"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Болашақпен» болашаққа қадам басқан

08.06.2021
«Болашақпен» болашаққа қадам басқан
58
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Болашақ» стипендиясымен оқып келіп, Семей қаласында қызмет етіп жүрген жастардың тағы бірі — Ұлан Бағдатұлы Тілемісов. Ұлан Тілемісов — Ұлыбританияның Рединг университетінде «Білім саласын басқару және менеджмент» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

— Ұлан Бағдатұлы, туған топырағыңыз, өзіңіздің өскен ортаңыз жайында айтып берсеңіз…

— Мен 1986 жылы бұрынғы Семей облысы Шұбартау ауданындағы Бидайық ауылында дүниеге келдім. Әкем — тарих-география пәндерінің мұғалімі, ал анам дәрігер болып қызмет істеді.

Бал дәурен балалық шағымның біраз бөлігі Бидайық ауылында өтті. Шұбартау — Шыңғыстау сілемдерімен астасып кең көсіліп жатқан қиыры жоқ сары дала. Тайпақ, еңкіш таулары болмаса, көз тоқтатар дөң не жота табу өте қиын. Бірақ адамның терең ойлануына, еркіндікке ұмтылуына себепкер болады дер едім. Абай атамыздың өзі мойындап, төбесіне көтерген Бегеш би — осы мекеннің тумасы. Бегеш Абайды «қазақтан шыққан жеке-дара данышпаным, ақылгөйім, ардағым» деп, оның кемеңгерлігін жоғары бағалаған. Абайдың да «Бұл өңірде Бегештен асқан шешен жоқ, Керей маған Бегешін берсе, мен Тобықтының барлық игі жақсыларын берер едім» деп оны ерекше құрмет тұтқаны белгілі.  Мен де осы Бегеш би туған топырақтан жаралдым.

Негізі, әкемнің туып-өскен жері — Үржар ауданындағы Таскескен ауылы. 1994 жылы Үржар ауданына көшіп келдік. Үржар аулының Горький атындағы орта мектебінде тәлім-тәрбие алдым. Болашақ мамандығыма деген қызығушылық мектепте оқып жүрген кезімде пайда болды.

— Бала кезіңізде нені армандадыңыз, қандай мамандық иесі болғыңыз келді? Бүгінде сол арманның жетегіндесіз бе, әлде басқа арнаға ауыстыңыз ба?

 — Жалпы, әр адам бала кезде көп армандайды, болашақ мамандығы жайлы ойланады. Мен әскери адам болғым келетін. Сол арманыма қол жеткізу үшін 6 сыныпты бітіген соң Семей қаласына келіп,  «Жас ұлан» ұлдар әскери гимназиясына құжаттарымды тапсырдым. Бірақ денсаулығыма байланысты медициналық сараптамадан өте алмадым. Одан кейін саясаткер болғым келді. Мектепте анкета толтыратынбыз, ондағы «Кім боласың?» деген сұраққа әрдайым «саясаткер»  немесе «ұлтқа қызмет ететін адам боламын» деп жазатын едім. Әкем тарихшы болғандықтан да шығар, оқушы кезімнен Алаш зиялыларының өміріне терең үңіліп, еңбектерін оқи бастадым. Алаш көсемі Әлиханға, Ахмет пен Мағжандарға деген құрмет сезімі оянып, күшейе берді. Алаш зиялыларының өмірі маған қатты әсер етті, нақты қандай мамандықты таңдайтынымды жақсы білдім. Ұлтқа қызмет қылу үшін тарихты, заңды және экономика саласын меңгеру керектігін  түсіндім. 9 сыныпта оқып жүргенде Шәкәрім университетінде «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы барын естіп, осы мамандық бойынша білім аламын деп шештім. 2 жыл дайындалып, емтиханды жақсы тапсырып, мемлекет грантына ие болдым.  Бүгінде өзім оқыған Шәкәрім университетінде оқытушымын, шетелден алған білімім мен тәжірибемді пайдаланып студенттерге дәріс оқимын.

— «Болашақ» бағдарламасымен шет елде білім алдыңыз? Бұл стипендияға екінің бірі іліге алмайтыны белгілі. Осы бағдарламамен білім алған түлектердің бәрі бірдей жұмысқа орналаса ала ма? Осы жөнінде біраз айтып берсеңіз…

 — «Болашақ» — 1993 жылы Елбасымыздың бастамасымен дарынды жастарды шетелдік оқу орындарына жіберу арқылы елімізге қажетті мамандарды даярлау мақсатында құрылған бағдарлама. «Болашақ» стипендиясы тағайындалғаннан бері аталған 10 мыңнан астам қазақстандық мұхит асып, шетелдердегі беделді жоғары оқу орындарында  білім алып келді. Бұл — алдына үлкен мақсат қойған Қазақстан жастарының дүниенің төрт бұрышына барып, терең білім алып қайтуына жасалған теңдессіз мүмкіншілік. Дәл «Болашақ» секілді бағдарламаның баламасы әлемде некен-саяқ.

Бүгінде Сингапур мемлекеті жастарға осындай мүмкіндік жасау арқылы әлемдегі озық елдердің қатарына еніп отыр. Бәрімізге белгілі, білім саласы мен адам капиталына салынған инвестицияның қайтарымы ұзақ мерзімді болып табылады. «Болашақ» бағдарламасымен оқып келген мамандардың нәтижесін енді көре бастаймыз. Бағдалама түлектерінің көбі бүгінде әр салада жемісті еңбек етіп жатыр. XXІ ғасырда елімізді озық елдер қатарынан көру үшін адами капиталды дамыту керек. Кез келген саланың мамандары бәсекеге қабілетті, зияткерлік деңгейі жоғары болса, ол ел дамуының негізгі көзі болып табылады. Президентіміз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекеге қабілетімен айқындалады», — деген еді. Ал адами капиталдың сапасын арттырудың бірден-бір жолы – білім саласы озық елдерде оқып, тәжірибесімен танысу, талдау жасап, тағылымын алу.

Мен 2009 жылы магистратураны бітірген кезде «Болашақ» бағдарламасына қызығушылығым пайда болып, бағымды сынап көргім келді. Бірақ өзге елде білім алу үшін шет тілін, ағылшын тілін білу керек. Ал кез келген тілді қысқа уақытта меңгеріп кету үшін үлкен күш-жігер керек. Семей педагогикалық институтында оқытушылық қызмет атқарып жүргенімде ағылшын тілін үйрететін курстарға жазылып, тілдік құзыретімді көтере бастадым. 2013 жылы Түркияның Кипр аралында, Шығыс Жерорта теңізі университетінде 1 жыл көлемінде академиялық ағылшын тілін тереңдетіп оқып, тілдік құзыретімді дамыттым.  Содан кейін барып байқауға қатысу үшін құжаттарымды тапсырып, іріктеуден өткен соң Англияның Рединг университетіне «Білім саласын басқару және менеджмент» мамандығы бойынша оқуға түстім. Университетті ойдағыдай тамамдап, магистр дәрежесін алып, еліме қайттым. «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне мамандығы бойынша жұмыс табу қиын емес. Бірақ көпшілігі жалақысы жоғары қызмет іздеп, ауылдарға немесе шағын қалаларға барғысы келмейді. Сондықтан  кейбірі өздеріне лайықты қызмет тапқанша біраз уақыт жұмыссыз жүріп қалады. Жалпы, аталған бағдарлама бойынша білім алып келген кез келген жас елі үшін аянбай еңбек етуге тиіс.

— Бүгінгі таңда қаламыздағы Шәкәрім университетінде басшылық қызметтесіз. «Болашақ» бағдарламасының түлегі ретінде айта кетсеңіз, шет елдердегі және Қазақстандағы білім жүйесінде қандай ерекшеліктер бар?

 — Білім жүйесінде айырмашылық көп. Біз әлі кредитттік жобаға дұрыс көшкен жоқпыз. Еуропада студенттің пән таңдау еркіндігі жоғары, өзіңізге ұнаған бағыт бойынша пәндерді таңдап оқуға үлкен мүмкіндік бар. Сондықтан  білім жүйесін жаңғыртып, Еуропалық бағдарламаға толық көшу үрдісін аяқтауға жақындап келеміз. Бұл өз кезегінде білім сапасын көтеруге септігін тигізетіні хақ.

Білім сапасын көтеру үшін білім беру бағдарламасына басты назар аударып, студенттерге қосымша құзыреттіліктер беру мәселесі қарастырылып жатыр. Қазір біздің университетте оқитын студенттердің «Филология және журналистика», «Экономика және менеджмент» немесе «Аң және орман шаруашылығы», тағы сол сияқты екі мамандық алуға мүмкіндіктері бар.

Жалпы, бізге әлі де жоғары білім саласын жетілдіру қажет.

— Мемлекет тарапынан жастарға шет елде оқуға жағдай жасалды. Десе де әр істің өз қарымтасы болатыны анық. Берілген мүмкіндікті пайдаланып, сапалы жоғары білім алып келдіңіз, бала кезіңіздегі арманыңыз елге қызмет ету деп жоғарыда айтып кеттіңіз… Осы орайда қандай жоспарларыңыз бар?

— «Болашақ» стипендиясымен мамандық алып келген әрбір азамат 5 жыл мемлекетке қызмет етуге міндетті. Ал менің негізгі мақсатым — қазақ жастарына терең білім беріп, сапалы маман дайындауға атсалысу.

Мен жанбасам лапылдап,
Сен жанбасаң лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ, –

деп Назым Хикмет айтпақшы, «Болашақ» бағдарламасының түлектері өздеріне артылған үмітті ақтап,  елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосулары керек. Мен қазір басшылық қызметте отырсам да, айтарлықтай жетістікке жеттім деп ойламаймын. Алайда жетістікке апарар жолдамын. Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға, жастарға дұрыс тәрбие беруге үлесімді қоса алсам, мен үшін бұл үлкен жетістік болар еді, ұлтқа қызмет ету дегенді мен осылай түсінемін. Сол үшін де шет тілдерін үйреніп, Шәкәрім университетінің білім сапасын көтеруге атсалысып, алған білімімді осы салада қолданып жатырмын.

— Уақытыңызды бөліп сұхбаттасқаныңызға рақмет! Шығар шыңыңыз бен алар асуларыңыз көп болсын.

Сұхбаттасқан Абылай МАҚСҰТБЕК, «Семей таңы»

 

 

 

Мақалада: БолашақҚР Тәуелсіздігіне 30 жылСемейҰлан Бағдатұлы Тілемісов.

Ұқсас жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

23.07.2026
Дәл барлау – дәл соққының кепілі

Абай гарнизонындағы 28738 әскери бөлімінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес мамандық бойынша дайындық сабақтары үздіксіз жүргізілуде. Дайындық барысында әрбір әскери қызметші...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

23.07.2026
Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

Абай облысында 11–19 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!   Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026...

Толығырақ...Details

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

23.07.2026
Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

Зерттеу Қазақстанның 18 жастан асқан ересек тұрғындарының жынысы, жасы, тұрғылықты елді мекен түрі және аймағы бойынша құрылымын көрсететін ұлттық іріктеме...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026 жылғы...

Толығырақ...Details

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

23.07.2026
КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

Биыл Қазақстан жаңа Конституция жағдайында өмір сүріп жатқан мемлекет ретінде дамудың кезекті кезеңіне қадам басты. Конституция – бұл тек заңгерлерге...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

16 часов бұрын

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

17 часов бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

17 часов бұрын

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

17 часов бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

17 часов бұрын

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

17 часов бұрын

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МӘДЕНИЕТІ

17 часов бұрын

АДАЛ АЗАМАТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

17 часов бұрын

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

17 часов бұрын

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС