"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

COVID-19: САЛҒЫРТТЫҚТЫ КӨТЕРМЕЙДІ

10.11.2020
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты аудан әкімдерімен кезекті жиналыс өткізді. Бұл туралы облыс әкімі әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.

Аймақ басшысы жиыннан бір күн бұрын індеттің өршуіне байланысты Зайсан, Алтай аудандары мен Риддерге мамандар тобын, яғни Семей қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының, сондай-ақ Өскемендегі облыстық және №4 қалалық ауруханаларының жоғары санатты дәрігерлерін, атап айтқанда пульмонологтерді, инфекционистер мен реаниматологтерді жіберуге тапсырма берген болатын. Себебі аталған аудандарда COVID-19 вирусы мен ковидті пневмонияның кең таралуы байқалып отыр.

Арнайы топ орталық ауруханалардағы стационарлардың, оның ішінде инфекциялық және провизорлық төсек — орындардың, сонымен қатар емханалардың жұмысын толық зерделеуде. Аймақ басшысының айтуынша, жүргізілген тексерудің алғашқы нәтижелері бойынша аумаққа бөлу талаптары мен емдеу хаттамасын сақтауда бірқатар бұзушылықтар анықталған. Жұмыс жалғасады. Алдағы уақытта бұл ауруханалар осы аудандарға жетекшілік етіп, жұмыс барысында жан-жақты, тәжірибелік және консультативтік көмек көрсетпек.

Облыс әкімі азық-түлікке тапсырыс беру үшін колл-орталықтардың жұмысы қайта басталғанын хабарлады. Бұл жұмысқа қолдау көрсетіп, осындай қысылтаяң сәтте қол ұшын созып, азық-түлікті тегін жеткізу қызметін ерікті түрде ұсынған еріктілерге шексіз алғысын білдірді. Шығыс Қазақстан облысында індет жұқтыру жағдайы жиілеп, көш бастап тұр.

— Қазіргі уақытта облыс аумағында COVID-19 вирусын жұқтырған науқаспен байланыста болған адамдардың тарапынан карантин талаптарының сақталуына белсенді тексеру жүргізілуде. Бұл жұмысқа учаскелік полицейлер де жұмылдырылды. Облыстың барлық тұрғындарынан әлеуметтік жауапкершілік танытып, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет талаптарын орындауын сұраймын, – деді облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы.

Өз тілшіміз

{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім...

Толығырақ...Details

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

26.06.2026
30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

Қазақстан Парламенті отыз жылдан астам уақытта 3,5 мыңға жуық заң қабылдап, елдің құқықтық жүйесін қалыптастыру мен мемлекеттілікті нығайтуға елеулі үлес...

Толығырақ...Details

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

26.06.2026
Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді. — Мен Парламенттегі қайнаған еңбектің, онда...

Толығырақ...Details

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

26.06.2026
Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Құрылтайдың технологиялық прогрестің жетекші факторы боларына үміт білдірді. Депутаттар заң шығару қызметінде цифрлық технологиялар мен...

Толығырақ...Details

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Қазақстан президенттік республика болып қала береді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. — Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

26.06.2026
Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа конституциялық орган — Қазақстан Халық Кеңесінің атқаратын қызметтері жөнінде мәлімдеме жасады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

5 часов бұрын

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

5 часов бұрын

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

5 часов бұрын

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

5 часов бұрын

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

5 часов бұрын

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

5 часов бұрын

Ұлттық банктің негізгі пайыздық ставкасына қатысты мәселені пайымдап шешу керек — Президент

5 часов бұрын

Мемлекет басшысы: 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

5 часов бұрын

Тоқаев: Алдағы екі жылда 200-ден астам жаңа өндіріс орны ашылады

5 часов бұрын

Президент Қазақстанды Еуразияның іскерлік хабына айналдыру жөнінде айтты

5 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС