"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАМДАНҒАН ҚАПЫ ҚАЛМАЙДЫ

25.02.2020
ҚАМДАНҒАН ҚАПЫ ҚАЛМАЙДЫ
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қалада су тасқынының алдын алуға дайындық шаралары бастау алып, қолда бар барлық күш жұмылдырылуда. Көктемнің келуіне бір аптадай уақыт қалды, қар еріп, су басу қаупі де жоқ емес. Әсіресе шет аймақтар мен жекеменшік үйлерді су басу қаупі жоғары. Осы орайда су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары жасалып, қала көшелері мен аудандарына мониторинг жүргізілуде, жеке сектор қардан тазартылуда, арық жүйесін тазарту жұмыстары да басталды.

— Қала көшелерін қыс мезгілінде күтіп ұстауға 205 миллион теңге қарастырылған. 17 ақпандағы жағдай бойынша, 220 мың шаршы метр қар шығарылды. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда. Арықтарды тазалау мерзімінен 10 бұрын қолға алынды. Бүгінгі күні арық жүйесі бойынша жұмыс жоғары қарқынмен жүргізілуде, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Инертті материалдар қоры да жеткілікті. 264 тонна құм, 5 тонна инертті материал, 23 су сору бірлігі және 32  қар және жаңбыр суын соруға арналған сусорғы станциясы бар. Қала әкімінің тапсырмасына орай, қосымша қар шығару учаскелерін анықтайтын жұмыс тобы құрылған,- дейді қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков.

Мониторинг барысында жеке сектордағы су басу қаупі бар 55 көше анықталды. Олар Дальняя, Қайым Мұхамедханов көшесі, Шығыс, Мирный, Степной аудандары. Бұл аумақтар қарқынды түрде қардан тазартылуда.

Сол сияқты Қызыл Кордон ауданында да тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, арық жүйелері бақылауға алынған. Мирный және Контрольный аудандарында тағы екі аумақ анықталып, арықтардан су жіберіле бастады.

— Үстіміздегі жылы Шығыс кентінде темір жолдан Ертіс өзеніне дейінгі аралықта жұмыс жүргізудеміз. Арық жүйесін қалыпқа келтіру жұмыстарын бастамақпыз. Сол сияқты Короткая көшесі мен Дөнентаев көшелеріндегі арықтарды түзетудің жобалық- сметалық құжаттарын жасауды жоспарлап отырмыз,- дейді Николай Ушаков.

Ал Ертіс өзеніне келетін болсақ, мамандар қауіптің жоқ екенін айтады. Қыстың жылы болуына байланысты өзендегі мұздың қалыңдығы екі айда бір өлшенді. Егер өткен жылы мұздың қалыңдығы 52 сантиметр болса, биыл бұл көрсеткіш екі есе төмен — 29 сантиметр. Шүлбі су электр станциясынан су жіберілуіне де мониторинг жүргізілуде. Бүгінгі күні мұз жару жұмыстарын жүргізуге байланысты меморандум жасалып, қаражат қарастырылған. Мұз жару жұмыстары жүргізілетін орындар белгіленіп, картасы жасалды. Алайда мұның барлығы  тек мұз жару жұмыстары қажет болған жағдайда іске асырылатын дайындық шаралары. Ал мамандар болса мұз жарудың әзірге қажеттілігі жоқ екенін айтып отыр.

Семей қаласының ақпараттық орталығы{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

2 часа бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

2 часа бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

9 часов бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС