"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЫН САҒАТТА САБЫР КЕРЕК…

19.03.2020
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Дәл қазір адамзат баласы аса бір алаңдаулы сәтті бастан кешіріп тұр… Тәж киген тажал ел арасына тайраңдай кіріп, халықты тығырыққа тіреуде… Әлеуметтік желінің де, қалта телефонымыздағы WhatsApp байланысының да бүгінгі тақырыбы тек осы дауасы табылмай отырған дерт. Біреу күн сайын қатары көбейіп жатқан науқастар санын жеткізіп жатса, ал енді біреулер осы індеттен қалай сақтану керектігі жайлы ақпаратпен бөлісуде. Бір–бірімізді демеуді қажет ететін осы қиын сәтті кейбіреулер саясат ойынына айналдырып, «қасақана жасалған жағдай» деген жалған ақпарат та таратуда.

Ақиқатын айтуымыз керек, билік те қол қусырып қарап отырған жоқ. Мектеп оқушылары демалысқа мерзімінен ерте шықты. Баласын қарайтын көмекшісі жоқ аналардың еңбекақысы сақталып, үйде отыруға мүмкіндік берілді. Студенттер қашықтықтан оқып жатыр. Тіпті несие алғандарға кешіктіріп төлегендері үшін айыппұл салынбауы мен кәсіпкерлік нысандарды салықтан босату сияқты шаралар да қолға алынды.

Бұл қазақ не көрмеген… Жұбан Молдағалиев ағамыз айтпақшы, «Мың өліп, мың тірілген Қазақпыз». Осындай қысылтаяң сәтте еңсемізді түсірмей, жел сөзге ермей, сабыр сақтаудан басқа амал жоқтығын мойындауымыз керек. Кез келген негативтің позитивті жақтарын көре білейік.

Бұрын жұмысбасты болып, балаңыздың сабағын қадағалауға уақыт таппай жүрсеңіз, бүгін сол кемшіліктің орнын толтырудың реті келді деп есептеңіз.

Дәмді тамақ дайындап, бөгде адамдарсыз, тек өз жанұяңызбен оқшауланып, алаңсыз әңгімелесетін сәт туды деп қуаныңыз.

Көптен бері жоспарлап, сәті түспей, күнде ертеңге қалдырып жүрген үйдегі жұмыстарды қолға алыңыз! Ежелгі Давос философиясына негізделген фен-шуй ілімі бойынша, рухани үйлесімділікке жету жолының басты ережелерінің бірі — үйді жинау арқылы ой-сананы реттеу дейді. Үйіңіз шашылып жатса, жағымды энергия теріс күшке айналады, ырызықты ортайтып, байлықты үркітеді, сәттіліктен алыстатады дейді фен-шуй мамандары. Шашылған үйде ойларыңыз шашыраңқы, ұйқыңыз сапасыз болатынын да естен шығармай, осы сәтті пайдаланып, реттеп алыңыз.

Бұл тек үйді ғана емес, ойды да тазалап алуға берілген мүмкіндік. Өмір болған соң, бірде біреуді ренжітсек, кейде өзіміз біреуге ренжіп жатамыз. Бір қарағанда, адамдар арасындағы қарым-қатынаста кездесетін қарапайым құбылыс болғанымен, өкпе адам денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізіп, көптеген ауруларды қоздырып, әсіресе жүрек, өкпе, тыныс алу сияқты ең сезiмтал органдарға көп салмақ салады дейді ғалымдар. Үй шаруасын реттей жүріп ренжіген және ренжіткен адамдарыңыздың Сіздің өміріңізде алатын орнын еске түсіріңізші. Көңіліңізде осы сәтте пайда болған жылылықтан жымиып күлетініңіз сөзсіз.Сол жылуды өшірмейік!

Телефон мен компьютерге де демалыс жариялап, жанұяңызбен алдағы уақыттарға жоспар жасап, сәтті күндерде атқарылатын істерді көз алдыңызға елестетіп, тәтті қиялға беріліп, тынығыңыз.

Наурыз мерекесі де таяп қалды. Бұл күні дастарқанның басты дәмі наурыз көже мен қыстан қалған сүр болады деп ойлаймын. Наурыз көже — Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас.

Наурыз көжені әркім әртүрлі даярлайды. Мен, реті келіп тұрғанда, өзімнің наурыз көже дайындау әдісіммен бөлісе кетейін. Ұлыстың ұлы күні дайындалатын бұл астың құрамында түркі халықтары үшін қасиетті жеті санының сақталуын қадағалаймын. Су, тұз, ет, тары, арпа, бидай, күріш сияқты жеті түрлі дән мен құрт қосылады. Қыстан сақталған сүр және қазы — қартаның сорпасы дәмді болады. Қазанға су құйып, ет, қазы-қартаны салып, қайнатамыз. Сорпаның көбігін алуды ұмытпаңыз. 1,5 — 2 сағаттай қайнатып, етті сүзіп алыңыз. Дәндерді жақсылап жуып, суда бөлек қайнатып аламыз да, піскен соң тағы да шайып барып, сорпаға араластырамыз. Дайын болған соң оттан түсіріп, салқын жерге қойып, еттерді ұсақтап турап, барлығын сорпаға құрт қосып араластырамыз.

Наурыз мерекесін түрік халықтары бір ай тойлаған ғой. Егер Наурыз дастарқанына ұсынар ерекше тамақ дайындау әдістеріңіз болса, оқырмандармен бөлісуді ұмытпаңыздар.  «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» дегенді білдіреді екен. Дана халқымыз бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы деп қастерлейтін Наурыз күні жақындарымызға жақсы тілек арнап, ренжіткен жандардан кешірім сұрауды естен шығармағанымыз дұрыс. Ең бастысы, еңсемізді түсірмейік.{jcomments off}

БҰЛ ДА ӨТЕР… ТЕК СЫН САҒАТТА САБЫР КЕРЕК…

Риза Молдашева, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

02.10.2026
Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

Отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік институт. Сондықтан отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ата-аналардың жауапкершілігін...

Толығырақ...Details

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

02.10.2026
Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

02.10.2026
Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс...

Толығырақ...Details

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

02.10.2026
Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

Семей қаласында Кемел Тоқаев атындағы ІХ республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, үздік авторлар марапатталды. Биыл алғаш рет Абай облысында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

6 часов бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

6 часов бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

6 часов бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

11 часов бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

11 часов бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

11 часов бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

1 день бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

1 день бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

1 день бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС