"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті

06.05.2026
Семейде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу
Бүгін Семейдегі Абай атындағы театрда 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Елім деп соқсын жүрегің!» атты салтанатты жиын өтті.
Шараға облыс әкімі Берік Уәли қатысып, өңір жұртшылығын құттықтады. Аймақ басшысы ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген барша әскери қызметшілер мен құқық қорғау саласының өкілдеріне алғысын білдірді. Бүгінгі бейбіт өміріміз үшін жан аямай күрескен майдангерлердің, тынымсыз еңбек еткен тыл ардагерлерінің ерлігі мен еңбегі ұрпақ үшін өнеге екенін атап өтті.
«Халқымыз үшін үлкенге құрмет – ұлттың ұстанымы, батырға тағзым – елдіктің белгісі. Сондықтан бұл күндер – тек мереке ғана емес, ұрпақ санасына отансүйгіштік пен елдік рухты сіңіретін тағылым мектебі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Әскери борышты өтеу – Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі. Халыққа қалтқысыз қызмет ету – әрбір адал азаматтың перзенттік парызы» – деп айрықша атап өткен болатын. Шын мәнінде, Отанды сүю сөзбен емес, іспен дәлелденеді. Елге қызмет ету – ерге сын, ел қорғау – ерге мұрат. Даңқты қолбасшы, батыр Бауыржан Момышұлы айтқандай, «Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті». Бүгінгі бейбіт өмір – кешегі майдан даласында оққа кеудесін тосқан батырлардың, тылда тынымсыз еңбек еткен аға буынның, ел үшін жанын қиған қаһармандардың қасиетті аманаты. Сол аманатқа адал болу – бүгінгі ұрпақтың борышы», – деді Берік Уәли.
Салтанатты шара барысында аймақ басшысы 36803 әскери бөлімінің командирі, полковник Мұрат Әкімбаевқа Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденін табыс етті. Сонымен қатар прокуратура органдарының құрметті ардагері, генерал-майор Жақсылық Байтұқбаев, «Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы Ахмет Матаев, «Қарулы күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы Станислав Сәрсеков «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғамдық өміріне үлес қосқан бірқатар азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатын алды.
Мерекелік кеш барысында әскери-патриоттық және вокалды-хореографиялық композициялар қойылып, көрерменге театрландырылған қойылымдар ұсынылды. Сахнада ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Семей филиалының әскери оркестрі, «Арлан» тобы, «Еркебұлан-Бауыржан» дуэті, облыстық филармония әртістері мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.
Өңірімізде әскери-патриоттық тәрбие беру ісі жүйелі жүргізілуде. Қазіргі таңда облысымыздағы білім беру ұйымдарында 7 мыңнан астам жасөспірім «Жас сарбаз» қозғалысының құрамында тәрбиеленіп келеді. Жуырда Өзбекстан Республикасының Шыршық қаласында өткен халықаралық әскери-спорттық жарыста Қазақстан намысын қорғаған облысымыздың «Абай қырандары» командасы жүлделі екінші орынды иеленді. Былтыр өңір бойынша ел шебін қорғауды абырой санайтын 9 794 жас әскер қатарына шақырылып, Отан алдындағы қасиетті борышын өтеуге аттанды.
Семейде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті Семейде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті Семейде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті Семейде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті Семейде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті Семейде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті Семейде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті

Ұқсас жаңалықтар

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

24.08.2026
«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады. Сайлау күні ел бойынша коалицияның 25 мыңнан...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

24.08.2026
Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

Құрметті қазақстандықтар! Бүгін елімізде маңызды тарихи оқиға – Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихында Жаңа Конституцияға сәйкес...

Толығырақ...Details

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

24.08.2026
«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

Ол Президенттің дәйекті саяси бахыты мен ауқымды реформалары еліміздің дамуында жаңа кезеңге жол ашып, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуының маңызын арттырғанын...

Толығырақ...Details

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

24.08.2026
Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

Экзитпол нәтижесі бойынша ЖСДП Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сайлауында сайлаушылардың 5% аса қолдауына ие болды. Алғашқы болжамды нәтижеге байланысты ЖСДП...

Толығырақ...Details

«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

24.08.2026
«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева алғашқы Құрылтай сайлауы аяқталғаннан кейін қазақстандықтарға үндеу жасады. Партия төрағасы бұл сайлауды елдің...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

24.08.2026
«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

Ол өз сөзинде азаматтардың білдірген сеньими мен қолдауына ризашылығын жеткізді. «Сайлауалды науқан кезинде еліміздің әр өңірін аралап, талай азаматпен жүздестик....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

7 часов бұрын

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

7 часов бұрын

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

7 часов бұрын

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

7 часов бұрын

«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

9 часов бұрын

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

9 часов бұрын

Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

1 день бұрын

«Бәрі заңнама аясында өтіп жатыр»: Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстандағы сайлау туралы айтты

1 день бұрын

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары: Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр

1 день бұрын

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС