"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЗАҢСЫЗ ТӨЛЕНГЕН ЖӘРДЕМАҚЫ БЮДЖЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

03.02.2022
ЖӘРДЕМАҚЫ
154
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов азаматтарға жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген азаматтардың бірі — Семей қаласының тұрғыны Зейнепхан Искакова Семей қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында 2020 жылғы 3 шілдеден бастап жұмыссыз ретінде тіркелген. Өткен жылдың қаңтар айынан бастап желтоқсан айының соңына дейінгі мерзімге «Теплокоммунэнерго» мекемесіне қоғамдық жұмысқа жіберіліп, халықты жұмыспен қамту орталығынан ай сайын 60 000 теңге мөлшерінде еңбекақы алып отырды. Алайда кейіннен оның 2021 жылдың 11 мамырынан бастап қазіргі уақытқа дейін «INVIVO» ЖШС-де еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндігі анықталды. Бұл ретте 2016 жылғы «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңның бұзылуына жол беріліп отыр. Аталған заңға сәйкес, жұмыссыз азаматтар бес жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына (тұрақты, уақытша жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды қоса алғанда) жұмыссызбен жұмыс істеу тәртібіне әсер ететін өзгерістер туралы мәліметтерді уақтылы беруге міндетті.

Осы құқық бұзушылықтарға байланысты Зейнепхан Искакова 11.05.2021 — 01.11.2021 аралығындағы кезеңде төленген 337 225,77 (үш жүз отыз жеті мың екі жүз жиырма бес) теңге 77 тиын мөлшеріндегі жалақыны мемлекет кірісіне қайтаруға тиіс. Халықты жұмыспен қамту орталығы Семей қалалық сотына заңсыз төленген соманы өтеу туралы арыз берді.

Кәмелетке толмаған баласы бар жалғыз басты ана қала әкімінен осы жағдайға байланысты көмек сұрады. Жеке қабылдауда берешекті біртіндеп, ай сайын 3 мың теңгеден өтеу туралы келісімге қол жеткізілді.

Қабылдауға келген келесі тұрғын — Эльвира Смаилова әкімге көп қабатты тұрғын үйдің заңсыз салынып жатқанын айтып шағымданды. Тұрғын үй Ертіс көшесіндегі 17-үйдің автотұрақ орнында салынуда. Айта кетсек, осыған дейін жүргізілген мониторинг барысында және аталған үйдің тұрғындарының өтініші бойынша тексеру жүргізген сәулет және қала құрылысы бөлімі көп қабатты тұрғын үй құрылысын «Виктория 13» ЖШС рұқсат құжатынсыз салып жатқанын анықтаған болатын. Тиісті хат өткен жылдың қараша айында «ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мекемесіне жіберілген.

Биылғы жылдың 13 қаңтарындағы жоспардан тыс тексеру нәтижелеріне сәйкес, «Виктория 13» серіктестігіне қатысты анықталған құқық бұзушылық фактілері бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалды. Сондай-ақ анықталған құқық бұзушылықтарды жоюға, дәлірек айтқанда, құрылыс жүргізіліп жатқан жер телімінің нысаналы мақсатын сәйкестендіруге ұйғарым берілді.

Әкімнің жеке қабылдауында құрылыс салушыдан қысқа мерзімде рұқсат құжаттарын жөнге келтіру талап етілді. Олай болмағанда, нысанның құрылысы тоқтатылады.

Ал Гүлнар Проскурина есімді қала тұрғыны 2-топтағы мүгедек қызы — №10 мектептің үйден оқитын оқушысы Іңқәр Нұрланқызын Нұр-Сұлтан қаласына қайта емдетуге апаруға және дәрі-дәрмек пен азық-түлік алуға қаржылай қолдау көрсетуді сұрап келіпті. Бұған дейін Гүлнар Проскуринаның 60 000 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы өтініші қабылданған болатын. Сонымен қатар халықты жұмыспен қамту орталығы азаматшаны «Халық қайырымдылық қорынан» қосымша көмек алуға тізімге енгізіп, 50 кг азық-түлік берілген.

Жеке қабылдауда Гүлнар Проскурина №30 бағыттағы қоғамдық көліктің жұмысына  шағымданды. Қала әкімі Бақытжан Байахметов жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне, 14-ші шағын ауданға қосымша бағыттар қосу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Бұл күні әкімнің қабылдауында болған төрт баланың анасы Әсем Думанбекова жеке үйінің ылғалдылығынан балалары жиі ауыратынын айтып, уақытша тұруға жайлы тұрғын үй берілсе деген өтінішін жеткізді. Әсем Думанбекова тұрғын үй кезегінде өткен жылдан бері тұр. Қала әкімі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөліміне құрылыс бөлімінің мамандарымен бірге Әсем Думанбекованың мәселесін шешуге көмек көрсетуді тапсырды.

Зейнеткер Камал Кабышева қала басшысынан пешпен жылытылатын үйін көп қабатты үйдің 2 бөлмелі пәтеріне ауыстыруға қолдау көрсетуді сұрады. Зейнеткердің мәселесі тұрғын үй заңнамасы аясында шешілетін болады.

Семей қалалық ішкі саясат бөлімі

Мақалада: БЮДЖЕТЖӘРДЕМАҚЫҚоғамдық қабылдау

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

17 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

18 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

21 час бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС