"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАСӨСПІРІМДЕР ТӘРБИЕСІ ТҰРАҚТЫ НАЗАРДА

18.10.2019
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласы әкімдігінде ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың, білім басқармасы басшысы Сайрангүл Жұмаділованың, қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаевтың, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағаларының, мемлекеттік мекеме өкілдерінің қатысуымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.

Отырыс барысында патронаттық тәрбиедегі балалардың құқықтарын қорғау, мектеп асханаларын жаңғырту, Жастар жылына арналған іс-шаралардың іске асырылуы мәселелері қаралды.

Патронаттық тәрбиедегі балалар бүгінде мемлекет қамқорлығында. Ай сайын бұл санаттағы балалар мен олардың тәрбиешілеріне жәрдемақылар тағайындалып, психологиялық және құқықтық кеңестер беріліп отырады. Дегенмен мәселе де жоқ емес. Айталық, Бесқарағай ауданында патронаттық тәрбиедегі кәмелет жасына жетпеген бала өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмған. Әсем Бекқызы отырыс барысында Бесқарағай ауданының білім бөлімінің басшысы Самат Омарғазиннен қайғылы оқиғаның себебін сұрады.

– Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық кодекстің өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу туралы 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, — деді С.Омарғазин.

Отырыста қаралған екінші мәселе мектеп асханаларын жаңғырту жүйесіне қатысты болды. Қазіргі күні Өскеменде мектеп асханаларын жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда. Конкурсты жеңіп алған кәсіпкерлер өз есебінен мектеп асханаларын жаңғырту және жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Он жылға дейін ұзарту құқығымен жеті жылға жалға беріледі.

Мемлекеттік — жекеменшік әріптестігі (МЖӘ) инвестиялық жобасы үшін конкурстық құжаттаманы ШҚО МЖӘ өңірлік орталығы әзірледі. Асханаларды жөндеу жұмыстары мен қажетті жабдықтардың тізбесін мектеп директорлары ұсынды, ал мәзірді әзірлеуге технолог мамандар тартылған. Аз қамтылған отбасылардың балалары үшін ыстық тамақ құны 309 теңгені, қалған оқушылар үшін 350 теңгені құрайды.

Бүгінгі таңда облысымызда 655 мектеп жұмыс істейді. Оның ішінде 48-і Өскемен қаласында. Аталған жобаға Өскемен қаласының 44 мектебі қатысқан, ал қалған төрт мектеп соңғы талаптарға сай жабдықталған.

ШҚО білім басқармасы салалық және экономикалық сараптамадан өткен конкурстық құжаттаманың 44 пакетін әзірледі. Конкурс қорытындысы бойынша 35 мектеп асханасына Өскеменнен 14 жеке серіктес және Павлодардан 1 серіктес анықталып, олармен МЖӘ шарттары жасалды.

Білім басқармасы мамандарының айтуынша, жаңғырту жұмыстары барысында жаңа жабдықтар сатылып алынып, жөндеу жүргізіледі. Мектеп асханаларының эстетикалық келбеті өзгеріп, тамақ сапасы жақсарады.

Келесі жылы Семейдің 44 мектебінде мектеп асханаларын жаңғырту жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Жастар жылында атқарылған шаралар туралы ШҚО Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Арайлым Есімбекова баяндады. Баяндамашының айтуынша, бүгінгі күні облыста 264 990 жас бар. Оның ішінде 175 мыңы жұмыс істесе, 6,9 мың жас жұмыссыз деп көрсетілген.

Облыста 20 жастар ресурстық орталығы, 8 ЖОО мен 82 колледж бар. ЖОО бітірген түлектер үшін аудандарда әр оқу орындарының күндері өткізілсе, техникалық білім алатын студенттерді жұмыспен қамтамасыз ету үшін «Қайратты жастар» шарасы өтеді. Шара барысында студенттер зауыттардың ішкі тыныс-тіршілігімен таныса алады. Сонымен қатар жыл сайын «Студенттік көктем» сайысы, бос орындар жәрмеңкесі, түрлі тренингтер мен сайыстар өткізіледі. Бүгінгі күні «Zhas project» жобасының 80%-ы жұмысы істеп тұр. «Jasa» жобасы бойынша 57 жоба үздік деп танылған. «Жас кәсіпкер» жобасына 1300 жас қатысып, екінші кезеңнен өткен 330 жас 505 мың теңгеден грант иегерлері атанып отыр.

Жиын соңында Әсем Бекқызы патронаттық отбасылар мен себепсіз мектепке бармайтын оқушыларға бақылау жасауды күшейту керектігіне назар аударды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

19.06.2026
«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

Абай облысында мемлекеттік органдардың өкілдерін, қоғамдық ұйымдарды, сарапшыларды, педагогтер мен белсенді әкелерді біріктірген «Әке өнегесі – өмірлік сабақ» атты өңірлік...

Толығырақ...Details

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

19.06.2026
Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, бірқатар мемлекеттік наградалармен...

Толығырақ...Details

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

19.06.2026
Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталды. Баршаңызға белгілі, мемлекет медицина саласын...

Толығырақ...Details

Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

19.06.2026
Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада қоғамдық орындарда әдеп сақтау мәселесін көтерді. Өз сөзінде Президент ауқымды...

Толығырақ...Details

Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

19.06.2026
Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада білікті маман тапшылығын жою, оларды қолдау бағдарламасын әзірлеу мәселесін көтерді....

Толығырақ...Details

Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

19.06.2026
Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

Мемлекет басшысы жалпыұлттық референдумға белсенді қатысқан медицина мамандарына ризашылығын білдірді. Өз сөзінде Президент қазір әділетті, күшті, озық әрі таза Қазақстан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

10 часов бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

10 часов бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

10 часов бұрын

Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

10 часов бұрын

Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

10 часов бұрын

Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

10 часов бұрын

3,6 миллионнан астам қаралым: елімізде цифрлық кітапханаларға сұраныс артып келеді

15 часов бұрын

Абай облысында биыл әскери жиындарға 825 азамат шақырылады

2 дня бұрын

Абай облысында «Таза су айдындары» акциясы өтті

2 дня бұрын

Адам мен AI серіктестігі: ғылыми шешім қабылдаудағы оңтайлы модель

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС