"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОРАЗА ІЗГІЛІККЕ ТОЛЫ БОЛСЫН!

03.05.2019
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Алдағы дүйсенбі, 6-шы мамыр — күллі әлем мұсылмандары үшін қасиетті Рамазан айының алғашқы жұлдызы. Қазіргі күні ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораздың тапсырмасымен жер-жерлердегі мешіттерде оразаға даярлық жұмыстары пысықталып жатыр. Осы және де дініміздегі бес парыздың бірі — ауыз бекітудің шарттары мен мешіттердегі атқарылар шаралар туралы апта бейсенбісінде діни басқарманың Семей өңіріндегі өкіл имамы Мақсат қажы Алтыбайдың қатысуымен арнайы брифинг болып өтті.

БАҚ өкілдері алдында Мақсат Қуанышұлы бұл ерекше айдың ата дініміздегі алар орны жайында кең көлемде түсінік беріп өтті. Сонымен қатар ауыз бекітіп, өзін рухани тұрғыдан тәрбиелеуге ниеттенген жұртшылық үшін ескерер бірқатар жайтқа тоқталды.

— Ең бірінші, сіздерді бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің атынан және өз атымнан, Семей қалалық мешіттерінің имамдары атынан келе жатқан Рамазан айымен шын жүректен құттықтаймын. Оразаның алғашқы күні мамырдың 6-шы жұлдызы болып бекітілді. Ал 5-і күні кешкісін барлық мешіттерде тарауих намазы жамағатпен бірге оқылады. Биылғы ораза 30 күн. Ал алдағы маусым айының 5–ші жұлдызында айт намазы оқылады, — деп  түсінік берді. — Мамырдың 31-нен маусымның 1-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. Бұл түнді дұға-тілекпен өткізген абзал. Ерлер мешітке келіп тарауих намазына тұрса, әйелдер мен қыздар үйлерінде отырып, ізгі тілекте болғаны абзал. Қадір түніне орай телеарналардан арнайы танымдық-тағылымдық бағдарламалар беріледі. Жалпы, діни түсінігіңізді арттырудың өзі білім алу тәрізді сауабы мол ғибадатқа жатады, — деді бұл ретте өкіл имам.

Сонымен қатар Мақсат қажы биылғы жылғы пітір садақасының көлемі әр адам үшін 300 теңге болып бекітілгенін жеткізді. Сондай-ақ ораза ұстау кімдерге парыз деген сауал төңірегінде бұл ғибадат жолаушы емес, денсаулығы көтере алатын, балиғат жасына толған әрбір адамға міндет болатынын айтып өтті.

Өңіріміздің бас имамы сондай-ақ Рамазан айында күндізгі болатын қатым — астарды кешкі мезгілге, ауызашар уақытына ауыстыру керектігі жайында семейлік көпшілікке өтініш жасады. Мұнымен қоса мейірім мен кешірім айы саналатын осы айда көбірек жақсы амалдар жасап, қайырымдылық шараларын жиі ұйымдастыру ләзім екенін де жеткізді. Себебі, хадисте айтылғандай, Жаратушының рақымы ерекше төгілетін осынау қастерлі айдағы әр жасалған жақсылық 70-тен жеті жүз есеге дейін арттырылады.

Бас имам сонымен қатар алдағы уақыттарда жергілікті мешіттер тарапынан іргелі бастамалар қолға алынып жатқанын айтып өтіп, ол туралы өз уақытында ақпарат берілетінін жеткізді.

«СТ» ақпарат.{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім...

Толығырақ...Details

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

26.06.2026
30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

Қазақстан Парламенті отыз жылдан астам уақытта 3,5 мыңға жуық заң қабылдап, елдің құқықтық жүйесін қалыптастыру мен мемлекеттілікті нығайтуға елеулі үлес...

Толығырақ...Details

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

26.06.2026
Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді. — Мен Парламенттегі қайнаған еңбектің, онда...

Толығырақ...Details

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

26.06.2026
Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Құрылтайдың технологиялық прогрестің жетекші факторы боларына үміт білдірді. Депутаттар заң шығару қызметінде цифрлық технологиялар мен...

Толығырақ...Details

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Қазақстан президенттік республика болып қала береді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. — Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

26.06.2026
Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа конституциялық орган — Қазақстан Халық Кеңесінің атқаратын қызметтері жөнінде мәлімдеме жасады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

9 часов бұрын

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

9 часов бұрын

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

9 часов бұрын

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

9 часов бұрын

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

9 часов бұрын

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

9 часов бұрын

Ұлттық банктің негізгі пайыздық ставкасына қатысты мәселені пайымдап шешу керек — Президент

9 часов бұрын

Мемлекет басшысы: 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

9 часов бұрын

Тоқаев: Алдағы екі жылда 200-ден астам жаңа өндіріс орны ашылады

9 часов бұрын

Президент Қазақстанды Еуразияның іскерлік хабына айналдыру жөнінде айтты

9 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС