"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТАРИФТІҢ ЖАҢА НОРМАСЫ БЕКІТІЛЕДІ

26.10.2021
ТАРИФТІҢ ЖАҢА НОРМАСЫ БЕКІТІЛЕДІ
30
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен сегіз сервистік компания жеке және заңды тұлғалармен жасалған келісім шарттар негізінде айналысады. Онда тараптардың қоқысты шығару төлемі мен шығару кестесі бойынша тиісті міндеттемелері айқындалған.

Бүгінгі таңда бұл кәсіпорындар 1400-ден астам көп пәтерлі тұрғын үйлерге және 8500 шамасындағы жеке сектордағы үйлерге, сондай-ақ 4284 заңды тұлғаларға қызмет көрсетеді.

Жақында сервистік компаниялар ұжымдарының бірі, атап айтсақ, «Семей Тазалық» ЖШС жұмысшылары жалақының төмендігіне шағым жасап, жұмысқа барудан бас тартты. Коммуналдық қызмет өкілдері бұл жайтты белгіленген тарифтің төмендігімен түсіндіруге тырысқан.

Тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету, қайта өңдеу және жою үшін қолданыстағы тариф абаттандырылған үйлерге 190 теңгені, абаттандырылмаған үй иелеріне айына бір тұрғыннан 346 теңгені құрайды.

Шынында да, ағымдағы тариф республикадағы ең төмен тарифтердің бірі болып табылады. Осы орайда қала әкімі жаңа тарифтерді жедел есептеу туралы тапсырма берді. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, көму, сұрыптау әрі кәдеге жарату тарифтерін әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылды. Тарифтерді әзірлеуде тәжірибесі бар «Ерай Сервис» ЖШС сараптама ұйымының өкілдері шақырылды.

Сонымен қатар, тұрмыстық қалдықтарды жинақтау нормалары мен тарифін бірлесіп әзірлеу үшін Семей қаласының ТКШ және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі атынан уәкілетті орган мен қоқыс шығарушы ұйымдар арасында өзара келісімге қол қойылды. Тарифтер мен жинақтау нормаларын 10 желтоқсанға дейін бекіту жоспарлануда.

Ал, «Семей Тазалық» ЖШС бойынша орын алған мәселеге келетін болсақ, бұл жұмыс беруші, яғни серіктестік пен қызметкерлер арасындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілік. Сонымен қатар, ЖШС қала тұрғындарымен жеке шарттар жасасқанын ұмытпау ләзім. Соңғылары қоқыс шығарушы компания шарттық міндеттемелерін уақтылы және сапасыз орындағаны үшін құқық қорғау органдарына жүгіне алады.

— Өз кезегінде, біз тұрғындарға аулалар мен іргелес аумақтарда қатты тұрмыстық қалдықтардың жиналып қалуын болдырмау мақсатында қоқыс шығаруға тартылған басқа да сервистік компанияларды ұсынуға дайынбыз. Қалай болғанда да, қаланы қоқыс басып кетпейді, — деді бұл орайда қала әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.

Сонымен қатар, Семей қаласының кейбір тұрғындары «Семей Тазалық» ЖШС-нің өз міндеттеріне адал қарамауына байланысты құқық қорғау органдарына және СЭС-ке жүгінуге ниетті.

Өз тілшіміз

Мақалада: ТАРИФТІҢ ЖАҢА НОРМАСЫ

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

5 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

6 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

6 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

6 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

7 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

7 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС