"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ұрпақ жадында мәңгі сақталады

06.05.2021
Ұрпақ жадында мәңгі сақталады
39
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыс салдарынан халқымыз қаншама ұл-қыздарынан айырылды. Соғыс салған жара ешқашан жазылмас. Төрт жыл — 1418 күн мен түн бойы Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін арпалысқан майдангерлер бұл соғысты жеңіспен аяқтады. Міне, содан бері 76 жыл өтті.

Жыл өткен сайын ардагерлеріміздің қатары да азайып барады. Бүгінде Үржар ауданында жасы жүзді алқымдап қалған екі ғана батыр атамыз қалды. Соның бірі – Кенигсберг, Сталинград шайқастарына қатысқан Алтынхан Өміржанов.

Шұбартау ауылында дүниеге келген Алтынхан ата қазіргі таңда Ақжарда тұрады.  Жеті жылдық мектепті тамамдаған соң, 1941 жылға дейін ауданда еңбек етеді. Кейін кавалерлік шеберлікке машықтандыру мақсатында Үржар аудандық әскери комиссариатына жіберіледі. 1942 жылдың сәуір айында майдан даласына аттанады. Алтынхан ата Челябинскідегі сержанттық курстан өтіп, 262-гвардиялық атқыштар полкі бөлімшесінің командирі болып тағайындалады. 1944 жылы  бірнеше рет жараланып, запасқа шығарылыпты.

Соғыстан оралған майдангер еңбекке араласты. Алтынхан атамыз «Красные горные орлы» фермасында бригаданы басқарды, мелиоратор болып та жұмыс істеді.

Ардагер соғыста көрсеткен ерлігі үшін  «Маршал Жуков», «Ерлігі үшін», «Украинаны азат еткені үшін» және өзге де медальдармен марапатталған.

Отыз жыл ғұмырын ауданның ауыл шаруашылығын өркендетуге арнаған соғыс ардагері еңбекте де көпке үлгі болып, «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері», «КСРО әскеріне 50 жыл», «КСРО әскеріне 70 жыл» медальдарын иеленді. Құдай қосқан жарымен он бала тәрбиелеп өсірген Алтынхан ата бүгінде немере-шөберелерінің ортасында бақытты ғұмыр кешуде.

Елі мен жері үшін қан майданда от кешіп, жантүршігерлік азапты басынан өткерген ардагерлеріміздің ерлігі – ұрпаққа үлгі. ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан біз бейбітшіліктің қадірін біліп, тәуелсіздігімізді баянды ету жолында  аянбай еңбек етуге тиіспіз.

Шұғыла СҰЛТАНМАХМҰДОВА

Мақалада: Алтынхан ӨміржановСталинград шайқасыҮржар ауданы

Ұқсас жаңалықтар

«Табыстың жаңа формуласы»: Абайда 300-ден астам кәсіпкер жиналды

01.11.2025
«Табыстың жаңа формуласы»: Абайда 300-ден астам кәсіпкер жиналды

Абай облысында «Respublica» партиясының облыстық филиалы және “Re.Women” әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен «ReBusiness Forum 2025 – Бизнес пен интеллект: табыстың жаңа...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

31.10.2025
«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Қай студенттер шәкіртақы алады?   Мемлекеттік стипендия аралық аттестаттаудың (емтихан сессиясының) нәтижелері бойынша «үздік», «жақсы» деген бағаға сәйкес бағалардың баламасын...

Толығырақ...Details

Абай облысында жылыту маусымында өрт оқиғалары 44%-ға артты

31.10.2025
Абай облысында жылыту маусымында өрт оқиғалары 44%-ға артты

Абай облысында жылыту маусымы басталғалы өрт оқиғаларының саны күрт артты. Биыл өңірде 304 өрт тіркеліп, бұл өткен маусыммен салыстырғанда 44-%...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін асырғаны үшін қандай жаза қауіпі бар?

31.10.2025
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін асырғаны үшін қандай жаза қауіпі бар?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі бекітілді. Аталған тізбеге 19 негізгі тағам түрі енгізілді, олардың қатарына:...

Толығырақ...Details

Танымал волейболшыны жаттығу кезінде тоқ соғып, жансақтау бөліміне түсті

31.10.2025
Танымал волейболшыны жаттығу кезінде тоқ соғып, жансақтау бөліміне түсті

Иран ұлттық құрамасының әйгілі волейболшысы Сабер Каземи Катарда жаттығудан кейін оқыс оқиғаға тап болды. "Эр-Райян" клубында дайындық кезінде спортшыны бассейнде...

Толығырақ...Details

Семейде әлеуметтік қорғау саласының үздіктері құрметталды

31.10.2025
Семейде әлеуметтік қорғау саласының үздіктері құрметталды

Semeytany.kz - Семейде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шарада облыс әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов мамандарды кәсіби...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Табыстың жаңа формуласы»: Абайда 300-ден астам кәсіпкер жиналды

17 часов бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

2 дня бұрын

Абай облысында жылыту маусымында өрт оқиғалары 44%-ға артты

2 дня бұрын

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін асырғаны үшін қандай жаза қауіпі бар?

2 дня бұрын

Танымал волейболшыны жаттығу кезінде тоқ соғып, жансақтау бөліміне түсті

2 дня бұрын

Семейде әлеуметтік қорғау саласының үздіктері құрметталды

2 дня бұрын

Бесқарағайдағы Ерназар ауылында заманауи дәрігерлік амбулатория ашылды

2 дня бұрын

Облыс әкімі Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесті

2 дня бұрын

Абай облысында 400-ден астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

2 дня бұрын

Абай еліне тарту еткен 14 нысан өркениет өрісін кеңейтпек

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС