"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Молда дуа жасап, үйімді сатқызбай қойды

11.04.2022
Молда дуа жасап, үйімді сатқызбай қойды
112
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

90-жылдардың ортасында біздің ауылға Ираннан қазақтар көптеп көшіп келіп жатты. Түгелі дінді қатты ұстанғандар. Әйел, бала-шағасы бәрі намазға жығылады екен. Біздің ауылға келген алғашқы жылдары бәрі дерлік мал терісін жинаумен айналысты. Соның арқасында бәрінің де жағдайлары жақсы болды. Солардың арасында бір молда кісі бар екен.

Сол молда менің көршімнің үйін сатып алды. Көп ұзамай-ақ молданың танымалдығы артып, үйінен адам үзілмейтін болды. Шет-шеттен көлікпен келетіндер де көбейді. Сол молдаға келетіндер бұрынғы көрші екеумізге ортақ, екі үйдің арасындағы жерге көліктерін қойатын. Келе-келе сол жер көліктен босамайтын болды. Бірде, даладан орып әкелген су шөпті жайяйын десем, бос орын жоқ. Сосын молдаға барып, «келген емделушілерге айтыңыз, ана жерге көлік қоймасын, шөп жаямын» десем, молда «ол менің жерім» дейді. Сонымен молдамен арамызда дау басталды. Дау ауыл әкімдігіне дейін жетті

Молда екеуміз ауыл әкімінің алдына бардық. Ауыл әкімі «ол жер телімі молдекеңе тиесілі, оны осыдан үш ай бұрын заңдастырып алған» деп қарап отыр. «Ау, ол жерді неше жылдан бері бұрынғы көршімен бірге пайдаланып келдік қой, екеуміз теңдей бөліп аламыз деп жүргенбіз. Неге маған айтпай бәрін молдаға бере саласыз» деп ауыл әкімімен керістім. Бірақ одан не пайда, молда жерді заңдастырып алыпты. Жер дауы мен жесір дауына келгенде қазақ аянып қалмайды ғой. Мен де аянып қалмадым. Молда мен ауыл әкімінің арғы-бергі атасын түгін қалдырмай боқтадым. Тіпті ұрмақшы болып едім, көршілер арашалап қалды (абырой болып, молдаға қол тигізбегенім жақсы болған екен, оны кейін түсіндім). Сөйтіп, үйді сатып, ол ауылдан көшіп кетуге бел байладым. Үйдің қақпасына үлкен қылып «үй сатылады» деп жазып қойдым.

Тез сатылсын деген оймен бағасын да арзан айттым. Бірақ қырсық шалғанда үй сатылмай қойды. Бірнеше адам келіп, келісіп кетеді де, артынан айнып қала береді. Тіпті бір кісі ақшасын әкеліп, қол алысып тұрып, қайта айнып қалды. Ауылымызға Өзбекстаннан оралмандар келіп, ана жер, мына жерден үй сатылып жатты. Алайда, менің үйім олардан арзан болса да сатылмай қойды. Бір күні үйден шығып бара жатсам, «әй бала» деген дауыс шықты. Бұрылып қарасам ирандық молда екен. Ана бір кездегі даудан кейін екеуміз амандасуды қойғанбыз. Шақырып тұрған соң «не демек екен» деп қасына бардым. Амандасып болған соң «үйіңді сатқың келе ме?» деп сұрады. Мынау мазақ қылып тұр ма деп қаным басыма шықты. «Онда шаруаң болмасын» дедім де, кері бұрылып жүре бердім. Молда соңымнан дауыстап «бәрібір маған келесің» деді. Қайта бұрылып барып, тұмсығын бұзайын ба деп ойладым. Бірақ өзімді сабырға шақырып, ол ойымнан қайттым.Содан көп ұзамай әйелім екеуміз ұрысып қалдық. Ұрыстың басы да үйдің сатылмауынан басталды. Сол ұрыс екі аптаға созылды. Одан әрі де созыла берер ме еді, бірақ әйелім екі баланы алып төркініне кетіп қалды. Мен де тырысып, бір аптаға дейін хабар алмадым. Ашуы тарқаған шығар деп бір аптадан кейін барсам, әйелім «ажырасам» деп білек сыбанып отыр. Мен де қырсығып, кетсең кет деп қайтып кеттім. Солай екі ай жүрдік.

Бір күні таңертең үйден шығып бара жатсам қақпа алдында молда тұр екен. Ұнатпасам да, алдымнан жолыққан үлкен кісіге сәлем бердім. Қал-жағдай сұраспай кетіп бара жатыр едім, «әйеліңмен жараспайсың ба?» деді. Мен үндемей жүре бердім. Молда «әйеліммен жарасайын, үйім сатылсын десең маған кел. Әйтпесе, тірлігің оңалмайды» деді де үйіне қарай кетті. Базарға жеткенше молданың айтқаны ойымнан шықпай қойды. Базарда бірге жұмыс істейтін бір жолдасыма айтып едім, «нең кетеді, бара салсайшы» деді. Соның тілін алып, кешке базардан қайтқанда молданың үйіне кірдім. Негізі ол кісі кешкі 5-тен кейін науқастарды қабылдамайтын. Молда мені көңілді қарсы алды. Қал-жағдай сұрасып болған соң «сенің молдаға сенбейтініңді білем, ал Аллаға сенесің бе?» деп сұрады. «Иә» деп жауап қаттым. «Ал молда да Алланың бір пендесі. Алла әр пенденің бойына әртүрлі қабілет дарытып жаратқан. Пенде сол міндетін орындайды. Молдаға да қабілетті Алла берген. Біз сол қабілетімізді қолымыздан келгенше амалға асырамыз» деді. Содан кейін қарсы алдына отырғызып, ұзақ оқыды. Болған соң «енді келінмен де жарасасың, үйің де сатылады» деп қош айтысты. Молданың үйінен шыққанда бойым жеңілдеп қалғандай сезімде болдым.

Ертеңінде түс ауа әйеліме бардым. Ол да менің келетінімді білгендей жиналып отырған екен. Ұрыс-керіске барған жоқпыз. Сол күні қайынжұртта қонақ болып, ертеңінде үйге келдік. Келесі күні жұмысқа бара жатқанда молда кезігіп, «келін келді ме?» деп сұрады. «Көп ұзамай үйіңді сатасың» деді. Молданың айтқаны дөп келді. Үш күннен соң бір кісі базарға іздеп келді. Үйді көргенін, ұнағанын, ақшасы дайын екенін айтты. Сол жерде келісімге келіп, үйді саттым. Бір аптадан кейін Ильичке көшіп, үйді босатып бердім. Көшер алдында көршілерді тамаққа шақырып, молдадан кешірім сұрадым.

Арада төрт-бес жыл өткенде бір жағдай болып, сол молдаға бардым. Өкінішке қарай ол кісі Шымкент қаласына көшіп кетіпті.

Басымнан өткен сол жағдайдан кейін молдаға сенетін болдым.

Ойнет

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

Абай облысында қандай аудандар ашылады?  Абай облысында қандай аудандар ашылады?   Абай облысында қандай аудандар ашылады?

Мақалада: Молда дуа жасапүйімді сатқызбай қойды

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

2 дня бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

2 дня бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

2 дня бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

3 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

3 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

3 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

3 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

3 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

3 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС