"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Бердібек Сапарбаев: МҰҚТАЖДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚТЫ АЖЫРАТА БІЛУ КЕРЕК

23.04.2019
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет мүшелерінен тұратын жұмыс тобы келді. Мәртебелі меймандарды ШҚО әкімі Даниал Ахметов  қарсы алып, шаһардағы бірқатар әлеуметтік маңыздылығы жоғары нысандар жұмысымен таныстырды.

Ең алдымен қонақтар Жедел жәрдем ауруханасында болып, ондағы жұмыс барысына қанықты. Облыс әкімі жақын арада бұл мекеменің халықаралық JCI стандарты сертификатына қол жеткізетіні туралы айтып өтті. Осы арқылы аталмыш аурухана әлемдегі ең үздік емдеу мекемелерінің қатарына өтеді. Облысымыздағы бірегей медицина мекемесінде жаңашылдықтар көп. Атап айтсақ, алдағы мамыр айында ауруханада гибридті операция жасайтын арнайы зал ашылады.

-Біз операция жасайтын залды халықаралық стандарттарға сай жабдықтап отырмыз. Арнайы ангиограф та орнатылды. Мұндай ангиограф Ресейде де жоқ. Гибридті операция өткізілетін залда жылына 3 мың операция жасалмақ. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін 1,8 млрд теңге бөлінді,- деді меймандарды аурухана жұмысымен таныстырған аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлы.

-Ангиографтың жұмысы ерекше, заманауи құрал-жабдық науқас үшін тиімді,- деді бұл ретте түсінік беріп өткен ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов.-Бұл ангиографты нейрохиругия, гинекология, урология, кардиохирургия, абдоминальды хирургия салаларында пайдалануға болады. Сонымен қатар бұл ота залында үш операция жүргізуге мүмкіндік бар.

Жедел медициналық жәрдем ауруханасында облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова денсаулық сақтау саласының 2017-2019 жылдарға арналған бағдарламасымен де таныстырып өтті.

Ал ертеңгісін мәртебелі қонақтар Семей қаласындағы №2 Халыққа қызмет көрсету орталығында болып, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен және өңірдегі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты.

Бұл ретте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ШҚО филиалының директоры Асхат Жарылқасынов аймақта 25 фронт-офис, оның ішінде Семей қалалық мамандандырылған ХҚО жұмыс істеп тұрғанын тілге тиек етті. Ал ағымдағы жылдың басынан бері филиал 510 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетіпті.

Бұл орталықтағы атқарылып жатқан жұмыстарға әсіресе Гүлшара Әбдіқалықова мен Бердібек Сапарбаев ерекше назар аударды. Меймандар ХҚО-да енгізілген жаңалықтармен танысып, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бағытында жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы мағлұматтар алды. Мұнымен қоса мәртебелі қонақтарға азаматтардың «Электрондық үкімет» порталында бір реттік смс-пароль және электронды-цифрлық қолтаңба арқылы қажетті электрондық қызметтерді өз бетінше алудың артықшылықтары жайлы да айтылды.

Осыдан кейін меймандар қаламыздағы бірегей оқу орны ҚазИГЗУ-ге ат басын бұрды. Университеттің мәжіліс залында қала активімен кездесу өтті. Бұл басқосуға Семейдегі қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер төрағалары, мәслихат депутаттары, БАҚ өкілдері мен көпбалалы аналар қатысты.

Жиын модераторы- облыс әкімі Даниал Ахметов меймандарға кезегімен сөз беріп отырды. Көпшілік алдында алғашқы болып сөз алған ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Наушақызы аталмыш жұмыс сапарының маңыздылығы мен мақсатына тоқталып өтті. Өз сөзінде Елбасы тапсырмаларынан туындайтын, еліміз бойынша қолға алынған әлеуметтік бағдарламалардың мән-маңызы мен негізгі бағыттарын түсіндірді.

-Біз, Үкімет мүшелері, арнайы топ құрып барлық облыстарды аралап жүрміз. Мақсатымыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларының, әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға бағытталған шаралардың өңірлердегі орындалу барысымен танысу және түсіндіру,- деп атап өткен Г.Наушақызы көпбалалы отбасыларды қолдауға бағытталған жұмыстар қатарымен таныстырды. ҚР Премьер -министрі орынбасарының айтуынша, еліміз бойынша жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекпен қамту ісі қазіргі күні қызу жүргізілуде. Сонымен қатар айлықтары төмен бюджеттік қызметкерлердің жалақысы да көтерілмек. Сондай-ақ үшінші бағыт — баспана мәселесі бойынша бірнеше бағдарламалар қабылдануда. Соның ішінде кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға алдағы мамыр айынан бастап барлық облыстар бойынша пәтерлер беріле бастайды.

Ал ШҚО-да 46 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев өз баяндамасында айтып өтті. Бердібек Мәшбекұлы Г.Наушақызының сөзін қуаттап, бірінші маусымнан бастап білім, мәдениет, медицина, спорт, әлеуметтік сала қызметкерлерінің, облыстық және аудандық әкімдік мамандарының еңбекақысы 15-30 пайыз көлемінде өсетінін жеткізді.

Министрдің айтуынша, бұл өзгеріске байланысты барлық нормативтік актілер мен бұйрықтарға қазіргі күні толықтай қол қойылған.

Көпбалалы отбасыларға берілетін төлемге Қазақстан бойынша ең кемі 830 мыңға жуық адам қол жеткізбек. Оның ішінде 46 мың шығысқазақстандық бар.

— Бірінші сәуірге дейін бір адамға берілетін атаулы көмек 4834 теңге болса, енді бұл сома 20789 теңге болмақ. Табысты қайта есептеу кезінде әлеуметтік төлемақылар мен шәкіртақы есептелмейді. Енді халықтан зейнетақы мен қолдағы азын-аулақ малдан түсетін табысты есептеуге өзгеріс енгізсеңіздер деген ұсыныстар түсуде. Бағдарлама 10 жылға арналған. Ол жағын да ойластырып жатырмыз.  Ұсыныстың бәрі кезең-кезеңімен, заңға сәйкес қаралады,- деді Бердібек Сапарбаев. Бұл ретте ең кемі 1 млн 100 мыңнан астам қазақстандықтың еңбекақысы көтерілетін болады.

Тағы бір жайт, министрдің айтуынша, мүгедектік бойынша төленетін жәрдемақы көлемі 10 мың теңгеге өспек. Мұндай көмекке еліміз бойынша 100 мыңнан астам адам мұқтаж. Шығыс Қазақстан бойынша 6000-нан астам адамға аталған жәрдемақы тағайындалмақ.

Еліміз бойынша жаңадан қолға алынған әлеуметтік көмек берудің тәртібін түсіндіріп өткен Бердібек Мәшбекұлы сонымен қатар «мұқтаждық пен масылдықтың да аражігін ажырата білген жөн» екендігін айтып өтті.

Келесі кезекте ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шамшиддинова сөз алып, еліміздегі білім саласындағы жаңашылдықтарға тоқталды. Мектептердегі білім сапасын арттыру, мұғалімдерді қайта даярлау курстарынан өткізу жоспары туралы айтып өткен министр төмен жалақы алатын ұстаздардың да еңбекақысы көбейетінін жеткізді.

Жиын барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мырза да сөз алып, қазіргі таңда денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Елбасының бастамасымен қолға алынған қазақстандық медицинаның қызмет көрсету сапасын арттыру, алғашқы медициналық көмек көрсету шараларын жаңадан жүйелеуге байланысты жоспарлы түрде кеңінен жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы айтып өтті.

Жиынға қатысқан семейлік көпбалалы ана, 6 перзент тәрбиелеп отырған Анар Сүлейменова аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қолдау жасап отырған Елбасыға, ел Үкіметіне алғысын білдірді.

Осыдан соң мәртебелі меймандар университеттің «Абай әлемі» атты кең көлемді кітап көрмесімен танысты.

«Абай әлемі» кітаптар топтамасы — «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы негізінде еліміздің мәдениеті мен әдебиетінің дамуына ықпал етуге, жерлес ұлы тұлғалар мен ақын-жазушылардың туындыларын қайта жаңғыртып, баспадан шығаруға, көркем әдебиет арқылы жастарды отансүйгіштікке баулуға бағытталған бес жылға арналған әдеби жоба.

Айта кетсек, өткен жылы жоба аясында шығыстық авторлардың 16 атаулы кітабы жарыққа шығып, облыс кітапханаларына таратылыпты.

Аталмыш жоба аясында Абай шығармалары қазақ және орыс тілдерінде жарық көріп, оқырмандарға ұсынылған. Бұл кітаптың басты ерекшелігі – алғы сөз ретінде абайтану бастауында тұрған Кәкітай Ысқақұлының, Ахмет Байтұрсынұлының, М.Әуезовтің мақалалары бірге жария-ланған. Сол тәрізді Шәкәрімнің 160 жылдығы қарсаңында шығармалары 2 том болып жарық көрген.

Сонымен қатар шығыстан шыққан балалар жазушысы, Х.К.Андерсен атындағы Құрмет дипломының иегері Марат Қабанбаевтың балаларға арналған «Четыре времени родной земли» атты прозалық шығармалары орыс тілінде облысымызда алғаш рет жарық көріп, жасөспірімдерге ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш жоба аясында кітаптар топтамасын баспадан шығару үшін ақын-жазушылардың шығармаларын бағалау және жариялау жөніндегі редакциялық алқаның төрағасы ретінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Медеу Сәрсеке қызмет етуде.

Алдағы жоспар ауқымды. Мәселен, биылғы жыл Жастар жылы болып жарияланғандықтан, шығысқазақстандық жас таланттардың шығармалары да жарық көрмек.

Іссапар аясында мәртебелі қонақтар қаладағы тағы бірқатар нысандарда болды. Атап айтсақ, ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшиддинова Семейдегі ең үздік білім беру ошақтарының бірі Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын №5 көпбейінді гимназияға, Семей қаласындағы №49 орта мектепке барды. №49 орта мектепте ашылған «Педагогикалық — психологиялық түзету» кабинетінде болды.

Білім министрі НЗМ стандарттарына сәйкес жаңа технологиялармен жабдықталған Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын №5 көпбейінді гимназияның заман талабына толықтай сай екенін атап өтіп, жоғары баға берді.

Күләш Шәмшиддинова «№49 орта мектепте «Дара» қорының көмегімен ашылып, бүгінгі күні 400-ден астам баланы қамтып отырған «Педагогикалық — психологиялық  түзету» кабинетінде әр балаға мейлінше қолайлы жағдай жасалғанын көріп, жылы пікір білдіріп өтті. Күләш Ноғатайқызы педагогикалық ұжыммен кездесіп, ұстаздарды толғандырып жүрген сұрақтарға кеңінен жауап берді. Министрге кітапханашылар мен әдіскерлердің еңбекақысы, критериалды бағалау, шет тілдерді енгізу жүйесі туралы сұрақтар қойылды.

— Еліміздегі білім беру жүйесінде әлі де үлкен өзгерістер болады. Біз алдымызда отырған оқушылардың, олардың ата-аналары мен мемлекет алдында жауаптымыз. Бүгінде заман талабына орай еңбек нарқы өзгеріп жатыр. Сондықтан да бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу өте маңызды. Балаларды ойлануға, ойын жеткізе білуге үйретуіміз қажет,- деді өз сөзінде Күләш Шәмшиддинова.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Астана қаласында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының Республикалық «Рухтастар» сыйлығы табысталды

15.12.2025
Астана қаласында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының Республикалық «Рухтастар» сыйлығы табысталды

Биыл бесінші рет ұйымдастырылған іргелі іс-шарада қоғамдық бастамаларға айрықша үлес қосқан еліміздің ең белсенді жас азаматтары марапатталды. Салтанатты рәсімге Мәжіліс...

Толығырақ...Details

Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді

15.12.2025
Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді

2025 жылдың қорытындыларын талдау мақсатында Қазақстанның барлық өңірін қамтыған және 1000 респонденттің қатысуымен жалпыұлттық әлеуметтанулық сауалнама өткізілді. Зерттеу нәтижелері азаматтардың өтіп...

Толығырақ...Details

Семейде «Жошы хан» және «Бату хан» тарихи романдарының тұсаукесері өтті

15.12.2025
Семейде «Жошы хан» және «Бату хан» тарихи романдарының тұсаукесері өтті

Тәуелсіздік күні қарсаңында Абай облысы әкімінің қолдауымен, Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен жазушы, «Құрмет» орденінің иегері, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты...

Толығырақ...Details

Айбек Смадияров Президент әкімшілігінде жаңа лауазымға тағайындалды

15.12.2025
Айбек Смадияров Президент әкімшілігінде жаңа лауазымға тағайындалды

Айбек Смадияров Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. “Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің...

Толығырақ...Details

АДАЛ АЗАМАТ: «ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН ТУҒАН ЕР»

15.12.2025
АДАЛ АЗАМАТ: «ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН ТУҒАН ЕР»

Өрт сөндіруші - адам өмірін құтқару үшін өз өмірін тәуекелге тігу, қиындықпен бетпе-бет келіп, кез келген сәтте «мен барамын» деп...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданының екі ауылында 4G интернет желісі қосылды

15.12.2025
Бесқарағай ауданының екі ауылында 4G интернет желісі қосылды

Ерназар ауылдық округіне қарасты «Морозов» орман шаруашылығы мен Канонерка ауылдық округінің Қара-Мырза ауылында 4G мобильді интернет желісі қолданысқа берілді. 🌎Жалпы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Берік Уәли Абай облысының жұртшылығын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

2 часа бұрын

Астана қаласында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының Республикалық «Рухтастар» сыйлығы табысталды

1 день бұрын

Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді

1 день бұрын

Семейде «Жошы хан» және «Бату хан» тарихи романдарының тұсаукесері өтті

1 день бұрын

Айбек Смадияров Президент әкімшілігінде жаңа лауазымға тағайындалды

1 день бұрын

АДАЛ АЗАМАТ: «ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН ТУҒАН ЕР»

1 день бұрын

Бесқарағай ауданының екі ауылында 4G интернет желісі қосылды

1 день бұрын

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жыл қорытындысын шығаруда: Қазақстанда мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 12%-ға ұлғайды

1 день бұрын

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ҚР Үкіметінің қорытынды баспасөз конференцияларының сериясы басталды

1 день бұрын

Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы жұмысының қорытындысы

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС