"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАРТЫ ҒАСЫРДАН СОҢ ЖАҢАРУДА

25.06.2019
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейдегі тағы бір тарихи-мәдени нысан Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтің тікелей тапсырмасына орай күрделі жөндеуден өткізілетін болды. Атап айтсақ, шаһар төрінде орын тепкен Ф.Достоевский музейінің аумағына жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Айта кетсек, Ф.Достоевский музейі Қазақстанның киелі 100 нысаны тізіміне енгізілген болатын. Осыдан бір ай бұрын облыс әкімі Даниал Ахметов Семей қаласына жасаған арнайы іссапары барысында аталмыш музейге келіп, оның материалдық тұрғыдан жабдықталуына да көңіл аударған болатын. Міне, сол кезде облыс басшысы қаладағы рухани орындарды басты назарда ұстауды ескерте келіп, аталмыш нысанға жөндеу жүргізу қажеттігін айтқан еді.

— Мұнда жөндеу жұмыстары жүргізілмегеніне жарты ғасырдан асатындай уақыт болған шығар. Бүгінде музейде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанына біз, әрине, ерекше қуаныштымыз. Ендігі аралықта музейдің аумағы жаңарып, жаңадан газондар мен гүлзарлар пайда болады. Музейдің сыртқы көрінісінен бөлек, ішіне және ескерткіштің өзіне де біршама жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жалпы, біздің музейдің жәдігерлерін тамашалауға өте көп адам келеді, қазірдің өзінде де ағылып келіп жатыр. Мәселен, жыл сайын еліміздің әр түкпірінен 15 мыңға жуық туристер музейді арнайы келіп тамашалайды, — дейді аталмыш әдеби-мемориалды музейдің директоры Ирина Соловьева.

Қазіргі таңда осынау музейді жөндеу үшін алты миллионнан астам қаражат бөлінген.

Жалпы, бүгінде әлемде жазушы Федор Достоевскийдің өмірі мен шығармашылығына арналған жеті музей бар екен. Семейдегі музей соның бірегейі саналады. Бүгінгі күні мұнда тіпті шетелдерден де келетін қонақтар көп. Бұл орында Достоевскийдің өмір сүрген кезеңін сезінуге зор мүмкіндік бар.

Айта кетсек, Федор Достоевский Семейге 1854 жылы көктемде әскери қызметін атқару үшін  келген. Сібірлік жетінші жүйелік бөлім батальонында жеке қызметкер лауазымына көтеріледі. Бірақ ауруына байланысты қызметінен кетеді. Қазіргі музей ғимаратын 1857-1859 жылдары пәтер үшін жалдап тұрған екен.  Алғашында казармада, кейінірек басқа пәтерлерді де жалдап тұрған. Бірақ пошташы Лепухиннің осы үйі ғана бертінге дейін сақталып қалған. Осында  жазушы өзінің бірінші жұбайы Мария Исаеваны жолықтырады. Кузнецк қаласында некеге тұрғаннан кейін, Достоевский қызметтен босатылып, қаладан кетуіне рұқсат алғанға дейін Семейге қайта оралып, екі жарым жыл осы үйде тұрады. Сол жылдары ғалым-саяхатшы Шоқан Уәлихановпен  танысып, достық қарым-қатынастары нығаяды.

Ал Семей қаласының тұрғындары мен қала қонақтары музейдің жаңарған бейнесін алдағы шілде айында көре алатын болады. Музей қызметкерлері мен қаладағы тарихи нысандардың жанашырлары осындай үлкен қамқорлық көрсеткені үшін облыс басшылығына ризашылық білдіруде.

Өз тілшіміз.{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

13.08.2026
Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және талантты әрі болашағы зор кадрларды...

Толығырақ...Details

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

13.08.2026
Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

Сайлауалды күн бірнеше форматта өтті. Еңбек ұжымдары және кәсіби қауымдастық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, экологиялық іс-шаралар өтіп, мобильді штабтар жұмыс істеді....

Толығырақ...Details

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

12.08.2026
Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

Абай облысында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық заңнама талаптарының сақталуы бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Экология департаментіне...

Толығырақ...Details

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

12.08.2026
Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

Колоректальды обыр – қазіргі онкологиядағы өзекті мәселелердің бірі. Жыл сайын Қазақстанда бұл ауру бойынша 4 мыңға жуық жаңа жағдай тіркеледі....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

2 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

3 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

4 дня бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

4 дня бұрын

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

5 дней бұрын

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

5 дней бұрын

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша Департамент жұмысының қорытындылары

5 дней бұрын

АЭС және радиациялық қауіпсіздік: Қазақстан мамандарды қалай даярлап жатыр?

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС