"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Science Bridge»: отандық ғылым дамуының жаңа бастауы

29.05.2026
«Science Bridge»: отандық ғылым дамуының жаңа бастауы
91
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ғылым – адамзат өркениетін алға жетелейтін ұлы күш болса, сол ғылымға бастар алғашқы қадам мектеп қабырғасынан қаланады. Осы сабақтастықты терең сезінген Шәкәрім университетінде өткен «Science Bridge: мектеп қабырғасынан – ғылымға» форумы жас ізденушілердің ғылымға деген қызығушылығын арттырып, білім мен тәжірибені тоғыстырған маңызды жобаға айналғаны шындық.

Жалпы Шәкәрім университетінде мектеп оқушыларымен жүйелі жұмыс жүргізу жолға қойылып, олардың ғылыми ізденіске бейімделуіне баса назар аударылған. Университет ғалымдары мен оқытушылары жас буынның зерттеушілік қабілетін дамытуға бағытталған түрлі жобалар мен тәжірибелік бастамаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.

Бір айға созылған форум барысында университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттер мен мектеп оқушылары бірлесе жұмыс істеп, ғылыми ізденіс пен тәжірибеге негізделген түрлі жобаларды сараптады. Форум қатысушылары түрлі ғылыми бағыттар бойынша өзекті тақырыптарды зерттеп, тәжірибелік жұмыстар жүргізді. Теория мен тәжірибені ұштастырған жобалар ғылымға ден қойған буынның шығармашылық әлеуетін танытып, ынта-жігерін жаңа деңгейге көтерді.

Мәселен, «Семей қаласындағы ауыз судың химиялық құрамы» ғылыми жобасы өңірдегі экологиялық ахуал мен ауыз су сапасын саралайды.   Биология ғылымдарының кандидаты Айгүл Сапақова мен доцент Айгүл Нұрекенованың жетекшілігімен оқушылар қаланың әртүрлі су көздерінен су сынамаларын алып, олардың химиялық құрамын, атап айтқанда, судың құрамындағы аниондар мен катиондарды  талдады. Бұл зерттеу жұмысы Семей қаласы тұрғындарының ауыз суының сапасын анықтауға және оның денсаулыққа әсерін бағалауға бағытталған.

Ал «Полиплоидты жемістерден ДНҚ-ны бөліп алу және полиплоидтылықтың ДНҚ мөлшеріне әсерін зерттеу» және «Жас өскіндер (микрозелень) құрамындағы С витамині мөлшерін йодометриялық әдіспен зерттеу» тақырыптары биотехнология мен генетика саласындағы ізденістердің маңызын көрсетті.

«11 сынып оқушылары қазір мектептегі ҰБТ тапсыру кезімен сәйкес келсе де, уақыт тауып, ғылыми жобаға қызығушылық танытты. Зерттеу барысында арнайы ерітінділер арқылы жеміс жасушаларынан ДНҚ бөлініп алынып, полиплоидты және диплоидты жемістердегі ДНҚ көлемі салыстырылды.

Жоба нәтижесінде полиплоидтылығы жоғары өсімдіктің  ДНҚ мөлшері жоғары екені тәжірибе  жүзінде дәлелденіп, оның биологиялық маңызы қарастырылды» —дейді №22 және Шәкәрім университеті жанындағы «Shakarim High School» мектебінің 10-11 сынып оқушыларына ғылыми жетекшілік еткен ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, химия және биология кафедрасының аға оқытушысы Райгүл Садықова.

Сонымен қатар, білім беру бағытындағы «Мультфильмдердің көмегімен ағылшын тілін меңгеру» (жоба жетекшілері – Миржан Еркінбеков,  Айжан Аққалиева) және «Ағылшын тілін үйренуде жасанды интеллект құралдарын қолдану: жоғары сынып оқушылары мен университеттегі І курс студенттерінің тәжірибесі мен көзқарастарын салыстырмалы зерттеу» (Жоба жетекшілері: Индира Дюсекенева, Мадина Зағыпанова) жобалары заманауи технологиялардың оқу үдерісіндегі тиімділігін дәлелдеді.

Тігін цехының сектор меңгерушісі Құралай Жабағинаның жетекшілігімен қолға алынған «Киіз басу техникасы» жобасы ұлттық мәдениетімізді жаңғыртуға жол ашады.

Форум барысында оқушылар ғылыми зерттеу әдістерін меңгеріп қана қоймай, тәжірибе жасап, деректерді талдау, нәтижені қорғау сынды маңызды дағдыларды игерді. Университет білім алушылары мен оқытушылары жас зерттеушілерге ғылыми жетекшілік жасап, олардың идеяларын нақты жобаға айналдыруға қолдау көрсетті.

№16 Т. Аманов атындағы орта мектебінің оқушысы Алина Саяхметова таныстырған, Шәкәрім университетінің Инжиниринг орталығында жүргізілген жұмыс ионды-плазмалық азоттау температурасының болат бетінің қасиеттеріне әсерін зерттеуге арналған. Алина мен оның бір командадағы қатарластары (№№5, 22, 50, «Shakarim High School» мектебі оқушылары) әртүрлі температуралық режимдерді қолданып, беткі қабаттың микроқаттылығы, кедір-бұдырлығы, коррозиялық төзімділігі мен микроқұрылымдық өзгерістерін анықтаған. Бұл жұмыс барысында олар заманауи құрылғылармен танысып, ғылыми тәжірибе жинақтады. Жас зерттеушілердің айтуынша, бұл құрылғылар зерттеудің дәлдігі мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік берген. Олардың көмегімен әрбір температуралық режимнің нәтижелерін егжей-тегжейлі талдап, болаттың беткі қабатындағы өзгерістерді нақты анықтауға қол жеткізген. Жобаның ғылыми жетекшісі – Инжиниринг орталығының материалдар бетін плазмалық өңдеу технологиялары зертханасының меңгерушісі Қуаныш Орманбеков.

№26 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары «Білім беру 2D симуляциясында өсімдіктердің өсуін модельдеу» жобасын іске асырды. Ауыл шаруашылығы кафедрасының аға оқытушылары Гүлнара Джаманова мен Гүлім Камзинаның  ғылыми жетекшілігімен жүргізілген  өсімдіктердің  өсуін екі өлшемді (2D) модельдеуге арналған кейс-жоба барысында мектеп оқушылары, студенттер мен ғалымдар өзара ынтымақтастықта жұмыс атқарды. Олар өсімдіктердің даму кезеңдерін зерттеп, өсу динамикасын екі өлшемді графикалық модель арқылы бейнелеу жолдарын қарастырды.

№26 мектептің оқушылары өздері білім алып жатқан мектептің  және университеттің №5 оқу ғимаратының ауласына петунья гүлінің тұқымын егіп, өсімдіктің даму кезеңдерін зерттеді.  Өсуге әсер ететін стимуляция факторларын анықтап,  2D форматында өсімдіктің өсу моделін құрастырды, өсімдіктің даму нәтижелерін салыстырды.

Сонымен қатар, Қалибек Әмина, Маржан  Аманжанқызы, Әлихан Рахимбековтер таныстырған «Arduino платформасында бағдарламаланған автономды ақылды жылыжай кешені: бақша дақылдарының өсуін модельдеу және симуляциялау» тақырыбындағы жоба да үлкен қызығушылық тудырды. Arduino негізіндегі ақылды жылыжай өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай жасай отырып, ауыл шаруашылығын автоматтандыруға бағытталған. Жобаның  ресурстарды үнемдеу, шығындарды азайту, интернет технологияларын біріктіру  секілді жаңашылдығы бар.

«Жобаның негізгі мақсаты – Arduino микроконтроллері арқылы жылыжайды автоматтандырылған түрде басқарып, өсімдіктердің максималды өсуіне қолайлы әрі тұрақты орта қалыптастыру. Ақылды жылыжай жүйесі топырақ ылғалдылығы, температура, жарық деңгейі, су мөлшері секілді өсімдік өсуіне тікелей әсер ететін параметрлерді үздіксіз бақылауға мүмкіндік береді.

Жоба барысында бірнеше датчик біртұтас технологиялық экожүйеге біріктірілді. Соның нәтижесінде суару мен жарықтандыру жүйесі қоршаған орта көрсеткіштеріне қарай автоматты түрде іске қосылады. Мәселен, топырақтағы ылғал деңгейі төмендеген сәтте насос өздігінен жұмыс істеп, қажетті мөлшерде су жібереді. Ал арнайы дисплей арқылы барлық көрсеткіштерді бақылауға болады. Сонымен қатар жүйеде орнатылған батарея кіріс қуатын және жұмсалған ток көлемін көрсетіп отырады. Бұл барлық датчиктердің тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда біз бұл жобаны одан әрі жетілдіруді жоспарлап отырмыз Оқушылардың қызығушылығы өте жоғары, олар жаңа технологияларды тәжірибе жүзінде меңгеруге ынталы»,— дейді жобаның ғылыми жетекшісі, «Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының оқытушысы Динара Қожахметова.

Жүргізілген тәжірибелер оқушылардың ғылыми зерттеудің қыр-сырын тереңірек түсінуіне ықпал етіп, болашақта осы бағыттағы жұмыстарын жалғастыруға деген ынтасын арттырды.

Түйіндей келгенде, «Science Bridge: мектеп қабырғасынан – ғылымға» форумы қатысушыларының жұмыстарын университет ғалымдарынан құралған комиссия жоғары бағалады. Комиссия шешімімен «Ионды-плазмалық азоттау температурасының болат бетінің қаттылығына әсерін зерттеу» жобасы І орынға лайық деп танылса, Инжиниринг орталығының материалтану және электролитті-плазмалық технологиялар арқылы материалдар бетінің модификациясы зертханасының меңгерушісі Айбек Шынарбектің жетекшілігімен жүргізілген  «Балқытып қаптау режимі параметрлері мен жылу берудің қапталған қабаттың қалыптасуына әсерін зерттеу» жобасы ІІ орынды еншіледі. Ал ІІІ орынға «Arduino платформасында бағдарламаланған автономды ақылды жылыжай кешені: бақша дақылдарының өсуін модельдеу және симуляциялау» жобасының жас зерттеушілері лайық болып танылды.

«Science Bridge» форумы – мектеп қабырғасындағы жас талаптың ғылым әлеміне жасаған алғашқы нық қадамы. Бұл жоба ғылымға қызығатын оқушылардың әлеуетін ашып, болашақ зерттеушілер мен ғалымдардың қалыптасуына жол ашатын маңызды бастама ретінде ерекшеленді.

«Science Bridge»: отандық ғылым дамуының жаңа бастауы «Science Bridge»: отандық ғылым дамуының жаңа бастауы «Science Bridge»: отандық ғылым дамуының жаңа бастауы

Күлия РАЙЫС,

Семей қаласы

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

45 минут бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

48 минут бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

4 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

4 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

4 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

4 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

5 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

5 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

5 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

5 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС