"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛЕДІ

28.12.2021
ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей

Қараңғыда жолдың нашар көрінуі және көлік жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтамауы жол-көлік оқиғаларына әкеп соқтырып жатады. Жарығы жоқ көшелерде жаяу жүргіншілерді көлік қағып кеткен жағдайлар да кездеседі. Сондықтан да тұрғындардың қауіпсіздігі үшін көшелердің жарықтандырылуы аса маңызды.

Бүгінгі күндері Семей қаласында көшелерді жарықтандыру жұмыстары жалғасуда. Өткен аптада Морозов көшесіндегі жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Жол полициясы бекетінен Мичурин көшесіндегі өткелге дейінгі ұзындығы 3 шақырым болатын көше түгелдей жарықтандыруға қосылып, барлығы 97 тірек, 97 кронштейн және 145 шам орнатылды.

— Мен бұл көшені үнемі тексеріп, жұмыс барысын бақылауда ұстадым. Бұрын бұл көшеде ешқашан жарық болмаған. Морозов көшесі өте кең екенін ескере отырып, біз шамдар бекітілген кронштейндердің биіктігін екі жарым метрге көтердік. Нәтижесінде осындай биіктіктен көше біркелкі жарықтандырылады, жарық сәулелері көбірек кеңістікті қамтиды», — деді Семей қаласының әкімі тұрғындардың бастамашыл тобымен кездесуінде.

Кездесуде тұрғындар тарапынан Семей қаласының әкіміне алғыс та айтылды, басқа мәселелер де сөз болды. Мәселен, Восточная көшесі Морозов көшесімен іргелес. Ұзындығы бойынша кішкентай болғанымен, көше бойында ең ірі жергілікті орта арнаулы оқу орындарының бірі Электротехникалық колледж орналасқан. Мұнда студенттер көп оқиды, сабақтан кейін олар үйге қараңғыда қайтады.

— Мен сіздерді өте жақсы түсінемін. Бұл ата-аналарға көп алаңдаушылық тудырады, себебі аталған көшеде Электротехникалық колледж орналасқан, сабақтан балалар үйге кеш оралады. Жақын арада біз бұл көшені де жарықтандыруға тырысамыз, бұл көп шығынды қажет етпейді. Ол үшін 5 тірек, кронштейн және шамдарды орнату қажет,- деді қала әкімі Бақытжан Байахметов.

Сондай-ақ тұрғындар әкімнен бірнеше іргелес жолдарды жөндеуден өткізуге өтініш жасады. Олардың айтуынша, көктем мен күзде бұл көшелерді батпақ басып, соның салдарынан әлеуметтік қызметтер, соның ішінде жедел жәрдем көліктері үйлеріне дейін жете алмайды.

Сондай-ақ қала тұрғындары бір-бірінен алшақ жатқан аялдамалар туралы да айтып, әкімнен көмек сұрады. Кездесуге қатысушылар үйлерінен алыс орналасқан су құдықтарының жетіспеушілігін де атап өтті.

Бақытжан Байахметов барлық айтылған мәселелерді ағымдағы және алдағы жылға арналған жоспарлар тізіміне енгізуге уәде берді.

Айта кетейік, әкімнің тапсырмасымен тиісті мамандар тұрғындар тарапынан айтылған өтініштердің бірін орындауға кірісіп те кетті: Восточная көшесінде орналасқан Электротехникалық колледждің алдында жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мақалада: ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ

Ұқсас жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім...

Толығырақ...Details

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

26.06.2026
30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

Қазақстан Парламенті отыз жылдан астам уақытта 3,5 мыңға жуық заң қабылдап, елдің құқықтық жүйесін қалыптастыру мен мемлекеттілікті нығайтуға елеулі үлес...

Толығырақ...Details

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

26.06.2026
Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді. — Мен Парламенттегі қайнаған еңбектің, онда...

Толығырақ...Details

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

26.06.2026
Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Құрылтайдың технологиялық прогрестің жетекші факторы боларына үміт білдірді. Депутаттар заң шығару қызметінде цифрлық технологиялар мен...

Толығырақ...Details

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Қазақстан президенттік республика болып қала береді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. — Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

26.06.2026
Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа конституциялық орган — Қазақстан Халық Кеңесінің атқаратын қызметтері жөнінде мәлімдеме жасады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

5 часов бұрын

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

5 часов бұрын

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

5 часов бұрын

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

5 часов бұрын

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

5 часов бұрын

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

5 часов бұрын

Ұлттық банктің негізгі пайыздық ставкасына қатысты мәселені пайымдап шешу керек — Президент

5 часов бұрын

Мемлекет басшысы: 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

5 часов бұрын

Тоқаев: Алдағы екі жылда 200-ден астам жаңа өндіріс орны ашылады

5 часов бұрын

Президент Қазақстанды Еуразияның іскерлік хабына айналдыру жөнінде айтты

5 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС