"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейде «Маңызды шешімдер көрмесі» атты керемет көрме өтті

27.08.2021
Семейде «Маңызды шешімдер көрмесі» атты керемет көрме өтті
39
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта сәрсенбісінде Семей қаласындағы Абай атындағы облыстық кітапханада, ядролық сынақ полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай, «Маңызды шешімдер кезеңі» атты ерекше көрменің салтанатты ашылуы өтті.

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасы мен Шығыс Қазақстан облысы және Семей қаласы әкімдіктерінің қолдауымен ұйымдастырылған шараның ашылу салтанатына Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов, «Невада – Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының өкілдері, қоғам белсенділері, депутаттар мен зиялы қауым өкілдері, жергілікті жұртшылық пен қала қонақтары, сонымен қатар шетелдік және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Көпшілік алдында алғашқы болып сөз алған Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат Семей ядролық сынақ полигонының жабылу мерейтойы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келгенін атап өтіп, ашылып отырған көрменің маңыздылығы жайлы айтты.

— Алашорданың астанасы, Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов сынды ұлылардың қасиетті өлкесі атанған Семей жері ХХ ғасырда КСРО-ның негізгі ядролық сынақ алаңына айналды. 40 жылдың ішінде Семей даласында 456 ядролық жарылыс жүргізілді. Полигонның жерімізге, халқымызға тигізген зияны орасан зор. 1991 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен полигон жабылды. Бұл семейліктер мен жалпы қазақстандықтар үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін маңызы зор тарихи оқиға болды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ядролық қаруға қарсы бастамаларды ілгерілету және халықаралық қауіпсіздікті нығайту жолындағы Елбасының саясатын жалғастыруда. Мемлекет басшысы 2019 жылдың қыркүйегінде өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясында ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу Қазақстанның негізгі басымдығы болып қала беретінін атап өтті, — деді Бақытжан Темірболат.

Елбасы кітапханасының директоры Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасының директоры Гүлнар Жігітбаеваға Елбасы кітапханасы қорындағы ерекше туындыларды жиналған қауым алдында салтанатты түрде тарту етті.

Салтанатты рәсімде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Азамат Мұхамедчинов те сөз алып, аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлының ізгі тілегі мен құттықтауын жеткізді.

— Адамзатты ядролық қарудан азат етуге және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпауға бағытталған Қазақстанның осынау сарабдал саясатын халықаралық қоғамдастық мойындады. Нәтижесінде бұл саладағы еліміздің жаһандық көшбасшылығы нығая түсті. БҰҰ мінберінен, халықаралық форумдарда, сондай-ақ ядролық державалар басшыларымен жеке кездесулерде осы ұстанымдарды түбегейлі және дәйекті түрде қорғаған еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ядролық қарудан азат әлем құруға қосқан үлесі ерекше,- деді.

А.Мұхамедчинов аталған көрменің тарихи-танымдық және тәрбиелік мәнін атап өтіп, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының басшылығына шығысқазақстандықтар үшін маңызы зор шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты.

«Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының вице–президенті Сұлтан Картоев пен қоғам қайраткері Зейнолла Тоқаев көрменің лентасын қиғаннан соң, жиналған қауым экспозициялық залға өтті. Экспозициямен ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Күләйша Ақтаева таныстырды.

Үш бөлімнен тұратын бірегей көрмеге көпшілік назарына Қазақстан тарихынан сыр шертетін Елбасы кітапханасы қорындағы архивтік материалдар, құнды жәдігерлер мен кітаптар қойылған.

«Семей қасіреті» бөлімінде Семей ядролық сынақ полигонының қызметімен байланысты материалдар, жарылыстың зардабы туралы жәдігерлер ұсынылған. Ал «Елбасының ядролық қарусыз әлем жолындағы бастамалары» бөлімінде кітапхана, архив, музей қорындағы материалдары негізінде Елбасының ядролық қарудан бас тарту және атомды тек бейбіт мақсаттарда пайдалану жөніндегі халықаралық саммиттерде сөйлеген сөздері, сонымен қатар  Ұлыбританияның, Жапонияның, АҚШ-тың және тағы басқа жоғары мемлекеттік наградалары, төсбелгілері қойылған.

«Бейбіт атомға құқық» бөлімінде Елбасының атомды бейбіт мақсатта пайдалану идеясын насихаттау және ядролық технологияларды таратуға қатысты қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі қызметі туралы архив материалдарымен, музей экспонаттарымен және кітаптармен танысуға болады.

Аталмыш көрме ағымдағы жылдың 27 қыркүйегіне дейін жалғасатын болады. Семейліктер мен қала қонақтары үшін есік ашық.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»

Мақалада: көрмеМаңызды шешімдер кезеңі

Ұқсас жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім...

Толығырақ...Details

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

26.06.2026
30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

Қазақстан Парламенті отыз жылдан астам уақытта 3,5 мыңға жуық заң қабылдап, елдің құқықтық жүйесін қалыптастыру мен мемлекеттілікті нығайтуға елеулі үлес...

Толығырақ...Details

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

26.06.2026
Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді. — Мен Парламенттегі қайнаған еңбектің, онда...

Толығырақ...Details

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

26.06.2026
Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Құрылтайдың технологиялық прогрестің жетекші факторы боларына үміт білдірді. Депутаттар заң шығару қызметінде цифрлық технологиялар мен...

Толығырақ...Details

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Қазақстан президенттік республика болып қала береді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. — Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

26.06.2026
Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа конституциялық орган — Қазақстан Халық Кеңесінің атқаратын қызметтері жөнінде мәлімдеме жасады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

8 часов бұрын

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

8 часов бұрын

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

8 часов бұрын

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

8 часов бұрын

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

8 часов бұрын

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

8 часов бұрын

Ұлттық банктің негізгі пайыздық ставкасына қатысты мәселені пайымдап шешу керек — Президент

8 часов бұрын

Мемлекет басшысы: 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

8 часов бұрын

Тоқаев: Алдағы екі жылда 200-ден астам жаңа өндіріс орны ашылады

8 часов бұрын

Президент Қазақстанды Еуразияның іскерлік хабына айналдыру жөнінде айтты

8 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС