"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАЛАЛАР ВАКЦИНАЦИЯСЫ – УАҚТЫЛЫ ҚОРҒАНУ

16.11.2021
БАЛАЛАР ВАКЦИНАЦИЯСЫ
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елімізде 12 жастан асқан балалар мен бала емізетін және жүкті әйелдерді вакцинациялау басталды. Оларға Pfizer вакцинасы егіліп жатыр.

Балаларды вакцинациядан өткізу алдында барлық ата-аналарды түрлі сұрақтар алаңдатып отыр. Ана және дәрігер ретінде мен, әрине, сіздерді жақсы түсінемін, өйткені балаларымыз – бауыр етіміз. Әйтсе де дәл осы сәтте бізге үлкен жауапкершілік артылып тұрғанын  түсініп, балаларымыз үшін ең дұрыс шешімді қабылдауымыз керек. Барлық алаңдаушылық пен үрей қажетті ақпараттың жеткіліксіздігінен туындайды.

Бүгінгі күрделі жағдайда ең маңызды шешімдердің бірі — вакцина алып, өзімізді, балаларымызды, бүкіл отбасымызды және қоғамды COVID-19 індетінен қорғау. Осы қадамды не үшін жасауымыз керек?

Коронавирустық инфекция тек ересектер ғана емес, балалар арасында да таралып бара жатыр. Сонымен қатар көптеген әлеуметтік мәселелерді де айқындады.

Барлығымызға мәлім жағдай: онлайн оқу білім сапасын күрт төмендетті, құрдастарымен тікелей қарым-қатынастың үзілгендігі балалардың әлеуметтік және психологиялық жағдайына кері әсерін тигізді, жасөспірімдер арасында күйзеліс және суицид жағдайларының ұлғаюы жөнінде ресми деректер бар; пандемияның әр жаңа толқынымен балалар арасында аурудың күрт өсуі байқалады.

Кейінгі 6 аптада АҚШ-та кәмелетке толмағандар арасында 1 миллионнан астам ауру тіркелді, Израильде инфекцияны жұқтырғандардың төрттен бірі — 18 жасқа дейінгі жастар. Сондықтан бұл індетпен күресу үшін жаппай вакцинация өткізу қажеттілігін түсінуіміз керек. Балаларымыз да қоғамның мүшелері, олар да бұл індеттен қорғалуға құқылы.

Аурулар вакцинасыз күрт өсіп, тез тарайды, ал салдары ауыр болады. Мысалы, қызылша және басқа аурулар өте жоғары қауіп төндіреді. Сондықтан вакцина бұл аурулардан қорғап, аурудың таралуын тоқтатады.

Осы күні COVID-19 ауруына қарсы 200-ден астам вакцина бар. Әлемдік тәжірибеде Pfizer үздік вакциналардың бірі болып танылған. Елімізде балаларды қорғау үшін осы вакцина таңдалғаны да кездейсоқ жағдай емес, өйткені: вакцинаны беделді компания жасаған, екпе ересектер мен балалар арасында сынақтан өтіп, әлемде ең қауіпсіз және тиімді вакцина болып танылды, вакцинациядан кейінгі асқынулар өте сирек кездеседі және сырқаттану қаупінен төмен, бұл вакцина Еуроодақ, Ұлыбритания, Израиль және тағы басқа елдерде кеңінен пайдалануда.

Сонымен, Пфайзер вакцинасы деген не?

Оның басты компоненті – матрицалық РНК, бұған коронавирустың  негізгі ақуызы туралы ақпарат енгізіледі. Бұл ақпарат ағзаға келіп түскенде иммундық жауап өндіріледі. Ағзада нақты вирус пайда болғанда осы иммундық жауап ағзаны қорғайды.      Балаларымызға туған сәттен вакцина жасап, полиемилит, дифтерия, сіреспе сияқты қауіпті жұқпалардан балаларымызды сақтап келеміз. Бүгінгі күні де балалар екпе алса, жанымыз тыныш болады.

Сынақ барысында Pfizer вакцинасының бір екпесі COVID-19 ауыр формасымен сырқаттануды 94 %-ға төмендететіні анықталды, бұл – екпе алған адамдардың өз денсаулығына деген сенімін арттыратын өте жоғары нәтиже.

Ана және профилактикалық медицина саласында үлкен тәжірибесі бар дәрігер ретінде мен бұл вакцинаның қауіпсіздігіне сенімдімін.

Осы мақалам арқылы ата-аналарға дұрыс шешім қабылдауға септігімді тигізсем деймін.

Мен сіздерді қолдауға дайынмын!  Жақындарыңызға жанашыр болыңыздар!

 

 Жанат МОЛДАҒАЛИЕВА,

Семей қалалық мәслихатының депутаты,

Nur Otan партиясының білім беру және денсаулық бойынша

 Қоғамдық кеңесінің мүшесі,

Семей қ. №7 емханасының директоры,

медицина ғылымының докторы

Мақалада: БАЛАЛАР ВАКЦИНАЦИЯСЫ

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

02.07.2026
Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

Абай облысында еңбек заңнамасының сақталуын бақылау және қызметкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

02.07.2026
«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясының Абай облыстық филиалында конференция өтті. Оның қорытындысы бойынша филиал басшысы, Саяси кеңес мүшелері және Бақылау-тексеру комиссиясының құрамы сайланды....

Толығырақ...Details

Жазда ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады?

02.07.2026
Жазда ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады?

Жаз мезгілінде жіті ішек инфекциялары мен сальмонеллездің таралу қаупі артады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданында жыл басынан бергі даму көрсеткіштері таныстырылды

02.07.2026
Бородулиха ауданында жыл басынан бергі даму көрсеткіштері таныстырылды

Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бородулиха ауданы әкімінің міндетін атқарушы Талғат Мұратов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен биыл атқарылып...

Толығырақ...Details

Абай облысында жаңа Конституцияның ресми басылымын табыстау рәсімі өтті

01.07.2026
Абай облысында жаңа Конституцияның ресми басылымын табыстау рәсімі өтті

Бүгін Абай облысында бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енуіне орай жаңа Ата заңның ресми басылымын табыстау рәсімі...

Толығырақ...Details

ҚР жаңа Конституциясы және білім экономикасына көшу: ғылым мен жоғары білімді дамытудың стратегиялық басымдықтары

01.07.2026
ҚР жаңа Конституциясы және білім экономикасына көшу: ғылым мен жоғары білімді дамытудың стратегиялық басымдықтары

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуі – ел тарихындағы маңызды кезең. Ата Заңда алғаш рет адам капиталын, білім беру жүйесін,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

3 минуты бұрын

«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

48 минут бұрын

Жазда ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады?

2 часа бұрын

Бородулиха ауданында жыл басынан бергі даму көрсеткіштері таныстырылды

6 часов бұрын

Абай облысында жаңа Конституцияның ресми басылымын табыстау рәсімі өтті

21 час бұрын

ҚР жаңа Конституциясы және білім экономикасына көшу: ғылым мен жоғары білімді дамытудың стратегиялық басымдықтары

21 час бұрын

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

21 час бұрын

Қазақстан тарихында алғаш ретәкімшілік рақымшылық жасау жүргізіледі – Президент заңға қол қойды

22 часа бұрын

Жаңа Конституция: адвокатураның конституциялық мәртебесі, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және заңдардың кері күшіне жол бермеу

22 часа бұрын

Жаңа Конституция: жедел даму қалалары және Алатаудың бірегей экономикалық экожүйесін іске қосу

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС