"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Даниал АХМЕТОВ: ДАҢҒАЗАЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙ, ЖҰМЫЛА ЖҰМЫС ІСТЕУ ҚАЖЕТ

06.09.2019
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сәрсенбі, 4 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыстық актив жиынын өткізіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 қыр-күйектегі Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Жиынға аймақ басшысы Даниал Ахметов, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, саяси партиялардың, қоғам-дық бірлестіктердің өкілдері, кәсіпкерлер, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік и{jcomments off}нспекторы Талғат Байзатов қатысты.

Семей қалалық әкімдігінде мемлекеттік қызметкерлер мен мәслихат депутаттары облыстық актив жиынын онлайн түрде көру мүмкіндігіне ие болды.

Жолдауда айтылған басым-дықтарға назар аударған облыс басшысы Даниал Ахметов бұл құжат аясында аймақта атқарылатын жұмыстарға екпін берді. Жолдаудың «Заман талабына сай тиімді мемлекет» атты бірінші бөліміне тоқталған Даниал Ахметов облыс әкімінің аппаратына, қалалар мен аудандардың әкімдеріне халықпен жұмыс істеуді күшейтуді, азаматтардың қоғамдық қабылдау бөлмесімен байланысқа шығу мүмкіндігін арттыруды тапсырды. 2022 жылға қарай тұрғындардан келіп түскен сұрақтардың 90%-ы қанағаттанарлық жауап алуы керек.

Халық сеніміне ие болу үшін барлық деңгейдегі басқармалар мен бөлім басшылары, әкімдер әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларын белсенді жүргізіп, сапалы, нақты және шынайы ақпарат жеткізуі, тұрғындармен тікелей эфир, сұрақ-жауап арқылы байланысқа шығып отыруы тиіс.

Аймақ басшысы осындай тапсырма берді. Сонымен қатар әкімдер қоғамдық қабылдау бөлмелерінде азаматтарды сан-дық форматта қабылдайтын болады, яғни онлайн байланысқа шығады.

Аймақ басшысы өз баяндамасында, Жолдауда айтылғандай, аймақта шағын және орта кәсіпкерлікке нақты қолдау жасалатынын, келер жылдан бастап олар үш жылға дейін салықтан босатылатынын, сонымен бірге жұмыс берушілердің қызметкерлер үшін қосымша 5 пайыздық зейнетақы жарнасын аударуы 2023 жылға дейін шегерілетінін айтты.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы атап көрсеткендей, облысымызда кәсіпкерліктің дамуына, білім беру, медициналық қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеруге және туризм саласын түбегейлі дамытуға бұрынғыдан да ерекше көңіл бөлінеді. Семейде елімізде алғашқы болып гибридті ота залы ашылды, жақын арада Жедел медициналық жәрдем ауруханасы халықаралық стандарттарға сай жұмыс істейтін болады. Онкология орталығы заманауи құралдармен жабдықталуда. Сонымен қатар бір жылдан кейін Семейде Ядролық медицина және онкология орталығы ашылады деп жоспарлануда. Бұл орталық онкологиялық ауруларды ерте бастан анықтауға және емдеуге үлкен мүмкіндік бермек. Дәрігерлердің біліктілігін көтеруге көп көңіл бөлудеміз, — деді Д.Ахметов.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстары күн тәртібінен түспейді. Бұл бағытта облыста «Шығыс – адалдық алаңы» жобасы әрі қарай жалғаса береді. Құқық қорғау органдарының қызметі күшейтіледі. Жастар жылы аясында ауқымды шараларды қамтыған жастар форумы өтеді, қоғамдық қабылдаулардың жұмысы қайта жанданады. Сондай-ақ аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына қолдау көрсету жалғаса береді. Облыста отбасылық табысы азайған тағы 144 көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмекке ие болады. Туризмді дамыту бағытында Алакөл жағалауын жаңғырту, абаттандыру, жаңа нысандар салу әрі қарай жалғасады. Сонымен қатар жақында Катонқарағай ауданында «Алтай» емдеу-сауықтыру орталығының құрылысы басталады.

Түлектерге берілетін грант саны көбейеді. Облыс, қала, аудан әкімі есебінен берілетін грант санының өсуіне байланысты соңғы үш жылда аймақта шетелге оқуға кететін түлектер саны 3 есеге азайған. Өскеменде физика-математика бағытындағы зияткерлік мектеп ашылады. Мұғалімдерді біліктілікті арттыру курстарынан өткізу 2 есе көбейеді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығын, сүт өндірісін дамыту жұмыстары жалғаса береді.

Актив жиынында Даниал Ахметов «Nur Оtan» партиясының облыстық, қалалық және аудандық филиалдарына «Халыққа көмек» жобасы аясында халықпен кері байланыс орнатуды, қоғамдық қабылдаулардың жұмысын күшейтуді тапсырды.

Мемлекет басшысы Жол-дауында «Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет. Біздің ұстанымымыз: «Ел бірлігі – оның әралуандығында!». Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек»,- деп атап көрсеткені белгілі. Облыс әкімі бұл бағытта да жұмыс істеу қажет екенін, облысымызда өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрететін 12 орталық ашылатынын жеткізді. Сонымен қатар Тәуелсіздіктің 30 жылдығын жоғары деңгейде атап өту үшін жүйелі жоспар жасау туралы тиісті бөлім басшыларына, мәдениет саласы қызметкерлеріне тапсырма берді.

Келер жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еріктілер жылы деп жариялады. — Еріктілер жылы қарсаңындағы басты міндет — азаматтардың, әсіресе еріктілердің қызметімен айналысатын жастардың санын арттыру, — деді облыс басшысы.

Сонымен қатар аймақ басшысы ШҚО-да Инвесторларды тарту және инвестициялық жобаларды дамыту орталығы ашылатынын мәлімдеді.

— Осы жылдың жеті айында облыс экономикасына шамамен 335 миллиард теңге инвестиция тартылды. Осы айда облыста инвесторларды тарту және инвестициялық жобаларды дамыту орталығы ашылады. Бұл орталық инвестициялық жобаларды қолдау үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыруға көмектеседі, — деді Даниал Ахметов.

Даниал Кенжетайұлы Жол-дауда айтылған барлық бағыт-тарды талқылап, әкімдер мен қоғамдық ұйымдарға, партия мүшелеріне тиісті тапсырмалар жүктеді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы

 

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

5 дней бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

5 дней бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

6 дней бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

6 дней бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

1 неделя бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2 недели бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

2 недели бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

2 недели бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 недели бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС