"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АБАЙ ТОЙЫ — ХАЛЫҚ ТОЙЫ

03.09.2020
22
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

 

АБАЙ ТОЙЫ — ХАЛЫҚ ТОЙЫ

 

ҚР Мемлекеттік хатшысы, Абайдың 175 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаев Семейде болып, қазақтың бас ақынының мерейтой жылына арналған жұмыстармен танысты. Қырымбек Көшербаев пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов  Семей қаласына сапарында Абай музейі мен музыкалық-драма театры ғимаратындағы жөндеу жұмыстарын, Қарағайлы ықшам ауданындағы жаңа құрылыстарды көрді, ақынның туған жеріне барып, атқарылған  істермен  танысып қайтты.

Семейдегі Абай атындағы музыкалық-драма театры — 1917 жылы Мұхтар Әуезовтің «Еңлік — Кебек» пьесасымен алғаш шымылдығын ашқан өнер ордасы, бүгінгі таңда тәуелсіз қазақ еліндегі  театрлардың  көш басында келе жатқан киелі қара шаңырақ.

Жасыратыны жоқ, осы  өнер ордасының ғимараты  жөндеуді қажет етіп тұрғанына да  біраз уақыт болған.  Биыл Абайдың туғанына 175 жыл толуы құрметіне  атқарылған істердің қатарында 3 труппа қызмет ететін қазақтың бас ақынының  атындағы осы  музыкалық театрдың  жаңартылуы  актерлер үшін ғана емес, қала тұрғындары үшін де үлкен  сый болды.

Ал театрдан  сәл ілгері  Абай атындағы алаңда  самаладай жарқыраған шамдар қойылып, тас төсеніштер жаңартылып, ақын ескерткішінің маңы жаңаша түрленді. Арал жаққа алыстан көз тастап тұрған ақынның ойлы тұлғасы  жаңарған алаңда  бұрынғыдан да асқақтай түскендей!

ДАНИАЛ АХМЕТОВ:

«ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ҚАМҚОР ӘКЕ РЕТІНДЕГІ БЕЙНЕСІН КӨРСЕТКІМІЗ КЕЛДІ»

Санкт-Петербургке  келген жолаушы  Эрмитажды, Парижде болған  адам  Луврды іздейді.  Ал қазақтың рухани–мәдени  астанасы Семейге келген жанның Абай музейіне соқпай кететіні кемде-кем.

Биылғы мерейтойлы жылы Абай музейі  де жаңаша келбетке ие болды. Келушілер ұлы ақынға тиесілі жәдігерлерді, құжаттарды көріп қана қоймай, мультимедиялық жоба көмегімен Абайдың өмір сүрген кезеңіне саяхаттап, ұлттық аспаптардың қалай дыбысталатынын ести алатындай мүмкіндікке ие болды.

Мерейтой аясында атқарылған істердің бірегейі — хакімнің табаны тиген қара шаңырақ алдына қойылған ақын мен ұлдарының бірге тұрған ескерткіші. Мемлекеттік хатшы  бұл сапарында осы жаңа туындымен танысты.

— Мұндай ескерткіш елімізде әлі қойылған жоқ. Ескерткіштің ерекшелігі — ақынның ұлдарымен бірге тұрғаны, балаларының әкесіне мейірлене, сүйіспеншілікпен, құрметпен көз салған сәті. Бұл жерде ұлы Абайдың қамқор әке ретіндегі бейнесін көрсеткіміз келді. Авторлар мұнда жай ғана портреттік ұқсастықты мақсат етпей,  ұлдарының ұлы әкесіне деген махаббаты мен мақтанышын да жеткізе алады,- дейді  аймақ басшысы  Даниал Кенжетайұлы.

Идея  авторы — Даниал Ахметов, ал  Абай және ұлдары Ақылбай мен Тұрағұлдың тас  бейнесін  сомдаған — семейлік Нұрбол Қали мен өскемендік Сәрсен Сейісов. Жармадағы Зере ана мен бала Абайдың, Бақыршық кентіндегі Мұхтар Әуезовтің, Зайсандағы Баймұрат батырдың, Абай ауданындағы Абай, Құнанбай және Тоқтамыс батырдың ескерткіштерінің  авторы  Нұрбол Қали — ақын елінде дүниеге келген талантты жас. Абай мен ұлдары Ақылбай мен Тұрағұл бейнеленген бұл ескерткіштің жай ғана  жансыз тас  мүсін емес, рухани тұрғыдан құнды өнер туындысы екендігін мойындауымыз керек.

Осы жерде айта кеткен орынды болар, Абай балалары, аға сұлтан Құнанбайдың ұрпақтары өз заманындағы ауқатты әулеттің мұңсыз ғұмыр кешкен өкілдері емес, керісінше, қудалауды көп көргені белгілі.  Әубәкір  «үстем тап өкілі  Құнанбай байдың ұрпағы» деп қуғындалған. Мекайыл, үкіметке қарсы шықты деп, 1931 жылы бір түнде Семей түрмесінде сотсыз атылып кеткен. Ақынның Әйгерімнен туған тұңғышы Тұрағұл, Тұраш, Алашорданың белсенді мүшесі болғаны үшін, 1922 жылы Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатовпен бірге төрт айға қамалып, кейіннен босатылады да, 1927 жылы қайта тұтқындалады. 1928 жылы дүние-мүлкі кәмпескеленіп, өзі жер аударылды. Тұрағұл  қуғында жүріп 1934 жылы Сарыағашта қайтыс болған. Тұрағұлдың ұлы Жебірейіл де Ресейде оқып жүргенде қудаланып, кейін  Шымкенттегі әкесіне барып, Ташкентте оқиды. Абай ұрпақтарынан еркек кіндіктіден бүгінге жеткені — Ақылбай тармағы ғана. Ақылбайдың Әлімқұлынан туған Бағыфұр да солақай саясаттың  салдарынан  азап шеккен. Ақылбайдың тағы бір баласы Исраил  да  ұзақ жыл  қуғында, қиыр жайлап, шет  жүріп, тек заман түзелгенде ғана елге оралып, 1959 жылы дүние салған. Ақылбай мен Мағауия әкесімен бір жылы – 1904 жылы қайтыс болған.

Өкінішке орай, бұрын-соңды  ақынның мерейтойлары кезінде ұрпақтарының ел тәуелсіздігін алуы жолында атқарған еңбектері мен көрген азаптары атаусыз қалып келген еді. Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шаралар аясында ақынның өзіне ғана емес, бүкіл әулетіне қайраткер ретінде  құрмет көрсетуді  әлеуметтік әділдіктің салтанат құруы  деп есептейміз.

Абай туралы  бүгінгі ұрпаққа белгілі  деректердің басым бөлігі  ұлы Тұрағұлдан жеткен. Мұхтар Әуезов  «Абай жолы» эпопеясын  жазу үстінде де Тұрағұлға сілтеме жасап отырғаны соның айғағы болса керек.

 

АҚЫННЫҢ ТУҒАН ЖЕРІНДЕ

2019 жылдың 30 мамырында «Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу туралы» ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы шыққаны белгілі. Мемлекет басшысы «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «…Биыл Абайдың 175 жылдығына орай халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде 500-ден астам іс-шара  ұйымдастырылады…»- деген болатын. Әлемді жайлаған індет көп іске қолбайлау болды. Дегенмен, шектеу шараларына қарамастан, әлеуметтік–мәдени нысандар құрылысы  далада да, қалада да  тоқтаған жоқ.

Ақынның туған  жерінде  мерейтой  қарсаңында  көптеген әлеуметтік нысандар бой көтеріп, жаңаша түрленді. Атап айтқанда Ақшоқыда ақынның отбасына арналған музей ашылса, Қарауыл ауылында пайдалануға берілген жаңа мектепте, заманауи IT және физика, химия, робототехника сыныптарынан бөлек, жас журналистердің мультимедиялық студиясы да жұмыс істейтін болады. Абай саябағы маңында келешекте жаңа заманауи шағын  аудан салынады деген жоспар бар. Бүгінгі таңда  жаңа ауданда салынып жатқан  12 екі пәтерлі  үй  жылдың аяғына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Ал 3 екі пәтерлі үйде  қыркүйек айында қоныс тойы да тойланады. Сондай-ақ аудан орталығы Қарауыл ауылында  2  үш  және екі қабатты үй жөндеуден өтті. Қыркүйек айында жалпы  үй  кезегінде тұрған 21 көп балалы және аз қамтылған жанұя баспаналы болады.

«Әрине, басты нысан — Жидебайдағы мемориалдық кешен. «Абай – Шәкәрім» кешенінің жаңа келбеті, заманауи архитектуралық формалары нысанның маңызын арттыра түскені сөзсіз. Бұл қазақстандықтар мен қонақтарымыздың ең көп баратын жері боларына сенімдімін», — дейді Даниал Ахметов.

 

ДАНИАЛ  АХМЕТОВ:

«АБАЙДЫ ҒАНА ЕМЕС, ҚҰНАНБАЙДЫ ДА ҚҰРМЕТТЕУГЕ ТИІСПІЗ»

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен  Абайдың 175 жылдығына орай атқарылған  жұмыстар  мәдени-әлеуметтік тұрғыдан пайдаланылатын  игіліктермен ғана шектеліп қоймай,  рухани жағынан да  үйлесіп жатуы  мерекелік шаралардың басты құндылықтары деп есептейміз. Облыс басшысының “Біз Абайды ғана емес, Құнанбайды да құрметтеуге тиіспіз” деген сөзі көп ойды аңғартса керек.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов   Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев бастаған қонақтарды  ақынның туған жерінде  атқарылған жұмыстардың барысымен  таныстыра отырып,  рухани және әлеуметтік құндылықтар  үйлесімін  көрсетті.

Сырт Қасқабұлақтағы жарты ғасыр уақыт бұрын ақынның туғанына  125 жыл толуы құрметіне қойылған стелланың  орнына биіктігі  9 метрлік жаңасы орнатылды. Осы  Сырт Қасқабұлақтағы алаңда Абайдың 45 нақыл сөзі мәрмәр тасқа ойылып жазылса,  Жидебайға баратын жол айрығында жолаушылар тоқтап, демалатын орын пайда болды. Сондай-ақ Ақшоқыда Құнанбай әулетінің қорымы жаңартылып, мұражай ашылды.

— Мұндағы басты мақсат – Ұлы Абайды өмірге әкелген ата-анасына құрмет көрсету. Музей халықтың дәстүрлі құндылықтары мен ұрпақтар сабақтастығын сақтау тұрғысынан өте маңызды нысан екенін ерекше атап өткім келеді, – дейді аймақ басшысы Даниал  Кенжетйұлы.

Жидебайдағы мемориалдық кешендегі ауқымды жөндеу жұмыстары аяқталуға таяу. Қарауылдағы 300 орындық жаңа мектептің және дала сахнасы орналасатын саябақтың құрылысы аяқталды. Биыл оқушылар үшін  жаңа мектеп есігін айқара ашып отыр. Жан-жақты  тиімді жоба негізінде дайындалған  саябақ жергілікті жастардың сүйікті демалыс орнына айналары сөзсіз .

 

ТАРИХИ ОРТАЛЫҚТЫҢ  БҮГІНГІ ТЫНЫСЫ

Ақын елінде  «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020»  бағдарламасы аясында 30-дан астам жоба іске асырылуда. Олардың ішінде 62 миллион теңге қаржыға сахнамен жабдықталған ипподром, ағаш көшеттерін отырғызу, төрт ауылдық округтегі  жол құрылысы, бір елді мекендегі көпірді жөндеу жұмыстары бар.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев бастаған қонақтарды Семейдегі Қарағайлы ықшам ауданында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен таныстырды. 2017 жылдан бері Қарағайлыда 22 тұрғын үй салынып, 1549 пәтер қолданысқа беріліпті. Құрылыс жұмыстарына «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мен «Бәйтерек Девелопмент» холдингінен қаржы көздері тартылып, жергілікті атқарушы билік органдары да қол ұшын берді.

2020 жылы жеті тұрғын үйдің құрылысын бастау туралы келісімшартқа қол қойылды. Бұл баспаналарды сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер ретінде пайдалануға және жекеменшікке айналдыруға болады. Қарағайлы ықшам ауданындағы тұрғын үй  құрылысы баспана  кезегін азайтып, өңір тұрғындарының үйлі болуына мүмкіндік ашты. 2025 жылға дейін 133 көп қабатты тұрғын үйді қолданысқа беру жоспарлануда. Бұдан бөлек осы ықшам ауданда үш мектеп пен алты балабақша салынады деп жоспарлануда.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында аталған мөлтек ауданда су және жылумен қамтамасыз ету магистральдары, су тарту, телекоммуникация және электрмен жабдықтау жұмыстары толық жүргізілген. 2016 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 120 орындық жатақханасы бар Назарбаев Зияткерлік мектебі мен 320 орындық балабақша қолданысқа берілді.

2019 жылы Қарағайлыда теңдесі жоқ алып мәдени-спорттық бірегей кешен ашылды. Онда әлемдік деңгейдегі спорттық және ойын-сауықтық шараларды өткізуге мүмкіндік бар. Мәдени-спорттық кешен үш блоктан тұрады. Мұндағы ең үлкен арена көрермен залы екенін айта кеткен орынды. Сондай-ақ аталмыш кешенде бірнеше бассейн мен кроссфитке арналған зал бар. Сонымен қатар балаларға арналған ойын алаңдары да қарастырылған. Таяуда Қарағайлыда  керемет  субұрқақ та салынып, іске қосылды.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Семей қаласының дамуына оң бағасын беріп, Қарағайлы ықшам ауданының  көркем қалашыққа айналғанын ерекше атап өтті. Семей қаласын дамытудың кешенді жоспарының басты міндеті шаһар тұрғындарының өмір сапасын жақсарту болса, соңғы жылдары атқарылған жұмыстар сол мақсатқа жету жолындағы игі қадамдар екендігі сөзсіз. Семейде серпіліс көп.

РИЗА АСАНҚЫЗЫ

{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Алпыс жыл эфирде: «SEMEI» телеарнасы мерейтойын атап өтті

14.11.2025
Алпыс жыл эфирде: «SEMEI» телеарнасы мерейтойын атап өтті

Semeytany.kz - Абай облыстық «SEMEI» телеарнасына биыл 60 жыл толды. Алты онжылдық ішінде аймақтық арна өңір жұрты мен билік арасында...

Толығырақ...Details

«Бағалы заттарын алып кеткен»: Болат Назарбаевтың туыстарының үйіне ұры түскен хабарланды

14.11.2025
«Бағалы заттарын алып кеткен»: Болат Назарбаевтың туыстарының үйіне ұры түскен хабарланды

14 қарашаға қараған түні Алматы облысының Қарғалы ауылында тұрғындары көрші үйдің маңында полиция көліктерінің көп жиналғанын байқаған. Желіде тараған ақпаратқа сенсек,...

Толығырақ...Details

Аида Балаева Орталық Азия министрлерінің кездесуінде креативті өнімдердің бірыңғай маркетплейсін құруды ұсынды

14.11.2025
Аида Балаева Орталық Азия министрлерінің кездесуінде креативті өнімдердің бірыңғай маркетплейсін құруды ұсынды

2025 жылғы 14 қарашада Ташкент қаласында Орталық Азия елдерінің мәдениет министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан...

Толығырақ...Details

Абай облысында 2025 жылы нәрестелерге ең көп қойылған есімдер аталды

14.11.2025
Абай облысында 2025 жылы нәрестелерге ең көп қойылған есімдер аталды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Абай облысы бойынша филиалы 2025 жылдың ең танымал есімдерін жариялады. Биылғы жылдың он айының қорытындысы...

Толығырақ...Details

Келешек мектебінде пластик қақпақтардан EcoBox жасалды

14.11.2025
Келешек мектебінде пластик қақпақтардан EcoBox жасалды

Semeytany.kz - Семей қаласындағы №51 «Келешек» мектебінде оқушылар пластик бөтелке қақпақтарын жинап, оларды қайта өңдеу арқылы мектеп дәлізіне арналған EcoBox...

Толығырақ...Details

Абай облысының аграрлары елордада өткен форумға қатысты

14.11.2025
Абай облысының аграрлары елордада өткен форумға қатысты

Semeytany.kz – Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы өтіп, оған Абай облысының делегациясы да...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Алпыс жыл эфирде: «SEMEI» телеарнасы мерейтойын атап өтті

16 часов бұрын

«Бағалы заттарын алып кеткен»: Болат Назарбаевтың туыстарының үйіне ұры түскен хабарланды

19 часов бұрын

Аида Балаева Орталық Азия министрлерінің кездесуінде креативті өнімдердің бірыңғай маркетплейсін құруды ұсынды

19 часов бұрын

Абай облысында 2025 жылы нәрестелерге ең көп қойылған есімдер аталды

19 часов бұрын

Келешек мектебінде пластик қақпақтардан EcoBox жасалды

21 час бұрын

Абай облысының аграрлары елордада өткен форумға қатысты

21 час бұрын

Наполеон әскерінен қалған түйреуіш аукционда 4,4 млн долларға сатылды

2 дня бұрын

Ақсуат, Құмкөл және Ойшілікті жалғайтын жаңа көпір салынуда

2 дня бұрын

Абай облысының дзюдошылары аралас-командалық сында ел чемпионы атанды

2 дня бұрын

Қанат Әділбай «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы лауазымына сайланды

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС