бөліссеңіз.

— Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бұрын қолға алынған «Мәдени мұра», «Мәңгілік ел», «Рухани жаңғыру» бағдарламаларының заңды жалғасы іспетті. Бұл бағдарламалар бойынша жылдар бойы көптеген жұмыстар атқарылды. Бірқатар жәдігерлер мен құндылықтарымыз зерттеліп, музейлерге қойылды, талай маңызды деректер мен тарихи кітаптар өз оқырмандарын тапты. Ал бүгінгі «Ұлы даланың жеті қыры» атты терең мазмұнды, тағылымы мол мақаласы қазіргі және келер ұрпаққа үлкен ой салатын ауқымды бағдарлама деп ойлаймын. Ұлы даланың қыры көп, бірақ «жеті» деген қазақта киелі сан ғой. Мұны Елбасы Н.Назарбаев жан-жақты саралап, өзі анықтама беріп, зиялы қауымды, тарихшыларды, зерттеушілерді, археологтерді, өнерсүйер қауымды, әдебиетшілерді, деректанушыларды жұмылдырып, «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалған шараларға тағы бір егжей-тегжейлі тоқталып, ескерілмей қалған дүниелер болатын болса, экспедициялар ұйымдастырып, жер-жерді аралап, шетелдерге шығып, архивтердегі деректерді жинақтап, халыққа таныстыруды тапсырды. Еліміз өркениетті елдердің қатарына қосылуы үшін, бүгінгі жастар сана-сезімі жоғары, елін шексіз сүйетін патриот азаматтар болуы қажет. Егер тарихын, Отанын, дінін, тілін сүйсе, олар өркениеттен ешқашан да тысқары қалмайды. Сондықтан біздер, яғни алдыңғы буын, жастарға бағыт-бағдар беріп, үлгі-өнеге көрсетуіміз керек. Қазақстанды алға қарай дамытатын жастар деп білімін.

Елбасы айтқандай, киноиндустрияны дамыту қажет. Әрине, «Қыз-Жібек», «Көксерек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», кейінгі кездердегі «Қазақ хандығы», «Жау жүрек мың бала», Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай», «Біржан сал» сынды фильмдері — халықтың көңілінен шыққан туындылар. Мұндай кинолар халықтың тарихи санасына ой салады. Ал енді Елбасы неге кино өнерін дамытуды көздеп отыр деген сұраққа тоқталсақ. Үнді мемлекеті халқының саны жағынан Қытайдан кейінгі екінші орын алады. Осы мемлекетте 60-70-ші жылдары халықтың көбі сауатсыз, тұрмыс жағдайы төмен болған. Сол кезде мемлекет халықтың рухани санасын оятып, үнді өнеріне, әніне, биіне деген құштарлығын, сүйіспеншілігін арттыру мақсатында, кинотеатрларда емес, далада экран қойып, халыққа тегін кинолар көрсеткен. Осылайша, үнділер өз ұлтының биік өнерін тамашалап, соны бойына сіңірді. Міне, киноиндустрияның қасиеті деген осы. Сондықтан біз тарихымыздан шыр шертетін, ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын белгілі бір тұлғалар, билеушілер туралы фильмдер түсіріп, олар туралы дала галереясын жасауымыз керек. Өйткені өткенді білмей, болашақ жоқ. Өскелең ұрпақ өз елінің тарихын білуі, оқуы міндет.

Сонымен бірге қазақтың фольклорын дамыту, зерттеу, мифологиясын зерделеу, оны жастарға насихаттау керек. Бүгінде, қуанышқа орай, қазақ тілді мультфильмдер көрсетіліп жатыр. Бірақ ол аз, тағы да көбейтуді қажет етеді. «Ертөстік», «Алпамыс батыр» сынды қазақы салт-дәстүрді, ұлттық менталитетті балалардың бойына сіңіретін ертегілер мен әңгімелер көптеп шығарылуы керек.

Елбасы ерекше айтқан Ұлы даланың тағы бір қыры — Қазақ жері түркі өркениетінің орталығы. Қазақтың ұлан-ғайыр даласынан  түркінің түрлі тайпалары жан-жаққа тарап, мемлекет болып құрылды.    Бүгінгідей зауыт пен фабрика жоқ кезде, ата-бабаларымыз қаншама күш-жігерін, ақыл-ойын, ерік-жігерін жұмсап, металды отқа қыздырып, балқыту технологиясын ойлап тауып, қаншама керемет зергерлік бұйымдар жасап шығарды. Қару-жарақ, ат әбзелдерін алтыннан, күмістен жасау керектігін білді. Бүгінде ол жәдігерлердің көбі Берел қорымынан табылып отыр. Шығыс Қазақстанда бірнеше жылдан бері өңірлік археологияны дамыту ісі жүзеге асырылып келе жатқаны белгілі.

Біздің университеттің археологтері оқу орнының ректоры Мейір Ескендіровтің қолдауымен археологиялық зерттеулер жүргізуге бөлінген облыстық грантты ұтып алған болатын. Ғалымдар тарихшы, археолог Амантай Исаұлының басшылығымен Көкен тауынан біршама құнды жәдігерлерді тапты.

— Халқымыз «Жаяу жүрсе — бір қазақ, атқа мінсе — мың қазақ» дейді. Бұрынғы заманның өзінде ата-бабаларымыз даланың дүлдүлі сәйгүлікті қолға үйретіп, атқа міну мәдениетін қалыптастырды. Десе де бүгінде атқа отыру мәдениеті, ат спортына қандай баға бересіз?

— Әлемде атты қолға алғашқы болып түркі халықтары үйреткен дейді. Халқымыз жабайы аңды ұстап, қолға үйретіп қана қоймай, оның етін жеп, сүтін ішіп, емдік дәрі ретінде пайдалана білген. Біз ер-азаматтың серігі жылқы деп құрметтейміз. Мысалы, Тайбурыл — Қобыландының серігі, Байшұбар атты Алпамыс, Қарақасқа атты Қамбар деп оларды сәйгүліктерімен бірге айтамыз. Атқа міну арқылы түркі өркениеті өзін жаудан қорғады. Айшылық алыс жерлерге барды. Өзге елдерді жаулап алып, өзінің территориясын кеңейтті. Металлургиялық қазбаларды өндіру арқылы қылыш, тағы басқа қару жарақ түрлерін жасады.

Мысал ретінде айтайын, Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ атты әскері болған. Олар тұтқиылдан шабуыл жасап, керек жерінде фашистердің дегбірін қашырып отырған. Бірақ техника мен өндірістің дамып, қарудың жаңа түрлерінің шығуына байланысты атты әскер әсери саладан алынып тасталды. Кеңес Одағы кезінде жылқы тек өнім ретінде пайдаланылды. Осылай құны жоғала бастады. Алайда атқа деген сүйіспеншілігін жоғалтпаған аталарымыздың арқасында арагідік жорға жарыстары, бәйге өткізіліп тұрды. Осының өзі атқұмарлық қасиетіміз бен дәстүрлеріміздің сақталып қалуына әсер етті. Бүгінде қазақ жастарының атқа, ат спортына деген құштарлығы өте керемет. Тіпті шетелден арғымақ аттарды сатып алып, өсіріп-баптап, бәйгеге қосып жүр. Бүгінде жылқы төлін өсіру жақсы жолға қойылып келе жатыр. Қазақтың даласында жылқы деген шапқылып, шауып жүруі керек ғой. Қашаннан қазақ пен жылқы — егіз ұғым.

Батыстың киноларын көрсеңіз, жауынгерлердің қысқа белдемше киетінін байқайсыз. Өйткені оларда шалбар болмаған. Кезінде бабаларымыз атқа отыруға ыңғайлы болуы үшін жануардың терісін илеп, жұмсақтап, шалбар жасаған. Осы мәдениетті Еуропаға таратқан деген де ұғым бар.

— Елбасымыз мақаласында бай тарихымызды түгендеп, өткенімізді жаңғырту жолында «Архив — 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауды ұсынды. Бұл туралы не айтасыз?

— Әлем архивтерінде, Санкт-Петербургтегі Эрмитажда қазақ халқына қатысты әлі зерттелмеген, зерттеліп жатса да мән беріліп оқылмаған құнды деректер бар. Қазақта архив болмаған. Қазақ ауыз екі тілде айтып, насихаттап, атадан балаға жеткізген. Бүгінгідей архивтер кейіннен пайда болды ғой. Ал шет мемлекеттерде архив бұрыннан бар. Қай Еуропа елін алсақ та жазу-сызуы жақсы сақталған мұрағаттар бар. Елбасы осы мұрағаттарға барып, түркі мәдениеті, соның ішінде қазақтар, яғни ғұндар, сақтар туралы не жазылды, бәрін қайтадан саралап, талдап, өзімізге қатысты дүниелерді жарыққа шығарып, халыққа танытсақ дейді. Ғалымдар, зерттеушілер осы архивтерге барып зерттесе, керемет болар еді. Егер «Архив — 2025» жеті жылдық бағдарламасы жүзеге асатын болса, әлі талай қызықты тың деректермен танысарымыз сөзсіз.

— Манаш Қозыбаев атындағы тарихи зерттеулер ғылыми орталығы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының аясында қандай шаралар атқаруды көздеп отыр?

— Университет — ғылым, білім ордасы болуымен қатар, үлкен зерттеу орталығы. 2000 жылы Ерлан Сыдықовтың бастамасымен «Әлеуметтік тарихи зерттеулер» орталығы құрылған болатын. Орталықтың атауы 2004 жылы тарихшы, академик Манаш Қозыбаев атындағы тарихи зеттеулер ғылыми орталығы болып өзгерді. Содан бері бірқатар зерттеулер, игі жұмыстар атқарылды, атқарылып та жатыр. Бүгінде орталыққа Мейір Ескендіров басшылық жасайды. Жақында зерттеушілер әулие Ырғызбай туралы кітапты басып шығарды. Ырғызбайдың шөппен емдейтін емші болғаны тарихтан мәлім. Осы сында қазақ қоғамындағы белгілі тұлғалар туралы әлі де зерттеулер жүргізуіміз қажет. Биылғы жылдың қыркүйек айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жобалық кеңсе жұмысқа кірісті. Ол әкімшілік, мәдениет орындары, оқу ордалары, мұражайлармен және қоғамдық ұйымдармен байланыс жасап отыруға мүмкіндік береді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында да ауқымды жұмыстар жүргізілетін болады.

— Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбатты жүргізген {jcomments off}Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ.

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады

12.01.2026
Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық блок сарапшыларымен кездесу өткізді. Онда экономикалық даму және экономиканың басым салалары, сондай-ақ сыртқы тәуекел мәселелері сөз...

Толығырақ...Details

Нұртай Сабильянов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

12.01.2026
Нұртай Сабильянов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Semeytany.kz - «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалы жанындағы қоғамдық қабылдау бөлімінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі,...

Толығырақ...Details

Аягөзде депутат Нұртай Сабильянов тұрғындармен кездесті

12.01.2026
Аягөзде депутат Нұртай Сабильянов тұрғындармен кездесті

Semeytany.kz - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов Аягөз ауданына жұмыс сапарымен барып, Аягөз қаласында, сондай-ақ...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иегері Төлеген Жанғалиевпен кездесті

10.01.2026
Облыс әкімі мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иегері Төлеген Жанғалиевпен кездесті

Semeytany.kz - Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли ақын, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Абай ауданының Құрметті азаматы Төлеген Жанғалиевпен...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Табиғатты аялайық» экологиялық акциясы өтті

10.01.2026
Абай облысында «Табиғатты аялайық» экологиялық акциясы өтті

Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға, табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға...

Толығырақ...Details

Өңірдің өткені мен ертеңі сөз болды: аймақ басшысы ақсақалдар және зиялы қауыммен жүздесті

09.01.2026
Өңірдің өткені мен ертеңі сөз болды: аймақ басшысы ақсақалдар және зиялы қауыммен жүздесті

Semeytany.kz - облыс әкімі Берік Уәли өңірдің дамуына еңбегі сіңген ардақты ақсақал Болат Сапорұлымен, ақын әрі мәдениеттанушы Құсмілия Нұрқасыммен және...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады

16 часов бұрын

2026 жылы Абай облысында 205 шақырымнан астам жергілікті жол жөнделмек

16 часов бұрын

Нұртай Сабильянов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

16 часов бұрын

Аягөзде депутат Нұртай Сабильянов тұрғындармен кездесті

16 часов бұрын

Облыс әкімі мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иегері Төлеген Жанғалиевпен кездесті

3 дня бұрын

Абай облысында «Табиғатты аялайық» экологиялық акциясы өтті

3 дня бұрын

Облыс әкімі Берік Уәли Мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаевпен кездесті

4 дня бұрын

Өңірдің өткені мен ертеңі сөз болды: аймақ басшысы ақсақалдар және зиялы қауыммен жүздесті

4 дня бұрын

Санитариялық-қорғаныш аймақтарына арнайы талаптар қойылды

4 дня бұрын

Ақсуатта сауда-сервис кеңейіп, бірнеше кәсіпкерлік нысандарының құрылысы жүргізілуде

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС