"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АҚ ХАЛАТҚА АРТЫЛҒАН АМАНАТ: «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ҚАРАУЫЛ АУЫЛЫНДА МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ КАДР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

29.05.2026
АҚ ХАЛАТҚА АРТЫЛҒАН АМАНАТ: «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ҚАРАУЫЛ АУЫЛЫНДА МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ КАДР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ауылдағы ағайын үшін дәрігердің жақын болуы – жай ғана қызмет емес, өмір сапасы мен қауіпсіздіктің кепілі. Себебі шалғай елді мекендерде бір маманның жетіспеуі ондаған адамның дер кезінде ем ала алмауына әсер етеді. Абай облысының Абай ауданына қарасты Қарауыл ауылында да бұл мәселе ұзақ уақыт бойы өзекті болып келді.

Ауыл тұрғындары дәрігер жетіспеушілігі салдарынан кезек көбейіп, кей қызмет түрлеріне қолжетімділік төмендегенін айтқан. Әсіресе терапевт, анестезиолог-реаниматолог секілді маңызды мамандардың тапшылығы тұрғындарды алаңдатты. Көп жағдайда науқастар Семей қаласына немесе облыс орталығына баруға мәжбүр болды. Ал шұғыл жағдайларда уақытпен санасудың өзі қиындық туғызатын.

Бұл мәселе тұрғындармен кездесулер кезінде де бірнеше рет көтеріліп, бүгінде «AMANAT» партиясының қолдауымен шешімін тапты.

Партияның 2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында ауыл медицинасына ерекше басымдық берілді. Ауылдық жерлерге баратын жас медицина мамандарын қолдау тетіктері қарастырылып, 100 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі көтерме қолдау енгізілді. Осыған байланысты «AMANAT» партиясының депутаттары Үкіметке бірнеше рет депутаттық сауал жолдап, мәселені көтерді. Осы жүйелі жұмыстың нәтижесінде Абай аудандық ауруханасына екі жас маман келіп, қызметін бастады. Олар – терапевт дәрігер Асем Шартыкова мен анестезиолог-реаниматолог Темірұлан Шаяхметов.

Темірұлан Шаяхметов Семей медицина университетінде анестезиология және реанимация мамандығы бойынша резидентураны аяқтаған соң туған өңірге оралуды таңдаған.

– «Семей медицина университетінің анестезиология және реанимация мамандығы бойынша резидентураны тәмамдадым. Одан кейін Абай аудандық ауруханасына жұмысқа орналастым. “AMANAT” партиясының қолдауымен қайтарымсыз 100 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі грант иесі атандым. Бұл біз сияқты жас мамандар үшін өте үлкен көмек әрі мүмкіндік. Ақ халат – жай мамандық емес, бұл бізге аманат», – дейді жас дәрігер.

Ал терапевт Асем Шартыкова үшін дәрігер болу – бала күнгі арманы.

– «Дәрігер болу – менің бала күнгі арманым болатын. Сол арманыма бүгін қол жеткізіп отырмын. “AMANAT” партиясының бастамасымен жүзеге асып отырған гранттың иесі атанып, қазіргі таңда кәсіби білімімді жетілдіріп, ауданға, елге қызмет етіп жүрмін», – дейді ол.

Бүгінде жас мамандар тек медициналық қызмет көрсетіп қана қоймай, ауыл тұрғындарының сеніміне де ие бола бастаған. Тұрғындардың айтуынша, дәрігерлердің қарапайым қарым-қатынасы мен жанашырлығының өзі емнің бір бөлігіне айналған.

– «Қазір дәрігерлердің жылы қабағын көрудің өзі маңызды. Ауырып келген адамды жақсы қарсы алып, әрқайсысына түсіністікпен қарайды. Бұрын кей мамандар жетіспегендіктен көп нәрсе қиын болатын», – дейді ауыл тұрғындарының бірі.

Дегенмен мәселе толық шешілді деуге әлі ерте. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстан бойынша дәрігер тапшылығы соңғы екі жылда шамамен 20 пайызға азайғанымен, Абай облысында кадр тапшылығы сақталып отыр. Әсіресе ауылдық жерлерде терапевт, педиатр, анестезиолог және акушер-гинеколог мамандарына сұраныс жоғары.

Сондықтан партия жұмысы тек нысан ашумен немесе бір реттік көмек көрсетумен шектелмейді. Негізгі мақсат – тұрғындардың нақты сұранысына жауап беру, ауылдағы өмір сапасын жүйелі түрде жақсарту және жас мамандарға тұрақты мүмкіндік қалыптастыру. Қарауылдағы бүгінгі өзгеріс – соның нақты мысалы.

АҚ ХАЛАТҚА АРТЫЛҒАН АМАНАТ: «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ҚАРАУЫЛ АУЫЛЫНДА МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ КАДР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА АҚ ХАЛАТҚА АРТЫЛҒАН АМАНАТ: «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ҚАРАУЫЛ АУЫЛЫНДА МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ КАДР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

45 минут бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

48 минут бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

4 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

4 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

4 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

4 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

5 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

5 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

5 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

5 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС