"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙЛІК ДӘРІГЕРЛЕР КОРОНАВИРУСТЫҢ ЕМІН ТАПТЫ

27.04.2020
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Коронавирусқа шалдыққан науқасты емдеудің тиімді тәсілдері». Семей мемлекеттік медицина университеті ғалымдарының жаңа әдістемелік нұсқаулығы осылай аталады. Нұсқаулықты медицина ғылымдарының докторлары Марат Сыздықбаев, Саят Таңатаров, Ерсін Жүнісов құрастырған. Ғылыми еңбекте аталған вирусты жоятын ең тиімді ем түрлері зерттеліп, оны рет-ретімен қолдану жолы жазылған.

Ғалымдардың сөзіне қарағанда, бұл нұсқаулық жеке және әлемдік тәжірибеге негізделіп жасалған. Онда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Қытай, Америка, Еуропа  елдерінің мамандары жариялаған деректер қолданылған. Әдістемелік еңбекте шұғыл көмек және қабылдау бөлімшелерінде науқастың ауру деңгейін, тыныс алу жеткіліксіздігін ескере отырып, госпитальдық кезеңде және анестезиология, реаниматология, қарқынды терапия бөлімінде науқасты сұрыптау жолдары ұсынылған. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрген еңбекте коронавирустық инфекцияның қарқынды терапиясының негіздері және әртүрлі асқынулар, ОРДС (жіті респираторлық дистресс-синдром), пневмония, сепсис, септикалық шок және тағы басқа тақырыптар қарастырылған. Сондай-ақ коронавирустық инфекцияны емдеуде дәрілердің өзара әрекеттесуі және қарсы көрсеткіштері ұсынылған екен. Негізінен, аталған құрал анестезиолог-реаниматолог және қабылдау бөлмесінің, шұғыл көмек көрсететін және коронавирус инфекциясын емдейтін ауруханалардың дәрігерлеріне арналған.

Жаңа әдістеме өз нәтижесін беріп те үлгерді. Семейлік дәрігерлер ұсынған тың тәсілмен емдеудің арқасында жақында Семейде ауыр халде жатқан науқас құлан таза айығып шыққан. Қазір әлем елдері індетті емдеудің тиімді жолын тауып, жаңалығын ашық түрде жаһанға жария етуге әзір отыр. Мұндай кезеңде семейлік дәрігерлердің індеттің бетін қайтаруға ұмтылыстарының маңыздылығы айтпаса да түсінікті.

Тағы бір айтатын жайт, медицина университетінің мамандары коронавирус індетіне шалдыққан адамның тыныс жолдарын зерттейтін ларингоскоптың жаңа түрін де жасап шығарған. Шетелде құрастырылатын бұл құрылғының бағасы да қымбат. Сондықтан бүгінде жаңа құрылғыға қол жеткізу де оңай емес. Осы орайда семейлік мамандар бұған дейін қолданылып келген қарапайым ларингоскопқа камера мен смартфонды жалғау арқылы құрылғыны жетілдірген. Медициналық құрылғының патенті жақында дайын болмақ.

Республикамыздағы сапалы медицина мамандарын даярлайтын бірден-бір іргелі оқу орнының мамандары жұқпалы індетті тиімді емдеудің жолдарын қазір сандық технология көмегімен іске асыруда. Семейдегі инфекциялық ауруханалардағы дәрігерлерге онлайн түрде 24 сағат бойы кеңес беретін арнайы топ құрылған. Жергілікті ғалымдар мұндай көмекті еліміздің кез келген өңірінде індетпен күресіп жатқан дәрігерлерге көрсетуге әзір.

Үміт ШӘРІПОВА, «Семей таңы{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

«Қарағай» қойылымы арқылы «Таза Қазақстан» идеясы сахнада көрініс тапты

11.05.2026
«Қарағай» қойылымы арқылы «Таза Қазақстан» идеясы сахнада көрініс тапты

Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры сахнасында жас драматург Жәнібек Әлікеннің «Қарағай» атты әлеуметтік драмасының премьерасы өтті. Қойылымды режиссер...

Толығырақ...Details

Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр

10.05.2026
Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр

Бүгін, мамырдың екінші жексенбісінде, Қазақстан Аналар күнін атап өтуде. Биыл айтулы мереке 10 мамырға сәйкес келді. Бұған дейін елімізде Аналар...

Толығырақ...Details

Абай облысында чек берілмеген жағдайда сатып алушының қалай әрекет етуі керектігі еске салынды

09.05.2026
Абай облысында чек берілмеген жағдайда сатып алушының қалай әрекет етуі керектігі еске салынды

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде өңір тұрғындарына тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде тұтынушылардың құқықтары туралы еске салды. Абай...

Толығырақ...Details

Абай облысында судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

09.05.2026
Абай облысында судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Өңірде шомылу маусымында су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық және ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Абай облысы...

Толығырақ...Details

Абай облысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

09.05.2026
Абай облысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

Облыс әкімі Берік Уәли Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагері, мереке күндеріне орай Мәскеуге барған Григорий Маларовқа байланысқа шығып, мерекемен құттықтады....

Толығырақ...Details

Абай облысында Жеңіс күні кең көлемде атап өтілуде

09.05.2026
Абай облысында Жеңіс күні кең көлемде атап өтілуде

9 мамыр – Жеңіс күні Абай облысында кең көлемде атап өтілуде. Атаулы күнге орай Семей қаласында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. 🔼Облыс...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Қарағай» қойылымы арқылы «Таза Қазақстан» идеясы сахнада көрініс тапты

10 часов бұрын

Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр

1 день бұрын

Абай облысында чек берілмеген жағдайда сатып алушының қалай әрекет етуі керектігі еске салынды

2 дня бұрын

Абай облысында судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

2 дня бұрын

Абай облысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

2 дня бұрын

Абай облысында Жеңіс күні кең көлемде атап өтілуде

2 дня бұрын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

2 дня бұрын

Абай облысының журналистері «Seitkhan cup» турнирінде топ жарды

4 дня бұрын

Абай облысында жазғы сауықтыру лагерлері қатаң санитариялық бақылауда

5 дней бұрын

«Халық қаһарманы» Кенжебай Мәденовтің ұлына Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталды

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС