"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АРДАГЕРЛЕРГЕ КӨМЕК – ЖАСТАРҒА МІНДЕТ

23.04.2020
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының Жастар ресурстық орталығының еріктілері жыл басынан бері республикамыз бойынша қолға алынған «2020 қайырымды іс» акциясы аясында «Ардагерлерді ардақтайық!» атты ерекше жобаны жүзеге асыра бастады. Атап айтсақ, орталықтың белсенділері қалада тұратын соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, Ленинград блокадасында болғандарға арнайы сыйлықтар таратуда.

Жастар орталығының белсенділері әуелгі кезекте еңбек ардагері, қарт майдангер Дмитрий Литвиненконың үйіне келді. Өңіріне Қазақстан туы түстес көгілдір Жеңіс лентасын таққан соғыс ардагері есікті өзі ашып, еріктілерді құрметпен қарсы алды, жүзінен жас буынға деген ризашылық пейілі сезіліп тұрды. Қарттың денсаулығы жақсы, әлі тың екен. Қазақ тілінде жатық сөйлейтін қария амандық сұрай келген жас теміржолшыларды сөзге тартты. Соғыс даласында түскен жастық шағындағы фотосуреттерін көрсетіп, қаруластарын, кейіннен өзі қызмет еткен мекемедегі еңбек жолы мен әріптестерін, өткен күндерді еске алған қарт майдангер жастарға баталы тілегін де білдірді.

-Қаламыздың еріктілері бірлесіп «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы бойынша жалпыреспубликалық «Біз біргеміз!» акциясы аясында Семей қаласында тұратын жалпы саны 25 соғыс ардагеріне арнайы әзірленген сыйлықтарымызды жеткіздік. Әңгіме-дүкен құрып, өмір жолдары жайлы сұрастырдық. Расында, майдангерлер арамызда аз қалыпты. Сол қарт жауынгерлердің әңгімелері біз үшін ерекше әсерлі болды. Кейінгі буынға өнеге болсын деп, барлығының соғыс жылдарындағы, соғыстан кейінгі кездегі темір жол саласын өркендетуге қосқан үлестері, еңбек жолдары жайлы бейнетүсірілімдер жасадық. Қазіргі уақытта деректі фильмдер әзірлеу үстіндеміз. Бұл жұмыстардың барлығы әлеуметтік желілер арқылы көрсетілетін болады. Бұл тек бастамасы ғана,- дейді аталмыш іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі, еріктілер ұйымының жетекшісі, жігерлі де белсенді жас Бауыржан Мұратұлы.

Соғыс ардагерлерінің арасында қилы тағдыр иелері бар екен. Бірі Батыс майданында Берлинге дейін жетіп, Жеңіс туын желбіреткен соң Қиыр Шығыстағы соғысқа аттанып, екі бірдей майданның жауынгері атанса, енді бірі Балтық теңізіндегі сүңгуір кемеде матрос болып, қиян-кескі ұрысқа қатысқан.

Айта кетерлігі, жастардың барлығының да қалалық әкімдік тарапынан төтенше жағдай кезінде қала ішінде жүріп-тұру үшін берілген рұқсаттамалары бар. Ардагерлерге құрмет көрсету шаралары алдағы 9 Мамыр — Жеңіс күніне дейін жалғастырылмақ.

«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының демеушілігімен ұйымдастырылған осынау игілікті шара соғыс ардагерлерінің де, олармен жүздескен жастардың да есінде ұзақ уақыт  сақталары анық. «Жақыныңа жапқан шапаның оның арқасын жылытса, өзіңнің жүрегіңді жылытады» деген ежелгі қазақ тәмсілі осындайда айтылса керек.

Азамат ЕРСАЙЫН, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім...

Толығырақ...Details

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

26.06.2026
30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

Қазақстан Парламенті отыз жылдан астам уақытта 3,5 мыңға жуық заң қабылдап, елдің құқықтық жүйесін қалыптастыру мен мемлекеттілікті нығайтуға елеулі үлес...

Толығырақ...Details

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

26.06.2026
Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді. — Мен Парламенттегі қайнаған еңбектің, онда...

Толығырақ...Details

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

26.06.2026
Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Құрылтайдың технологиялық прогрестің жетекші факторы боларына үміт білдірді. Депутаттар заң шығару қызметінде цифрлық технологиялар мен...

Толығырақ...Details

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Қазақстан президенттік республика болып қала береді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. — Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

26.06.2026
Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа конституциялық орган — Қазақстан Халық Кеңесінің атқаратын қызметтері жөнінде мәлімдеме жасады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

5 дней бұрын

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

5 дней бұрын

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

5 дней бұрын

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

5 дней бұрын

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

5 дней бұрын

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

5 дней бұрын

Ұлттық банктің негізгі пайыздық ставкасына қатысты мәселені пайымдап шешу керек — Президент

5 дней бұрын

Мемлекет басшысы: 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

5 дней бұрын

Тоқаев: Алдағы екі жылда 200-ден астам жаңа өндіріс орны ашылады

5 дней бұрын

Президент Қазақстанды Еуразияның іскерлік хабына айналдыру жөнінде айтты

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС