"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ: ЖАҢАШЫЛДЫҚ ПЕН ЖЕТІСТІК

10.04.2019
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халық игілігі үшін жыл сайын тың шаралар қабылдап, жаңашыл жоспарларды кезеңмен жүзеге асыруда. Мұнымен қатар «БЖЗҚ» АҚ өз қызметін ашық әрі жариялы түрде жүзеге асырады. Осы орайда тілшіміз еліміз бойынша бірегей Қордың Семей қаласындағы өңірлік филиалына барып, мамандарының бір күндік қызмет барысымен танысып қайтқан еді.

БАРЛЫҒЫ ДА ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН

«БЖЗҚ» АҚ-тың Семей қаласындағы өңірлік филиалы шаһардың дәл орталығында, қаланың көрнекті жерінде орын тепкен. Кең де жарық зал ішінде қаз-қатар тізілген мамандар қызу жұмыс үстінде. Сыпайы қызметкерден талон алған тұрғындар табло жанында кезек күтіп отыр.

Біз жұмыс үстеліне жақындаған сүйкімді қарындас өзін Арайлым деп таныстырды. Жас маман өз міндетін түсіндіріп өтті.

— Келушілердің өтініштері әртүрлі. Көп жағдайда жұмыс орны зейнетақы шартын сұрайды. Жеке кеңес беру бойынша, егде жастағы азаматтармен қатар, келешекте алатын зейнетақысын есептетуге келетіндер де көп. Сонымен қатар өз жинақ ақшасын көбейтудің жолын сұрастыратындар қатары артып келеді. Әр жұмыс күні операциялық бөлімге әртүрлі сұрақтармен 200-ге жуық адам келеді. Сәйкесінше, бөлім қызметкері әрбір келуші бойынша бірнеше операцияны жүзеге асырады,- дейді Арайлым Маратқызы.

Осы сәтте жас маманның алдына кезегі бойынша келген орта жастағы әйел төлқұжатын ұсынып жатып, өтініш жасады.

— Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін зейнетақы аударымын жасаудың жаңа түрі шығыпты ғой. Түсіндіріп бересіздер ме? – деді ол. Табысы аса көп болмағанымен, Қордан жеке зейнетақы шотын ашып, қамсыз қарттық үшін тұрақты түрде аударым жасағысы келетінін айтты.

— Бұл жаңа салық түрі емес. Бірыңғай жиынтық төлем дегеніміз — төлемнің төрт түрін, яғни, жеке табыс салығын, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорларына, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар жасауға жағдай туғызатын бірегей шара. Төлемнің төрт түрін бұлайша біріктіру өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды тіркеуді жеңілдету үшін жасалып отыр. Осы арқылы Сіз өзіңізді зейнетақы жүйесімен және әлеуметтік қолдау шараларымен толыққанды қамти аласыз,- деп, Қор маманы жаңадан күшіне енген бірыңғай жиынтық төлемнің мән-жайын асықпай, егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ СЕРВИС СЕНІМДІ АҚТАДЫ

«БЖЗҚ» АҚ-тың қызметтік басымдықтарының бірі – заманауи талаптарға толықтай сай болу, цифрлық технологиялар игілігіне сүйене отырып, қалтқысыз қызмет көрсету. Бұл жайында бізге зейнетақы қорының Семей қаласындағы өңірлік филиалы директорының орынбасары Ләйла Сабырқызы кеңінен әңгімелеп берді.

— Біздің орталықта сонымен қатар өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары да салымшылар мен алушыларға оператордың қатысуынсыз, өз бетімен зейнетақы қызметтерін пайдалануға мүмкіндік беріп отыр. Бұл шараның тиімділігі жоғары,– дейді басшының орынбасары.

Бұл айтылған жайтқа біз де тәжірибе жүзінде көз жеткіздік. Операциялық бөлімнің бастығы, ұзақ жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі қызметкер Ләйла Тныкина біздің қызығушылығымызға орай терминал жұмысымен таныстырып өтті. Оның айтуынша, «темір көмекшінің» қызметіне жүгіну көп қиындық туғызбайды: жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу, берілген өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау және шарттардың көшірме нұсқасын алу секілді қызметтерді санаулы секундтар ішінде пайдалануға болады. Тек бір ғана шарты — салымшылар мен алушылар ЖСН мен құпиясөз және жеке куәліктегі электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегіне жүгінуі тиіс.

Филиал мамандары айтып өткендей, БЖЗҚ салымшыға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты тегін береді. Осы орайда зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алуда электрондық тәсілдер қолданылуда. Ақпарат алу тәсілін салымшы өзі таңдайды.

— Шоттан үзінді-көшірме алудың тәсілдері көп. Соның ішінде пошта байланысы арқылы – жылына бір рет; таңдап алынған төлем кестесіне сәйкес (ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын, жыл сайын) электрондық пошта және БЖЗҚ кеңсесіне тікелей келу арқылы алуға болады. Соның ішінде интернет-хабарландыру арқылы, оның ішінде ұялы телефонға жүктелетін «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы онлайн режімінде алуға болады,- дейді Ләйла Леонқызы.

Жалпы, зейнетақы қорында биыл жаңалық көп. Мәселен, енді әр адамның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке шоты жоқ болса, оны ашу үшін Қор бөлімшесіне келіп, өтініш берудің қажеті жоқ. Биылғы жылдың 8-ші қаңтарынан бастап күшіне енген зейнетақыға қатысты жаңа заң осындай мүмкіндік беріп отыр. Яғни, алғашқы жарна келіп түскен кезде Қордың ақпараттық жүйесінде жеке зейнетақы шоты автоматты түрде ашылады.

КӨШПЕЛІ ҚЫЗМЕТТІҢ КӨШЕЛІ ІСІ

Өңірлік филиалдың барып қызмет көрсету бөлімінің басшысы Бақытжан Серікжанұлы аталмыш бөлімнің қызметімен таныстырды.

— Зейнетақы мәселелері еліміздегі барлық тұрғындарды алаңдатады. Бұл ретте жұмысбасты салымшылардың барлығы бірдей біздің бөлімшемізге келуге қолдары тие бермейді. Сол себептен біз олармен тікелей байланыс жасаудың барлық мүмкіндіктерін қарастырамыз. Соның аясында көшпелі таныстырылымдардың маңызы зор,- дейді Бақытжан Серікжанұлы. Оның айтуынша, түрлі ұйымдар мен кәсіпорындар ұжымы алдында ҚР зейнетақы жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттары, көрсетілетін қызметті электронды форматта алу мүмкіндіктері сынды көптеген мәселелер ортаға салынады. Өзекті тақырыптар бойынша арнайы әзірленген таныстырылымдар да бар. Мамандар аса қажетті мағлұматтарды слайд түрінде, түсінікті тілмен жеткізеді.

БЖЗҚ мобильдік агенттері салымшылардың үйлеріне барып, оларға көшпелі қызмет түрлерін де көрсетеді. Бұл әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарға, үйде отырған көпбалалы аналарға мейлінше тиімді. Жиі көрсетілетін қызметтер — салымшының деректемелерін өзгерту, толықтыру туралы өтініштерді рәсімдеу, жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме беру туралы келісімдер жасау сынды қызмет түрлері. Көшпелі таныстырылымды рәсімдеу үшін жұмыс берушілерге зейнетақы қоры филиалдарына қоңырау шалып, өтініш қалдырса жеткілікті.

Семей өңірлік филиалының Үржар, Қалбатау, Аягөз сынды елді мекендерде филиалдың дербес қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Бұдан өзге Курчатов қаласы, Ақтоғай стансасы, сондай-ақ Бесқарағай, Бородулиха және Қарауыл ауылдарында зейнетақы қызметтерін көрсететін арнайы жұмыс орындары бар.

Операциялық залдағы 13 маман әлі де қарбалас үстінде. Күту залының ортасындағы үлкен таблода кезекті номер тағы көрініс беріп, дыбыстық хабарлама жасалды. Құжаттарын қыса ұстаған салымшы орнынан асығыс тұрып, өзін күтіп отырған маманға беттеп барады. Бұл — жұмысқа қабілетті азаматтың өзінің әлеуметтік қорғалуына, қамсыз қарттығына жасаған үлкен қадамы екендігі хақ.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы».{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

6 минут бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

25 минут бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

23 часа бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

23 часа бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

23 часа бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

23 часа бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС