"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОРЫНДЫ ҰСЫНЫС ОҢ ШЕШІМ ТАБАДЫ ДЕП СЕНЕМІН

19.03.2021
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елбасы — қазақ халқының маңдайына біткен асыл перзенті. Ұлтымыздың ұлттық ұстанымдарын тұла бойына сіңіріп, халқымызды әлемге танытқан кемеңгер тұлға. Сындарлы сәттерде сарабдал, салмақты саясатымен елді сүріндірмей, дамудың даңғыл жолына жетелеген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – ХХІ ғасырдың әлем мойындаған қайраткері.

Адал еңбегімен шыңдалған, әлем таныған Елбасының жолы мені шыдамдылық пен ширақтылыққа, төзімділік пен тәуекелге талпынуға, қайсарлық пен намысшылдыққа, патриот болуға бағыттады. Тарихи куәгер ретінде қоғамда 30 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясында 26 жыл үздіксіз қызмет атқару менің маңдайыма бұйырғанына тәубе деймін.

Елбасы ел мен жерді сүюге, қиын сәттерде әр түрлі арандатушылықтарға мойынсұнбауға, өз позициямызды берік ұстануға үйретті.

Тарих пен өмір егіз екенін уақыт дәлелдеді. Уақыт — емші, тарих – таразы. Нұрсұлтан Әбішұлы түркі әлеміне туыс, көрші елдердегі достарға мақтаныш, көптеген мемлекеттерге үлгі болып, ел абыройын асырды. Көп ұлтты Қазақстанда тұрақтылық пен келісімді сақтап, әлем жұртына өнеге көрсетті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде Нұрсұлтан Әбішұлы қазақ тілінде баяндама жасап, еліміздің айбыны мен парасатын танытты.

Алмағайып сәтте тарих сахнасына тәуелсіз ел ретінде шығып, туын тіккен Қазақ елінің көшін аудармай, мақсатты жеріне төрт құбыласын түгел сай етіп жеткізудің қаншалықты жауапты да салмақты іс екенін басынан кешкен адам ғана түсінер.

Тағдыр шешті кезеңде Қазақ елінің тізгінін ұстап, көшін бастауды тағдыр Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың маңдайына жазған екен. Қазақ елінің екі тізгін, бір шылбырын қолына алған Елбасы әуелгі сәттен бастап-ақ бабалар аманатына сай ұзақты көздеп, болашақты баянды ететін байыпты жолды таңдады.  Елін де осы ұстанымға ұйытты. Ұлы мақсат жолына жұмылдырды. Тағдырын қолына сеніп тапсырған халқын қиын қыстау кезеңнен аман алып шықты. Сарабдал саясаты, салиқалы ұстанымның арқасында Қазақ елі дау-дамайдан аман, ұрыс-жанжалдан тыс дамып келеді. Елбасы жолы — Елдіктің жолы! Тәубе дейміз.

2019 жылы наурыз айында Нұр–Сұлтан қаласындағы Наурыз мейрамы мен Нұр–Сұлтан атауын қолдау жөніндегі мерекелік шараға қатыстым. Қала әкімі Бақыт Сұлтанов, Парламент депутаты Бақытбек Смағұлұлы, қала әкімінің орынбасары Нұркенов Нұрлан да осы шарада болды. Менімен ниеттес және кереғар пікірдегі адамдарға түсіндіруді міндетім деп санадым. Сондағы айтқаным: «Қасым Жомарт Тоқаев Нұрсұлтанның нұрлы жолын, Қасым ханның қасқа жолын, Мәңгілік елдің ұрпақтарына керекті тыныштық пен берекені, бейбітшілікті, жалғастыратынына кәміл сенемін».

«Біріңді, қазақ, бірің дос/Көрмесең істің бәрі бос». Ұлы Абайдың ұлағатты сөзі заманның талабы, уақыттың қалауы екенін дәлелдеп тұр. Осының барлығы Қазақстанның болашағы жастарға керек.

Елбасының айтқаны болып жатыр,

Қиындықтар кейінге қалып жатыр.

Халқымның  өркениетті ел болуын

Күтеді бүгінгі ұрпақ, осы ғасыр!

Осының барлығы кезекті мақтау емес, мен мұны ұпай жинау үшін пендешілікпен айтып отырғам  жоқ. Еліміздің біртуар перзенті Қазақстан халқының өзіне артқан зор сенімін үлкен абыроймен атқарып шықты. Қарағайлы шағын ауданындағы жаңа көшеге Елбасының есімін беруді дұрыс шешім деп ойлаймын. Атасына ауылдың атын, көкесіне көше атауын беріп жатқан заманда еліміз үшін орасан еңбек сіңірген Елбасындай ерен тұлғаға бір даңғылдың атын бермеу – қала берді елдігімізге де сын. Сондықтан да тұрғындар парасат пайымына салып, осы бастаманы қолдайды деп сенеміз.

Тәуелсіздігіміз, бейбіт күніміз, берекелі өміріміз ұзағынан сүйіндірсін деп тілейік.

Орал ШӘРІПБАЕВ, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

16 часов бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

16 часов бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

23 часа бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС