"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ІІ ҚАЛАЛЫҚ GIN КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

18.04.2019
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

GIN – жаһандық мәселелер желісі ғана емес, оны шешудің жолдарын қарастыратын серпінді жобалар мен еркін пікір алаңы. ХХІ ғасырдың нағыз көшбасшысының бойынан табылуы тиіс жаһандық азаматтық та осы GIN мақсаттарымен үндес. Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде осымен 2-ші мәрте қалалық конференция ұйымдастырылып, қоғамдағы күрделі мәселелерге бейжай қарамайтын оқушылар жобаларының басын біріктірген қорытынды жиын өтті.

— Бүгінгі конференцияға 100–ден аса оқушы қатысуда. Олар өздерінің жыл бойы жұмыс жасаған жобалары бойынша есеп беріп, бүгінгі жиында қорытындылайды. Оқушылар белсене атсалысқан бұл жобалардың қай-қайсысын алып қарасаңыз да маңызы жағынан үлкен мәнге ие. Шәкірттеріміздің бұл еңбектері «Қоғамға қызмет ету» атты үлкен тәрбиелік әлеуметтік жобаның аясында жұмыс жасады. Қоғамда мектеп жасындағы баланың қолынан келетін қайырымды істер болады. Тек соны дұрыс бағыттай білу керек. Ал жобаларды жүзеге асыру барысында әр оқушы бауырмалдық, қайырымдылық, мейірімділік сынды көптеген адами қасиеттерді бойына сіңіреді,- дейді Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Лариса Абылқасымова.

Конференцияға, қаламыздағы орта білім беру мекемелерінен өзге, Зияткерлік мектеппен серіктес «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп — интернаты», «Ана үйі», «Қарттар үйі», «Жарқын болашақ» түзету қызметтері орталығы, «Лингватаун» тіл мектебі сынды орталықтардан өкілдер келіп қатысты.

— Біз Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесе жұмыс жасап келеміз. Осының арқасында біздегі 30–ға жуық әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары ағылшын тілінде сөздік қорларын байытудан бөлек, жеке дамуына қатысты да көптеген көмектер алады. Біз Зияткерлік мектеп еріктілерінің көмегінің арқасында ағылшын тілін меңгеруде оң нәтижелерге қол жеткізе бастадық. Сол үшін үлкен алғысымызды білдіреміз,- деді «Лингватаун» мектебінің директоры Елена Михеева.

Конференцияда оқушылар жүзеге асып жатқан түрлі жобаларын ортаға салып, бір-бірлерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Әр жоба өзінің алға қойған мақсатымен құнды. Мәселен, «Тарбағатай» шаңырағы мүшелерінің «Аялы алақан» жобасы Даун синдромына шалдыққан балаларға көмек беруге бағытталған. Шаңырақ мүшелері қаламыздағы осы дертке душар болған балаларға психологиялық-моральдық көмек берумен қатар, олардың осы қоғамның бір мүшесі екенін түсіне білуге үйретеді. Осының өзі тәрбие әдісінің бірі болып табылады.

Конференция жұмысы жиналғандар көңілінен шығып, қатысушылар арнайы сертификаттар мен сыйлықтарға ие болды. Алдағы уақытта мұндай шаралар жалғасын таба бермек.

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі.{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПАРЛАМЕНТТІК РЕФОРМАСЫ ЦИФРЛЫҚ ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ БОЛУҒА ТИІС

16.01.2026
СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПАРЛАМЕНТТІК РЕФОРМАСЫ ЦИФРЛЫҚ ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ БОЛУҒА ТИІС

Өкілді билікті цифрлық трансформациялау – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың толық цифрлық мемлекет құруға арналған стратегиялық бағдарының ажырамас бөлігі. Бұл туралы Сенат...

Толығырақ...Details

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: ПАРЛАМЕНТТІҢ ЖАҢА САПАСЫ – ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢІ

16.01.2026
СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: ПАРЛАМЕНТТІҢ ЖАҢА САПАСЫ – ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢІ

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалардың мәні – 5: Ықпалды Парламент» атты жаңа мақаласында болашақ Парламенттің институционалдық келбетіне ерекше мән берілген....

Толығырақ...Details

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: БІРІККЕН ПАРЛАМЕНТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

15.01.2026
СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: БІРІККЕН ПАРЛАМЕНТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір палаталы Парламентке көшу туралы бастамасы саяси ауқымды реформалардың заңды жалғасы. Ол кемел қоғамның әділетті және теңгерімді...

Толығырақ...Details

Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

15.01.2026
Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бесінші отырысы өтті. Жиында Парламентаризм институтының директоры Наталья Пан...

Толығырақ...Details

Өңірде «Халық бухгалтері» акциясы бастау алды

15.01.2026
Өңірде «Халық бухгалтері» акциясы бастау алды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бастамасымен 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап еліміздің барлық өңірлерінде жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Семейдегі дарынды балаларға білім беретін лицейде болды

15.01.2026
Облыс әкімі Семейдегі дарынды балаларға білім беретін лицейде болды

Semeytany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласын аралау барысында дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-Инновация» лицейіне барып, оқу орнының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПАРЛАМЕНТТІК РЕФОРМАСЫ ЦИФРЛЫҚ ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ БОЛУҒА ТИІС

3 часа бұрын

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: ПАРЛАМЕНТТІҢ ЖАҢА САПАСЫ – ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢІ

3 часа бұрын

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: БІРІККЕН ПАРЛАМЕНТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

3 часа бұрын

Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

3 часа бұрын

Өңірде «Халық бухгалтері» акциясы бастау алды

4 часа бұрын

Облыс әкімі Семейдегі дарынды балаларға білім беретін лицейде болды

4 часа бұрын

Өңір басшысы жаңа нефрологиялық қызметтің жұмысымен танысты

15 часов бұрын

Жаңа Парламент қалай жұмыс істейді: Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының реформалары туралы

15 часов бұрын

Берік Уәли Иранбек Оразбаевпен жүздесті: Абай мұрасы мен өңір мәдениеті талқыланды

1 день бұрын

Мақаншыда «Інжу-Маржан» бөбекжайы ашылып, 52 жаңа жұмыс орны құрылды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС