"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІН ҚАЛАЙ ТОЙЛАП ЖҮРМІЗ?

19.03.2022
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ
48
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

 Наурыз айы – табиғат түлеп, мал төлдеген, халықтың арқа-басы кеңіп, аузы аққа тиген, қытымыр қыс кетіп, жаңаша леп келіп, жұрттың шуақты күндерге шаттана қарайтын шағы. Жыл басы Наурыз мерекесінде наурыз көже пісіріліп, араз адамдар татуласып, жақсы тілек айтып, ішкі жан дүниесін ғана емес, айналаны да тазартып, бұлақ көзін ашқан. Бұл — бірлік пен татулықты ту еткен мереке.

Наурыздың 14 күні еліміз Көрісу күнін атап өтті. Көрісу күнін батыс жұрты ғана атап өтеді деген жаңсақ пікір бар. Ертеден бері келе жатқан бұл дәстүр біздің шығыс өңірінде де болған. Тек жетпіс жылғы кеңестік тәрбие осы халықтық ғұрыпты ұмыттырып жіберді. Осы орайда есімі елге кеңінен таныс айтыс ақыны, журналист, педагог, этнографиялық еңбектердің авторы, «Семей таңы» газетінің белсенді авторларының бірі Мәуітқазы Зүкенов те өз пікірін білдірген еді.

Мәуітқазы Зүкенов:

— Бұл дәстүрді бала кезімізден аналарымыздан естіп өстік. Жалпы, Көрісу о баста барша қазаққа ортақ дәстүр болған. Бала кезімізден ақ жаулықты аналарымыздан естіп өстік. Ал 1926 жылы наурызды тойлауға тыйым салынғаннан кейін бұл дәстүр ұмыт қалып, халық жадынан мүлде шығып кеткен еді. Оның үстіне еліміздің батыс аймағына қарағанда, біздің шығыс өңірі ерекше орыстанып кетті ғой.

Бұл ежелгі дәстүрді Амал мерекесі деп те атайды. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен құшақтасып, қол алысып көріседі. Дастарқан жайып, бірін-бірі қонаққа шақырады. Бұл күні әулеттің үлкендеріне барып, сәлем беріп, көрісіп, «жас құтты болсын» деп амандасады. Кәде-сыйларын да беріп жатады.

Жалпы ескі күнтізбе бойынша, 1 наурыз — ежелгі заманнан келе жатқан көшпелі халықтардың жыл басы. Ол жаңа күнтізбемен есептегенде 14 наурызға тап келеді. Яғни Көрісу күні – бүкіл қазақ халқына тән өзіміздің төл мерекеміз.

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІН ҚАЛАЙ ТОЙЛАП ЖҮРМІЗ?

Алмахан Мұхаметқалиқызы,  ақын, көп жылдар Семейдегі Абай атындағы мұражайда қызмет істеген абайтанушы ғалым:

— Наурыздың 14-інен бастап аталып өтілетін «Көрісу», «Жүздесу» деген жақсы дәстүр батыс жақта сақталған. Сырттан келген текті-тексіз мәдениеттің салқынына ұрынбаған бабаларымыз осы 14-21 наурыз аралығындағы бір аптаны өліара деп атаған. Оның сыры мынада: бір жылда 365-366 күн бар. Осы күнді бір айдағы 30 күнге бөлгенде 6 күн артық қалады. Осы алты күн наурыздың 13-і мен 21-і аралығына келеді. Осы күндерді қазақ өліара деп атайды. Өліарада табиғат құбылыстары, күтпеген оқиғалар, қыстың қаһарынан қалған ауру-сырқау, табиғат апаттары болады деп күтеді. Осы күндері қыстан аман шығып, көктемнің шуақты күнінен үмітті жұрт бірін-бірі құшақтап көрісіп, «мал-жанымызды өліарадағы табиғат апаттары мен жайсыз құбылыстардан сақта» деп құрбандыққа мал атап сойып, бірін-бірі құрметтеп қонаққа шақырады. «Көрісу», «Жүздесу» деп жүргеніміз осы.

Көрісудің өзі сағыныш көрісуі, жұбаныш көрісуі, амандасу көрісуі деп бөлінетін көрінеді.

Бір қуанатынымыз, адамдар арасындағы бауырмалдық пен туысқандықтың жібін жалғап, ізгі қарым-қатынасты паш ететін «Көрісу» дәстүрін қазіргі күні өзге өңірлер де атап өтетін болып жүр. Ендеше халқымыздың озық дәстүрін өз өңірімізде кеңінен насихаттап, неге жандандырмасқа? «Көрісуді» шығыста да атап өтетін болсақ, дәстүрімізді ұрлап алдың деп батыстықтардың базына айтпасы анық.

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІН ҚАЛАЙ ТОЙЛАП ЖҮРМІЗ?

Мұрат Оқасов, тоғызқұмалақ ойыны бойынша ҚР ұлттық дәрежедегі төрешісі, республика чемпионы, тоғызқұмалақтан Семей қаласы бойынша бас жаттықтырушы:

— Наурыз мерекесі думансыз өтпейтіні белгілі. Ойын-сауық шараларының сыртында спорттық сайыстарға да ерекше орын беріледі. Мәселен, Наурызды тойлауға қатысты жаңа тұжырымдама бойынша 19 наурыз шымырлық пен шеберлік күні болып белгіленді. Газеттің өткен санында қазақтың ұлттық ойыны бес түрге бөлінетінін таратып жазыпсыздар. Тоғызқұмалақ соның ішіндегі зеректілікті, ептілік және икемділік пен жылдам ойлауды талап ететін тақталы ойын түріне жатады. «Дала математикасы» атанған бұл ойынды заманында Абай хакімнің өзі құмартып ойнағаны белгілі. Жалпы «Тоғызқұмалақ» ойыны — Наурызбен бірге қайта түлеп, жанданып келе жатқан салт-дәстүрімізбен бірге жасасқан ежелгі спорт түрі.

Бұл ойын Наурыз мерекесі қайта тойлана бастаған 1989 жылдардан бері қарқынды дамып келе жатыр. Осы ретте семейлік тоғызқұмалақшылардың республикалық қана емес, әлемдік деңгейдегі сайыстарда жеңіске жетіп жүргенін айта кетуге болады. Бір ғана мысал, мен жаттықтыратып жүрген «Семей қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің» оқушылары алғашқы Республикалық «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» спартакиадасында тоғызқұмалақтан команда бойынша чемпион атанды. Мұндай мысалдар өте көп.

Ал Наурыз мерекесіне орай арнайы чемпионат ұйымдастырылса құба-құп болар еді. Оған ұлттық ойындардың барлық түрлерін, соның ішінде дойбыны да қосқан орынды деп санаймын. Мәселен, менің бастамаммен республикалық тақталы ойындар көпсайысы шахмат пен дойбы және тоғызқұмалақ түрлері бойынша өткізіліп келеді. Дегенмен ұлттық таным-түсінігімізге сай келетін, сананы сергітіп, шеберлікті арттыратын осындай ойын түрлерін Наурыз мерекесімен сабақтастыра қолға алатын уақыт жетті деп білемін.

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІН ҚАЛАЙ ТОЙЛАП ЖҮРМІЗ?

Әзірлеген Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Мақалада: ҚР Тәуелсіздігіне 30 жылҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

14 часов бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

14 часов бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

17 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

17 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

18 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

18 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

19 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

19 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

19 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

19 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС