"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АУЫЛ – БІЗДІҢ АЛТЫН БЕСІГІМІЗ

19.10.2020
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту, елеулі жетістіктерге қол жеткізу ауылдарды дамытудан, ауыл шаруашылығын заман талабына сай жақсартудан басталады. Тарбағатай ауданының әкімі Асхат Смаилов қай ауылға барса да әңгімені осы талаптар негізінде қозғайды. Өткен аптада Асхат Сайдахметұлы Маңырақ, Жаңаауыл, Жетіарал, Құйған ауылдық округтерінде жұмыс сапарымен болып, жергілікті қоғамдастық пен ақсақалдар алқасының мүшелерімен кездесу өткізді.

Маңырақ ауылына барғанда аудан басшысы әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап көріп, жауапты науқанға дайындығына назар аударды. Негізінен, мал шаруашылығы дамыған өңірдің артықшылығы, еңбек ұйымдастырудың ұтымды тұстары, жемшөп дайындау, жоңышқа өсіру, суды тиімді пайдалану мәселелері кеңінен сөз болды.  Егістік мәселесі жайында айтылғанда суды тиімді пайдалану мақсатында жаңбырлатып суару әдісін қолданудың артықшылығы нақты мысалдармен түсіндірілді.

Мал тұқымын асылдандыру, таза тұқымды мал өсіру жайлы сөз болғанда аудан басшысы Қазақстанның селекционер-ғалымдары қазақтың көне жылқысы Жабы типін сұрыптау арқылы көп жылдық асылдандыру жұмыстарының негізінде шығарылған, тұқымдық және өнімдік қасиеттеріне қарай іріктелген Мұғалжар тұқымды жылқы өсіруге кеңес берді.

Жаңаауыл ауылына барғанда аудан басшысы біршама уақытын көктемгі нөсер жаңбырдың әсерінен болған су тасқыны кезінде бүлінген үйлерді аралап, тұрғындардың жағдайымен танысуға арнады. Ежелден ынтымақты, береке-бірлігі жарасқан ауылдың құтын қашырып, көрші отырған адамдардың бір-бірімен түсініспеу жағдайын туындатқан бір мәселе бар екен. Ол көктемгі тасқын кезінде бүлінген үйлердің біріне көп, біріне аз ақша бөлінгеніне байланысты жағдай екен. «Әділдік жоқ!» деп дау шығарған кейбір тұрғындар өздерінің үйлері де тасқын судың салдарынан бүлінгенін, оны жөндеуге жеткілікті өтемақы бөлінбегенін айтып жатты. Әрбір тұрғынның өтінішін байыппен тыңдаған аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы табиғи апат орын алғалы біршама уақыт өтіп, бүлінген үйлердің басым көпшілігі қайта жөнделгенін, қалыпты жағдай орнағанын айта келіп, сол кезде облыстан арнайы жіберілген комисся әр бүлінген баспанаға жеке ақаулық актісін жасап, үй иесіне қол қойғызғанын, қаржы сол бағалаушы компанияның шешімі бойынша бөлінгенін түсіндірді. Тасқын кезінде әр үйге келген залал әртүрлі болғандықтан, оған берілетін өтемақының да мөлшері біркелкі болмайтыны заңдылық екенін айтты. Бұл пікір көпшілік тарапынан қолдау тауып, береке-бірлігімізді кетірмейік деген тоқтамға келіді.

Кездесуде сонымен қатар шекара шебіндегі ауылға көбірек көңіл бөлінсе, су келетін платина жөнделсе, ауылдан шығарылатын күл-қоқыс бір жерге төгілсе, суармалы жерді бөліп алып, егін егіп, тиімді пайдалансақ, мал жайылымы кеңейтілсе, жедел жәрдем машинасына гараж салынса деген тілектер де айтылды. Ауылға кіреберістегі тоғыз шақырым асфальтталған жолдың ойлы-шұңқыр күйінде қалғаны, бір рулон шөптің бағасы он үш мыңға қымбаттап кеткені да айтылмай қалмады. Жастардың жаппай егін еккісі келетіні де осы кездесуде мәлім болды.

Көпшілік тарапынан айтылған ұсыныс-пікірдердің орынды екенін айтқан аудан әкімі Асхат Смаилов «төрт түлік мал жайымға сыймай жатыр» дегендерге қолға ұстайтын сауын сиырдан басқасын жайлауға шығарып бағу керектігін ескертті. Бос жатқан бес жүз гектар жерді заңдастырып, бөліп алып, игеру қажеттігін, күш біріктіріп, кооператив құрып, егіншілікті дамыту керектігін қадап тұрып айтты, жастардың бастамасын қолдайтынын білдірді. Ауыл жастарының қоғамдық істердегі белсенділігін аңғарған аудан басшысы жергілікті қоғамдастықтың құрамына жастар да алынсын деген ұсынысын айтты.

Жетіарал және Құйған ауылдарының үлкендері де аудан басшысын жылы қабақпен қарсы алды. Мұндағы пікір алысулар да ауыл проблемаларын шешудің жолдарын қарастыру, ортақ мақсатта күш біріктіріп жұмыс істеу мәселелері төңірегінде өрбіді. Ауылдардың жолын жөндеу, мал шаруашылығын дамыту, егістік пен шабындық жерлерді ұтымды пайдалану, санитардық тазалықты жақсарту, жұқпалы аурулардан сақтану шараларын қатаң ұстану мәселелері айтылды. Ауыл ақсақалдары алдағы уақытта бірінші кезекте атқарылуға тиісті шаруалар төңірегінде ой-пікірлерімен бөлісті. Асусай ауылына таза су беру, жолын жөндеу, Жалғызтал ауылының жолын дұрыстау мәселелері алдымен атқарылатын шаруа екені ескерілді.

Аудан басшысы Асхат Смаилов әр ауылдағы қоғамдастық пен ақсақалдар алқасы түйткілді мәселелерді уақтылы анықтап, шешу жолдарын бірлесіп қарастырса, ең бастысы, береке-бірлікті нағайтуға күш салса, ауыл өмірі жақсарған үстіне жақсара түсетініне сенімді екенін  жеткізді.

Хамза СӘТИЕВ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

«Таза қала – таза орта»: Семейдегі Водный кентінде тазалық акциясы өтті

12.05.2026
«Таза қала – таза орта»: Семейдегі Водный кентінде тазалық акциясы өтті

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Семей қаласындағы Водный кентінде «Таза қала – таза орта» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Тазалық шарасына...

Толығырақ...Details

Абай облысының делегациясы Австралияның агротехнологиясымен танысып, тәжірибе алмасуға барды

12.05.2026
Абай облысының делегациясы Австралияның агротехнологиясымен танысып, тәжірибе алмасуға барды

Аймақ басшысы Берік Уәлидің тапсырмасы аясында облыс әкімінің орынбасары Думан Оспанов бастаған делегация іссапармен Австралияға келді. Делегация құрамында ауыл шаруашылығы...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

12.05.2026
Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардағы құрылыс-монтаж жұмыстары мен жобалық-сметалық...

Толығырақ...Details

Абай облысының үш ауданында антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді

12.05.2026
Абай облысының үш ауданында антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді

Semeytany.kz - 2026 жылғы 12–15 мамыр аралығында Бесқарағай, Жаңасемей және Бородулиха аудандарының аумағында «Қанжар-Антитеррор-2026» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы ұйымдастырылады. Іс-шараны Шығыс Қазақстан,...

Толығырақ...Details

Жүректерді біріктірген ізгілік: паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ауруханасына сапар

12.05.2026
Жүректерді біріктірген ізгілік: паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ауруханасына сапар

Жүректерді біріктірген ізгілік – қоғамның рухани деңгейін, адамдар арасындағы өзара сыйластық пен жанашырлықты айқындайтын маңызды құндылықтардың бірі. Мұндай игі бастамалар...

Толығырақ...Details

«Қарағай» қойылымы арқылы «Таза Қазақстан» идеясы сахнада көрініс тапты

11.05.2026
«Қарағай» қойылымы арқылы «Таза Қазақстан» идеясы сахнада көрініс тапты

Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры сахнасында жас драматург Жәнібек Әлікеннің «Қарағай» атты әлеуметтік драмасының премьерасы өтті. Қойылымды режиссер...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Таза қала – таза орта»: Семейдегі Водный кентінде тазалық акциясы өтті

2 часа бұрын

Абай облысының делегациясы Австралияның агротехнологиясымен танысып, тәжірибе алмасуға барды

2 часа бұрын

Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

2 часа бұрын

Абай облысының үш ауданында антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді

2 часа бұрын

Жүректерді біріктірген ізгілік: паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ауруханасына сапар

2 часа бұрын

«Қарағай» қойылымы арқылы «Таза Қазақстан» идеясы сахнада көрініс тапты

1 день бұрын

Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр

2 дня бұрын

Абай облысында чек берілмеген жағдайда сатып алушының қалай әрекет етуі керектігі еске салынды

3 дня бұрын

Абай облысында судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

3 дня бұрын

Абай облысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС