Аймақ басшысы Семей медицина университетінің ғимаратында орналасқан №93 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.
Абай облысында сайлаушылардың жалпы саны 400 074 адамды құрайды. Өңірде 4036 мүшеден тұратын 632 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Олардың 13-і аумақтық, 155-і округтік және 464-і учаскелік сайлау комиссиясы.
Өңір бойынша мәслихаттардағы 174 депутаттық мандатқа 523 кандидат тіркелген. Оның ішінде 47 үміткер партиялық тізім бойынша, 476 кандидат бірмандаттық округтер бойынша сайлауға қатысуда.
Сайлау қорытындысы бойынша облыстық мәслихатқа 30, қалалық мәслихаттарға 33, ал аудандық мәслихаттарға 111 депутат сайланады.







