"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ВЕЛОСИПЕД ЖОЛАҚТАРЫ САЛЫНБАҚ

05.11.2021
ВЕЛОСИПЕД
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қала әкімі Бақытжан Байахметов таңғы рейд барысында қызметтердің жолдарды қысқы уақытта күтіп ұстауға дайындығын тексерді. Семейде қар жауып, көшелерде көктайғақтың алғашқы белгілері байқалды.

Жолдарға құм себуге 4 техника жұмылдырылды. Инертті материалдар, ең алдымен, көпірлер айналасындағы еңістер, айналма учаскелерге себіледі. Қар жауған кезде 14 арнайы машина жұмыс істеуге дайын.

Қала әкімі бұл жұмыстар барысында жолдардағы көктайғақ пен мұзбен күресу үшін аса тиімді арнайы реагенттерді пайдалануды тапсырды. Мұндай арнайы химиялық қоспалар Қазақстанда өндірілмейді, олар Ресейден әкелінеді. Орташа бағасы тоннасына 200 мың теңгені құрайды.

Рейд барысында қазылған бірнеше жол учаскелері қаралды, онда әр түрлі коммуналдық қызметтер авариялық жұмыстар жүргізуде. Қала басшысы бұл учаскелерді тиісті тәртіпке келтіруді тапсырды. Қазіргі күні зауыт жұмысының тоқтатылуына байланысты бірнеше апта бойы қалада болмаған павлодарлық битум қайтадан Семейге жеткізіле бастады.

Басқа да бірқатар қалалық қызметтердің жұмысына  кемшіліктер айтылды. Мысалы, жол бойында жарықтандыру тіректерін орнатқаннан кейін кесілген бұтақтар уақтылы жиналмайды. Бұған «Горсвет» ЖШС және Біріккен энергетикалық сервис компаниясының мамандары жауап береді.

Шаһар басшысы саябақтар мен скверлердің жағдайымен де танысып шықты. Жеңіс алаңында бірнеше шамдар жанбай тұр. «Зеленстрой» ЖШС басшылығы жарықтандыру құрылғыларының жұмысына энергетиктер жауап беретінін айтты. Бірақ мұндай жауап әкімді қанағаттандырмады.

— Біреулері ағаштарды суаруға, екіншілері орындықтарды бояуға, үшінші мекеме жарықтандыруға жауапты болғаны дұрыс емес. Саябақтарды күтіп ұстауға сұраныс тек бір мекемеден болуы керек – бұл «Зеленстрой» ЖШС. Аталған жұмыстарды атқару үшін мекемеде барлық құралдар бар, сондықтан парктер аумағындағы ақаулар үшін басқаларға сілтеген жөн емес, — деп атап өтті Бақытжан Байахметов.

Жеңіс монументіндегі сынып қалған мәрмәр плиткаларына да назар аударылды. Осы мәселе бойынша қала тұрғындары бірнеше рет әкімнің жеке блогына да жазған еді. Бұл плиталар кеңес заманында арнайы өндірілгені белгілі болды. Мәрмәр плиталардың қалыңдығы мен пішіні стандартты емес, мұндай өнімдер қазір еш жерде шығарылмайды. Қазіргі уақытта сәйкес мәрмәр плиталарды іздеу бойынша шаралар қабылдануда.

Жамақаев көшесіндегі саябақта воркаут спорт алаңының тақталарының болттары шешіліп алынған. Уақыт өте келе тақталардың өздері жоғалып кетуі мүмкін. Мұндай арнайы спорт аймақтарында тіпті кішкентай кемшіліктер де спортпен шұғылданатын азаматтар үшін ыңғайсыздық тудырады. Әкімнің тапсырмасынан кейін бұл кемшілік жойылды.

72-ші квартал аумағындағы скверде шамдардың тіректерін және ағаштарды  бояу қажет. Бұл — тұрғындардың демалатын орны, сондықтан адамдарға ыңғайлы болуы үшін барлық жағдай жасалу керек.

Шмидт көшесіндегі жағалаудағы саябақта балмұздақ сатушылар мен велосипедтерді жалға алу мәселесін шешу қажет. Мұздатқыштардың бірнеше метрге созылған электр сымдары көбінесе қолмен қосылады. Бұл өз кезегінде демалушылар үшін қолайсыздықтар туғызады. Өрт қауіпсіздігі нормалары да сақталмайды.

Велосипедтерді жалға беру кезінде арнайы велосипед жолақтарының болмауына байланысты велосипедшілер мен серуендейтін адамдар арасында жиі қақтығыстар да болады. Қала әкімі аталған мәселені реттеу үшін ұсыныстар дайындауды тапсырды.

Таңертеңгі рейд барысында қаралған тағы бір нысан — Әуезов алаңы мен «Абай жолы» аллеясы. Қала тұрғындары уақытында ауыстырылғанына қарамастан, алаң бойындағы шамдар жиі жанып кететінін байқады. Жарықтандыруды реттеу және жер астындағы сымдарды төсеу кезінде сапасыз материалдар қолданылғаны белгілі болды. Бұл мәселе жан-жақты зерделеніп, тиісті ұсыныстар әзірленетін болады.

Таңғы рейд қорытындысы бойынша қала әкімі бірқатар тапсырмалар берді. Жол қызметтеріне қарды уақтылы тазарту және оның жолдарда жиналуына жол бермеу тапсырылды. Қар көп жауған кезде техника күндіз де, түнде де жұмыс істеуі керек.

Саябақтар мен скверлер бойынша келесі жылға күтіп-ұстау жөнінде ұсыныстар дайындау тапсырылды. Соның ішінде көшет отырғызу, ағаштарды суару, орындықтарды сырлау, тротуар жолдарын жөндеу және жаңарту жұмыстарын қарастыру керек.

— Қалада тұрғындардың жайлы демалуы үшін саябақтар мен скверлер жеткілікті. Сіздің міндетіңіз — адамдарға жақсы жағдай жасау. Келесі жылғы жоспарда барлық қажетті жұмыстарды қарастыру керек. Қаржыландыру тұрғысынан қажетті қаражат салынады. Содан кейін сіздерден қатаң сұраныс болады, — деді Бақытжан Байахметов.

Өз тілшіміз

Мақалада: ВЕЛОСИПЕД

Ұқсас жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім...

Толығырақ...Details

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

26.06.2026
30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

Қазақстан Парламенті отыз жылдан астам уақытта 3,5 мыңға жуық заң қабылдап, елдің құқықтық жүйесін қалыптастыру мен мемлекеттілікті нығайтуға елеулі үлес...

Толығырақ...Details

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

26.06.2026
Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді. — Мен Парламенттегі қайнаған еңбектің, онда...

Толығырақ...Details

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

26.06.2026
Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Құрылтайдың технологиялық прогрестің жетекші факторы боларына үміт білдірді. Депутаттар заң шығару қызметінде цифрлық технологиялар мен...

Толығырақ...Details

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Қазақстан президенттік республика болып қала береді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. — Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

26.06.2026
Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа конституциялық орган — Қазақстан Халық Кеңесінің атқаратын қызметтері жөнінде мәлімдеме жасады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

6 часов бұрын

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

6 часов бұрын

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

6 часов бұрын

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

6 часов бұрын

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

6 часов бұрын

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

6 часов бұрын

Ұлттық банктің негізгі пайыздық ставкасына қатысты мәселені пайымдап шешу керек — Президент

6 часов бұрын

Мемлекет басшысы: 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

6 часов бұрын

Тоқаев: Алдағы екі жылда 200-ден астам жаңа өндіріс орны ашылады

6 часов бұрын

Президент Қазақстанды Еуразияның іскерлік хабына айналдыру жөнінде айтты

6 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС