"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығында радионуклидті диагностика бөлімі ашылды

27.05.2021
Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығында радионуклидті диагностика бөлімі ашылды
107
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

27 мамыр күні Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығында пресс-конференция өтті. Пресс-конференцияға облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов, Семей қаласының әкімі Нұрымбет Сақтағанов, қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, орталық директоры Марат Сандыбаев және Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ мамандары қатысты.

 

Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығында радионуклидті диагностика бөлімі ашылды

 Биылғы жылдың сәуір айында Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы базасында елімізде алғаш рет радиофармпрепараттарды қолдана отырып, ауруларды анықтау мен емдеудің ядролық медицина орталығы ашылды. Ядролық медицина кластерін құру туралы бастаманы 2009 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқан болатын.

Семей қаласындағы ядролық медицина және онкология орталығының құрылысын мердігер мекеме «ИртышГэсСтрой» ЖШС 2012 жылы бастады. Бірақ мердігер мекеменің жауапсыздығынан үлкен қателіктер орын алып, орталықты іске қосу тоқтатылған болатын. Салдарынан мемлекет қазынасына 2,5 млрд. теңге шығын келді. Осы іс бойынша 16 сот отырысы өтіп, оның 4-еуі ҚР Жоғары Сотында қаралды. Сот шешімімен «ИртышГэсСтрой» ЖШС директоры 8 жыл және 6 айға, ал оның орынбасары 6 жыл және 8 айға бас бостандығынан айырылды.

2017 жылы Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ сарапшылары радиоактивті сәулелерді өндіретін циклотрон орнатылған қабырғалардың қалыңдығы жобаға сәйкес келмейтінін айтқан. Бұл орталық қызметкерлерінің радиоактивті сәулеленуіне алып келетін еді. Ал 2020 жылы аталған құралдың жарамдықы мерзімі аяқталған.

Сонымен қатар сұйық радиактивті қалдықтарды жинау және сақтау жүйесінің құрылысында және өзге де маңызды құрылғыларды сақтауда өрескел қателіктер анықталған.

— Сұйық радиактивті қалдықтар сақталатын орын өте қауіпті болды. Бактағы қатты қалдықтар ешқандай жолмен жойылмады. Контейнерлердің өзі 5-6 мм қалыңдықтағы пластмассадан жасалған. Мұнда радиация шексіз мөлшерде жиналуы мүмкін еді. Контейнерлердің қазіргі қалыңдығы 2 сантиметрден асады және бұл қауіпсіз,- деді Д.Серікбаев атындағы ШҚТУпрофессоры, техника ғылымдарының докторы Валентина Колпакова.

Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығында радионуклидті диагностика бөлімі ашылды

 

2018-2019 жылдары жобаға өзгерістер енгізіліп, «Фирма Азия» ЖШС монтаж жұмыстарын сәтті аяқтады.

— Бүгін Сіздермен бірге Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығында атқарылған жұмыстарды, орнатылған құрал-жабдықтарды көрдік. Жобаны әзірлеуге қатысқан мамандар да қазір осында. Орын алған барлық қателіктер түзетілді. Бүгінде ядролық орталықтың өндірістік-диагностикалық желілері ең жаңа құырлығылармен жабдықталған. Барлық ем-шараларды арнайы оқудан өткен мамандар атқарады. Кадрларды даярлау құрылысты жоспарлау алдында басталды. 2009 жылы ядролық медициан бойынша МАГАТЭ бастаған бес жылдық жоба аясында, ядролық медицина қызметкерлері де оқытылды. Бұл тұрғыда ШҚО әкімдігі тарапынан үлкен қолдау көрсетілді. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің медицина қызметкерлерін ұзақ мерзімді оқуға жіберу туралы идеясы үлкен рөл атқарды, — деді ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов.

Ядролық медицина орталығын іске қосу үш кезеңнен тұрды. Іске қосудың бірінші кезеңі 13 сәуірде – радионуклидті диагностика бөлімі ашылды.

— Диагностика бөлімінде радиофармпрепараттар пайдаланылады. Сол арқылы органдар қызметінің бұзылуын анағұрлым ерте анықтауға мүмкіндік туады. Бұл әсіресе, онкологиялық, кардиологиялық және неврологиялық ауруларда маңызды. Бүгінгі күні мұнда негізінен үш аппарат қолданылады – біртонды эмиссиялы компьютерлі томограф (БФЭКТ) және оның гибридті аналогы – компьютерлі томографиямен біріктірілген бірфотонды эмиссиялы компьютерлі томограф, сондай-ақ қалқанша без патологиясын анықтауға анрналған шағын гамма-камера. Бөлім аптасына 25 пациентті қабылдауға қауқарлы, — деді орталық директоры Марат Сандыбаев.

Сәуір айынан бастап БФЭКТ аппараттарында пациенттерге зерттеу жүргізілуде. Мұнда қаңқа, бүйрек, қалқанша без қосалқысы, қалқанша без, бауыр, асқазан, ішек жолдары тексеріледі.

Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығында радионуклидті диагностика бөлімі ашылды

—  Бұл әдіс арқылы КТ және МРТ зерттеулерінде білінбейтін ағзалардың қызметін көруге болады. Атап айтқанда, онкологияда, эндокринологияда, гастроэнтерологияда, урологияда, кардиологияда, неврологияда ауруларды анықтауда сәтті қолданылып жүр. БФЭКТ зерттеуі алдында пациенттерге көктамырға химиялық элелемент негізіндегі технеций радиофармпрепараты енгізіледі. Ол Алматы қаласындағы Ядролық физика институтында өндіріледі. Процедура барысында аппарат пациенттен шығатын сәулені ұстап, оны кескінге айналдырады.  Сол арқылы дәрігерлер патологияның нақты қай жерде орналасқанын, қандай екенін, зардап шеккен органнның жай-күйін дәл көре алады,- деді М.Сандыбаев.

Ядролық медицина орталығын іске қосудың екінші кезеңінде 15 төсектік радионуклидті терапия бөлімі ашылады. Осылайша, Қазақстанда алғаш рет қалқанша без обыры йод-131 изотопының көмегімен радиойодты терапия әдісі арқылы емделеді. Йод-131 изотопы Алматы қаласының Ядролық физика институтында шығарылады.

— Радиойодты терапия дегеніміз не? Сулы ерітінді түріндегі йод-131 радиоактивті изотопын пациент ішкен кезде, қалқанша безінің жасушалары йодты изотоптарды сіңіреді. Сондықтан радиоактивті бөлшектер толығымен қалқанша безге жиналып, зақымдалған жасушаларды жоя бастайды. Жақын орналасқан органдардың тіндері зақымданбайды, — деді Марат Сандыбаев.

Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығында радионуклидті диагностика бөлімі ашылды

Аталмыш терапия әдісі ақысыз медицианлық көмектің мемлекеттік көлеміне енгізілген. Қалқанша без обырымен есепте тұрған еліміздегі барлық науқастар енді аталған орталықтың радионуклидті терапия бөлімінде тегін емделе алады.

Ядролық орталықты іске қосудың үшінші және соңғы кезеңі – циклотрон мен екі позитронды-эмиссиялық томографты іске қосу. Ядролық медицина орталығындағы ІВА циклотроны Бельгияда шығарылған.

— Циклотронда фтор-13 радиоизотоптары алынатын болады. Фтор-18 изотопының жартылай шығарылу кезеңі небары екі сағатты құрайды. Соған сәйкес, қысқа мерзімді изотоп алыс қашықтыққа тасымалдауға жарамсыз. Ол сол орында өндірілуі керек. Осы циклотронда алынған изотоптармен жүргізілген зерттеулер онкологиялық ауруларды ерте анықтауда қолданылады,- деді М.Сандыбаев.

Семей қаласындағы ядролық медицина және онкология орталығы – онкологилық ауруларды ерте анықтау мен емдеуге арналған құрыл-жабдықтарды, радиофармпрепарат өндірісі желісін және мамандарды біріктіріп отырған еліміздегі бірегей орталық. Халық қажеттілігін қанағаттандырып, еліміздегі радиологиялық медицинаны жаңа деңгейге шығарады деп сенеміз.

Мақалада: Марат Сандыбаеврадионуклидті диагностикаСемей қаласының ядролық медицина және онкология орталығыциклотрон

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

09.11.2026
Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте «Кітап оқитын ұлт» жобасының өңірде іске асырылу барысы талқыланды. Күн тәртібіндегі...

Толығырақ...Details

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

09.11.2026
Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту кезеңінде өрттің алдын алу мақсатында 31 618 тұрғын үй профилактикалық іс-шаралармен қамтылды. Негізгі назар пешпен...

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

09.11.2026
Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын жаңғырту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше...

Толығырақ...Details

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

08.11.2026
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. Қазақстанда отбасының...

Толығырақ...Details

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

08.11.2026
Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына құқықтық негіз қалайды. Бұл құқық демократиялық...

Толығырақ...Details

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

17 часов бұрын

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

17 часов бұрын

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

17 часов бұрын

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

2 дня бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

4 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

4 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

4 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

5 дней бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС