"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Әлиханның Семейге оралуы керек

20.05.2021
Әлиханның Семейге оралуы керек
745
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Тарихты тұлғалар жасайды» деген тәмсіл бар. Халық тағдыры талқыға түскен сын сағатта шешуші рөл атқаратын тұлғалық фактор екендігін тарихтың сындарлы кезеңдері талай мәрте дәлелдеді. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тарих толқынында» атты канондық еңбегінде: «ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды» — деп ұлттық реформалардың бастауында тұрған қайраткерлер тобының жанкешті еңбегіне айрықша тоқталып өтеді.

Алаш қозғалысы десе тәуелсіздік, тәуелсіздік десе Алаш қозғалысы тарихи сабақтастықта айтылатыны заңдылық іспеттес. Себебі, кешегі Алаш идеясының басты ұстанымы – мемлекеттілік, тәуелсіздік және ұлттық жаңғыру болды. «Алаш қозғалысы», «Алаш партиясы», «Алашорда үкіметі», «Алаш автономиясы» сынды қазақ халқы үшін қастерлі ұғымдарды тарих бетінде таспалап қалдыруда ең алдымен ХХ ғасыр басындағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті өкілдері – Алаш қайраткерлерінің есімдері алдымен ойға оралары сөзсіз. Ұлтқа қызмет етудің жарқын үлгісін көрсеткен, білімі мен біліктілігі жоғары сапалы қазақ оқығандарының басында есімі қазақ ортасынан асып, Ресей империясына кең таралған, тіпті Еуразия кеңістігіне танымал қайраткер Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан тұрды.

Міне, биыл ұлтымыздың ұлы перзенті, шынайы қайраткерлік пен пассионарлық болмыстың иесі, бірегей тұлғаның 155 жылдығы. Әрине, Әлихан тұлғасы қазаққа қашан да ыстық. «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден», «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» — деп бар ғұмырын ел мүддесіне, саясат ісіне сарп еткен Әлихан Бөкейханның кешегі Алаш заманындағы тұлғасы қандай еді? Бүгінгі таңда Алаш ардақтысын қаншалықты ұлықтай алып жатырмыз?

Алаш заманындағы Әлихан тұлғасы

«Ертіс үлкен өзен. Өре басы Қытайдан келеді. Екі қабағы ызғындай ел. Ызғындай елдің ортасындағы өнер-білімнің, сауда-кәсіптің, от арба, от кеменің тоғысатын кіндігі, қара шаңырағы – Семей. Семей – бір губерния елдің миы. Ақыл-ойдың табысы Семейде. Семей – бір губерния елдің жүрегі. Семей бүлкілдесе, бір губерния ел бүлкілдейді. Ертістің оң қабағында – Семей, солында – Алаш қаласы…». Бұл көрнекті жазушы, Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың әйгілі «Ақбілек» романында Семей қаласының сол кездегі әлеуметтік-экономикалық және мәдени маңызын дөп басқан сипаттама. Жүсекеңнен асырып дәл осылай айту әсте мүмкін емес те шығар.

ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қарт Семейдің осындай зор әлеуетке ие болуына Алаш қозғалысының, осы қозғалысты өрістеткен Алаш қайраткерлерінің еңбегі орасан зор болғаны талас тудырмайды. Оқу-білімнің, ғылымның қадірі артқан заманда қазақ қоғамы ұлт зиялыларының маңайына топтасты. Берісі Семей, Омбы, Орынбор, арысы Қазан, Ресейдің еуропалық бөлігі саналатын Мәскеу, Петербор қалаларындағы іргелі оқу орындарында білім алған Алаш қайраткерлері қазақ ұлт-азаттық қозғалысының жаңа кезеңін бастап берді. Бұл уақыт талабы болатын.

Міне осы Жүсіпбек Аймауытов тілге тиек еткен Алаш қаласының күнделікті өмір тарихы мен маңызды оқиғалары Әлихан Бөкейханның ғұмырнамасымен тікелей байланысты. Хан базары қайнаған осынау өлкеге Арқаның әр тарапынан арман қуған алаштың азаматы жиналғаны, өнер-білім іздеп шарқ ұрғаны белгілі. Сол әр тараптан жиналған қазақтың талапты жігіттерінің ауызында Әлихан болғаны, бағдары алаш болғаны белгілі. Тіпті сол кезеңді еске салатын тарихи ғимараттардың өзінің де Әлиханға қатыстылығы тарихи деректерде жиі ұшырасады.

Ел арасындағы ауызша деректер мен мұрағат құжаттарынан, мемуарлық еңбектерден Әлихан Бөкейхан тұлғасының асқақтығын, биіктігін, халықтың қайраткерге деген құрметінің жоғарылығын байқаймыз. Тіпті, қалың жұршылық Әлиханды көсеміміз, топ бастайтын серкеміз деп таныған.

Әлиханның інісі Смахан төренің естеліктерінде Әлихан Бөкейхан өміріне қатысты қазақ даласындағы ықпалды тұлғалар мен ауқатты азаматтардың есімдері көптеп аталады. Сол есімдердің көбі кезіндегі Семей өңірінен шыққан айтулы азаматтар. Смахан төре оларды «Әлекеңнің достары» деп көрсетеді.  Естелікте көрсетілгендей, Әлихан 1908 жылы сегіз ай Семей абақтысында отырғанда ауырды деп естіп «Әлекеңдер қазаққа керек адам» деп тобықты Оразбай баласы Медеу он құлынды бие Шағылға байлатып, күнде абақтыға бір саба қымыз апарып, бір бағлан сойып, мәжіліс құрып отырған.Осы мәселеге қатысты екінші дерек, 1915 жылы Кәкітайдың өмірден өтуіне байланысты «Қазақ» газетінде жариялаған қазанамасында «1918 жылы Семейде абақты борышымды күтіп жүргенде Шәкәрім, Кәкітай, Тұрағұл әдейі қалаға келіп, тағы бір аз күн көңіл көтеріп, шат болған едік» деп Абай ауылы азаматтарының пейіліне ризашылығын білдірген. Әлекеңнің тұлғасына өз заманында көрсетілген мұндай құрметтер мен қошеметтерді тізбектеуді шағыз мақаламыз көтере алмасы анық. Алайда, Әлихан Бөкейханның қайраткерлік қасиеті мен тұлғалық болмысын танытатын, халықтың Әлиханға деген махаббатын көрсететін туынды – ол Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 1917 жылы «Сарыарқа» газетінде жарияланған «Әлиханның Семейге келуі» деп аталатын репортаж жазбасы.

Аталған репортажында Сұлтанмахмұт «Кешке жақын Семейде 21 – октябрьде, бұрынғы жандарал мекемесі, «Бостандық үйіне» қарай топ –тобымен ағылған қазақ еді. Семинаристер бір рет,гимназистер бір рет,курсистер, мұғалімдер бір рет, саудагерлер, қырдан келгендер де бар…» — деп халықтың аңсар көңілін сипаттай келе, «Бұл қазақтар бұрынғыдай еріксіз «қанын сорған битін» тосып жиылған қазақтар емес, ерікті қазақтар, елге еңбегін сіңірген ерін тосып жиылған қазақтар еді. Ол ері кім еді? Ол ері: елі үшін құрбандыққа жанын берген, бит,бүрге, қан далаға қанын берген, көрдей сасық ауа,темір үйде алаш үшін зарығып бейнет көрген, басқан аяқ кейін кеткен заманда жасымай алашына қызымет еткен, болса да қалың тұман, қараңғы түн, туатын «бақ жұлдызына» көзі жеткен; түймеге жарқылдаған алданбаған, басқадай бір іс үшін жалданбаған, «қайткенде алаш көркейер» деген ойдан басқа ойды өмірінде малданбаған Әлихан Нұрмұхаметұлы Бөкейханов еді» — деп алғашқы ойды түйіндейді. Осы жолдарға халықтың Алаш көсеміне деген ыстық ықыласы мен айрықша құрметін, Әлиханның елі үшін жаралған бітім-болмысын аңғаруға болады. Бұл кешегі Алаш қаласында болған тарихи оқиға еді.

1917 жылғы 5-13 желтоқсандағы екінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Семей  қаласы – Алашорда үкіметінің орталығы болып бекітілген. Содан бері Алашорданың кеңсе құжаттарында қала атауы Алаш қаласы деп аталды.

Бір қызығы, Әлихандар орнықтырған «Алаш қаласы» атауы Кеңес үкіметі орнағаннан кейін де, яғни 1927 жылға дейін сақталып тұрды. Бұған кеңестік биліктің өңірдегі аппараттарында кешегі Алаш идеясына ниеттес тұлғалардың жұмыс жасауы да ықпал етсе керек.

Әлиханды ұлықтаған Семей

Бүгінде ел арасында Семей қаласының Алашорданың астанасы деген бейресми мәртебесі бар. Осы атаудың өзі жергілікті халықтың көңіліне мақтаныш сезімін ұялататын құдіретке ие. Сондықтан Семей қаласы Алаш қозғалысына, Алаш қайраткерлеріне, оның ішінде Әлиханға жалпыұлттық деңгейде мән берген өңірлердің бірі де, бірегейі. Сөзіміз дәлелді болуы үшін осы бағытта қаламызда атқарылған және атқарылуы тиіс істерді тізбектей кетуді жөн санаймын.

Ең алдымен, Семейде Алаш арыстарына арналған алғашқы музей ашылды. Нақтырақ айтатын болсақ, 1997 жылы Алаш қозғалысының – 80 жылдығына, М.О. Әуезовтың – 100 жылдығына орай Абай қорық-музейінің бір бөлімі ретінде «Алаш арыстары – М. Әуезов» музейі ашылған болатын. Бұл нысан бүгінгі таңда қалалықтар мен қала қонақтары жиі бас сұғатын мәдени кешенге айналып отыр.

Екіншіден, 2008 жылы Алаш қозғалысының 90 жылдығы аясында Семей мемлекеттік педагогикалық институтының құрамында «Алаштану» ҒЗО құрылды. Орталық күні бүгінге дейін Алаш тарихына қатысты іргелі еңбектер мен тұжырымды зерттеулерді жарыққа шығарып, өз алдына ғылыми институт ретінде қалыптасып үлгерді. Дәл осы жылы педагогикалық институттың алдында Әлихан Бөкейханға арналған Қазақстандағы тұңғыш ескерткіш (бюст) ашылды.

Үшіншіден, 2017 жылы Алаш қозғалысының ғасырлық тойы қарсаңында Семей қаласында Әлиханның тұлғасы толықтай сомдалған еліміздегі жалғыз ескерткіш бой көтерді. Бұл халықтың көңілін қуантқан, Алаштың айбынын асырған тарихи сәт болған еді. Дегенмен, Семей жұртының Алашқа деген, Әлиханға деген құрметі де мұнымен толастамақ емес. Себебі, Әлихан есімі Семей үшін Абай, Мұхтар, Шәкәріммен қатар аталатын қадірлі тұлға.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Семей өңірі – қазақ тарихындағы киелі өлкенің бірі. Сондықтан елдің рухани дамуында ерекше орны бар Семей қа­ласын тарихи орталық ретінде белгі­леген жөн. Ұлы Абай мен Шәкәрім­нің, Мұхтар Әуезовтің кіндік қаны там­ған өңір айрықша құрметке лайық. Осы­ған орай шаһарды әлеуметтік-эко­но­ми­калық тұрғыдан кешенді түрде дамы­тып, ондағы тарихи-мәдени нысандар­ды жаңа талапқа сай жаңғыртамыз. Үкі­метке бұл мәселеге байланысты тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын» деген болатын. Мемлекет басшысының осы айтылған тапсырмаларын негізге ала отырып, бүгінгі Семей қаласын барынша дамытып, тарихи-мәдени орталыққа айналдырудың негізгі тетіктерін жүзеге асыру қажет. Осы тұрғыда Семей қаласы үшін айрықша мәнге ие Үш алыптан (Абай, Мұхтар, Шәкәрім) бөлек, Алаш және Әлихан ұғымдары шын мәнінде ұлықталуы тиіс.

Мұндай шаралар ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы аясында барынша қолдау табуы тиіс деп санаймыз.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын бағдарламалық-бағыттық мақаласында: «Тәуелсіздігіміздің мерейтойы аясында осындай біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек. Сонымен бірге, осы тақырыпты зерттеп жүрген ғалымдар мен жазушылардың да еңбегі қолдауға ие болуы және бағалануы қажет. Алаш арыстарының асыл мұрасын игеру жалғаса беруге тиіс» деп атап көрсетті. Бұл дегеніміз – Алашты ұлықтау, Алаш қайраткерлерін зерделеу мемлекеттік деңгейде қолға алынған мәселе екендігін айғақтайды.

Әрине, қазіргі уақытта Әлихан Бөкейхан тұлғасын мәңгі есте қалдыру мақсатында мектепке, көшеге, тіпті шағын ауданға есімін беру ісі республика көлемінде жүзеге асып жатыр. Қуанарлық жағдай. Алайда, шешілмей келе жатқан бір мәселе – Әлихан Бөкейхан есімін иеленген ЖОО-ның жоқтығы. Елімізде Алаш қайраткерлерінің атындағы оқу орындары біршама. Тіпті, біразы республика көлемінде іргелі білім ордаларының санатында. Дегенменде, көпшілік Әлихан Бөкейхан атындағы университеттің болғанын, Алаш қайраткері есімінің білім мен ғылым кеңістігінде асқақтағанын қалайды.

Әлихан Бөкейхан саясаткер ғана емес, қазақтың ауыл шаруашылығын, экономикасын, тарихын, әдебиеті мен мәдениетін терең зерделеген білікті ғалым, ағартушы тұлға.

Әлихан Бөкейханның есімін республика көлеміндегі беделді университетке беру жөніндегі ұсыныстар 2011 жылдардан бастап, жиі айтылып келеді. Әлиханға арналған әр түрлі ғылыми шаралар мен конференциялардың қорытынды қарарларында осы мәселе бірнеше мәрте көтерілді. Содан бері 10 жылдай уақыт өтсе де, аталған ұсыныс өз шешімін таппай келеді. Осыған байланысты Семей халқының өз ұсынысы бар. Ол – Семей қаласында орналасқан іргелі оқу орны – Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетіне Әлихан Бөкейханның есімін беру.

Аталған университет бүгінде Семей өңірінің кадрлық қажеттілігін қамтамасыз етіп отырған үш ЖОО қатарынан саналады.

Сонымен қатар, Әлихан Бөкейхан есімін иелену арқылы өңірдегі, тіпті, республика көлеміндегі Алаш мұрасын кешенді зерттейтін, жинақтайтын ғылыми-үйлестіру орталығына айналатыны анық. Сондай-ақ өңірдегі Алашқа қатысты шешілмей жатқан түйінді мәселелерді шешуге де мұрындық болары сөзсіз. Мәселен, қаламызда Алаш аллеясын ашу, Алашорда музейін жасақтау және т.б.

Түйіндей келе, Әлихан Бөкейхан есімін Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетіне беру – Сұлтанмахмұтша айтқанда «Әлиханның Семейге түпкілікті оралуы», Алаш рухының жаңғыруы және тарихи әділеттіліктің орнауы болмақ. Бұл Алаш қозғалысының локомотиві болған Семейдің тарихи маңызын арттырып қана қоймай, өңір халқының тарихи санасының жаңғыруына себеп болар еді.

Бұл Семей жұртының, зиялы қауымының ұсыныс-тілегі!!!

Риза МОЛДАШЕВА

Мақалада: Әлихан БөкейхановСемей

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан өнеркәсіптік бағытты күшейтуде – Бектенов жаңа экономикадағы машина жасаудың рөлін айқындады

03.04.2026
Қазақстан өнеркәсіптік бағытты күшейтуде – Бектенов жаңа экономикадағы машина жасаудың рөлін айқындады

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумының пленарлық отырысына қатысып, Kazakhstan Machinery Fair 2026 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі қазақстандық өндірушілердің...

Толығырақ...Details

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

03.04.2026
Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

Толығырақ...Details

Абай облысында Курчатовты ғылым қалашығы ретінде дамыту мәселелері талқыланды

03.04.2026
Абай облысында Курчатовты ғылым қалашығы ретінде дамыту мәселелері талқыланды

Абай облысында ғылым, инновацияларды дамыту шаралары 2026-2030 жылдарға арналған өңірді дамыту жоспарына енгізілді. Өңірде ғылым және технологиялар жөніндегі кеңес жұмыс...

Толығырақ...Details

Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру

03.04.2026
Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде жоғары оқу орындары мен ғылым саласында жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру жұмысы...

Толығырақ...Details

Семейде биыл 100 көше мен 100 аула жаңарады

03.04.2026
Семейде биыл 100 көше мен 100 аула жаңарады

Semeytany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, биыл шаһарды абаттандыруға ерекше басымдық берілетінін...

Толығырақ...Details

Сот актілерін апелляциялау және сот билігінің тәуелсіздігі

03.04.2026
Сот актілерін апелляциялау және сот билігінің тәуелсіздігі

Азаматтармен өзара әрекеттесу тәжірибесі қоғамда сот жүйесінің қызметі, оның тәуелсіздігі және сот актілерін қайта қарау тәртібі туралы түсініктің жеткіліксіз екенін...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстан өнеркәсіптік бағытты күшейтуде – Бектенов жаңа экономикадағы машина жасаудың рөлін айқындады

2 часа бұрын

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

2 часа бұрын

Абай облысында Курчатовты ғылым қалашығы ретінде дамыту мәселелері талқыланды

5 часов бұрын

Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру

6 часов бұрын

Семейде биыл 100 көше мен 100 аула жаңарады

6 часов бұрын

Сот актілерін апелляциялау және сот билігінің тәуелсіздігі

6 часов бұрын

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің өңір халқына үндеуі

9 часов бұрын

Семейдегі сауда орындарының жайы сын көтермейді: облыс әкімі қатаң тапсырма берді

1 день бұрын

«Таза бейсенбі» акциясы аясында Абай облысында «AMANAT» партиясының мүшелері 2 тоннаға жуық қоқыс шығарды

1 день бұрын

Семей қаласында спорт саласы бойынша ауқымды және кешенді іс-шаралар жоспарланған

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС