"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ИММУНДЫҚ ПЛАЗМА ДОНОРЫ БОЛЫП, ӨЗГЕЛЕРГЕ КӨМЕКТЕС

21.09.2020
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының Қан орталығында бүгінгі күнге дейін 872 адам плазма доноры болу мақсатында қан тапсырған.

Иммундық плазма дегеніміз — кез келген инфекциялық агенттерге қарсы антиденелері бар адам қанының сұйық бөлігі. Коронавирустық инфекциямен ауырып, сауыққан адамдардың плазмасында осы ауруды жеңуге көмектесетін антиденелер болады. Коронавирустық инфекциямен ауырып, сауыққан адамдардың иммундық плазмасын құю кезінде реципиентте (қан құйылған адам) пассивті иммунитет құрылып, ковид ауруымен күресуге көмектеседі.

— Иммундық плазманы плазмоферез әдісі арқылы дайындайды. Иммундық плазманы донациялау шарасы жай плазманы дайындаудан еш айырмашылығы жоқ, 30-45 минут аралығын қамтиды. Плазманы жинауға арналған барлық аппараттар қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған, олардың жұмыстары мен донордың жағдайын трансфузиолог дәрігерлер мен операциялық мейірбикелер бақылап отырады. Аталмыш шара донор үшін қауіпсіз болып саналады. Донациядан кейін алынған плазма дозасы патогенді әсерсіздендіруге ұшырайды. Плазманың бір донациясынан иммундық плазманың 2-3 стандартты дозасын дайындайды. Айта кету керек, иммундық плазмамен емдеу дербес пайдаланатын әдіс емес, ол коронавирустық инфекцияны емдеудің басқа да әдістерімен бірге қолданылады. Науқастың жай-күйі мен жағдайының ауырлығына байланысты  дәрігер жеке ем тәртібін тағайындайды. Иммундық плазманы құю науқастың тез емделіп шығуына көмектеседі, — дейді Семей қалалық Қан орталығы директорының міндетін атқарушы Назигүл Оразданова.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов қан плазмасы жинақталған банк ашып, 1000 доза жинауды тапсырғаны белгілі, бүгінде 555 доза дайындалған.

Жерлестеріне көмек қолын созу мақсатында қала тұрғындары шетте қалмай, белсенділік танытуда. Солардың бірі — Тасқын Ахметқазиев.

— Дерттен жазылып шыққан соң, өзге науқастарға көмек көрсетейін деген оймен иммунды плазма доноры болу туралы шешім қабылдадым. Мұқтаж адамға көмегім тиіп, ауруынан айығуына септессем – мен үшін қуаныш,- дейді Тасқын Ахметқазиев.

Айта кету керек, Covid-19 вирусымен ауырып, сауығып шыққан адамдардың барлығы дерлік иммундық плазманың доноры бола алмайды. Иммундық плазманы дайындау үшін донорларды іріктеу қажет, оның талабы — коронавирустық инфекцияларға антиденелердің жеткілікті болуы. Сонымен қатар донор трансфузиялық инфекцияларға алдын ала тест тапсырады және биохимиялық және гематологиялық зерттеулердің нәтижелері қаралады. Сондықтан мамандар донор-реконвалесценттер арасында байыпты түрде іріктеу жүргізеді.

— Иммундық плазма алу жұмыстары толық сауыққаннан кейін кем дегенде екі жұма өткеннен соң жүргізіледі. Донор инфекциядан кейін өзіне-өзі келуі қажет. Донорларға 7 айлық есептік көрсеткіші — 19 446 теңге төлемақы қарастырылған, — дейді Назигүл Амангелдіқызы.

Бүгінгі күні иммунды плазма құйылған 17 адамның 10-ы жазылып шыққан.

Донор болуға ниетті қала тұрғындары тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген емханаға немесе қан орталығына барып, антиденеге тегін қан тапсыра алады.

Семей қаласы бойынша қосымша ақпаратты 42-15-34 немесе 87754583930 нөмірлері арқылы алуға болады.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

4 дня бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

4 дня бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

5 дней бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

5 дней бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

1 неделя бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 неделя бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 неделя бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 неделя бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 недели бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС