"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

15.04.2022
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ШҚО әкімі Даниал Ахметов апта сәрсенбісінде Семей қаласына жұмыс сапарымен келіп, қалалық әкімдікте жиын өткізді. Жиын барысында бірқатар өзекті мәселелер қаралды, соның ішінде «Сергек»фото және бейнетіркеу жобасын іске асыру барысы талқыланды.

Жиналыс барысында «Сергек» жүйесі жаз айының ортасынан бастап іске қосылатыны айтылды.

«Көркем Телеком» ЖШС басшысы, «Сергек» жобасының авторы Әсет Ахметовтің айтуынша, жүйені 1 шілдеден бастап іске қосу жоспарланып отыр.

— Маусым айында жұмыстың басым бөлігін аяқтауды жоспарлап отырмыз, бұл көше кешендері, жол кешендері және жалпы бейнебақылау камералары. Орнатылған кешендер қазір жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта бізде 12 жол кешені орнатылған. Сондай-ақ ахуалдық орталық пен деректерді өңдеу орталығы орналасатын жер анықталып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Проблемалы жерлерге 74 жалпы бейнебақылау камералары орнатылады. Барлық жұмыстар кестеге сәйкес атқарылуда. Сынақтық пайдалану қазірдің өзінде басталды, ол барлық қамтамасыз ету бағдарламаларын жүз пайыз пайдалануға мүмкіндік береді, – деп мәлімдеді Әсет Ахметов.

Жиында айтылғандай, қалада 616 камера 74 желілік учаскеде және 40 адам көп шоғырланған қиылыста орнатылады. Және тағы 687 сыртқы бейнебақылау камерасы қосымша жұмыс істейтін болады. Әзірге жабдық орнатылған жерде ол тест режимінде жұмыс істеуде. Әлеуметтік және бизнес нысандардағы барлық камералар да «Сергек»жүйесіне біріктіріледі. Маусым айында аппараттық-бағдарламалық кешендер толық күшіне енеді, қала тұрғындары үшін «109»анықтама қызметі қолжетімді болады.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов өз кезегінде жобаны жүзеге асырудың тиімділігін, сондай-ақ «Сергек» жүйесінің автобус маршруттары бағдарламасымен кіріктірілуінің маңыздылығын баса атап өтті.

Жиын барысында сонымен қатар ШҚО әкімі қаладағы колледж ғимараттарын мемлекеттік ведомстволарға берілетіні туралы ақпараттарға қатысты түсініктеме берді.

— Мен бірқатар мемлекеттік қызметтерді немесе ұйымдарды орналастыру үшін кейбір колледж ғимараттары босатылады деген қауесеттерді естідім. Менің айтарым, бұл әзірше бос сөздер. Бірде-бір мектеп, бірде-бір колледж ғимараты босатылмайды. Бізде қалада бос орынжайлар көп. Бизнестің өзі орналастыру үшін 37 мың шаршы метр бос алаң бере алады, — деді Даниал Ахметов.

Бұған дейін облыстық білім басқармасы да алаңдауға негіз жоқ екенін айтқан болатын.

— Қазіргі уақытта жаңа Абай облысының құрылуына байланысты білім басқармасымен Семейдегі колледждердің материалдық-техникалық базасына талдау жүргізілді. Мониторингке байланысты осы қауесеттер басталды. Колледждерді жабу немесе оларды біріктіру мәселесі қарастырылмайды. Студенттер өздері таңдаған мамандықтары бойынша дипломдарын алады. Семейдегі барлық колледждер облыста ғана емес, республика көлемінде сұранысқа ие кадрларды дайындайды. Студенттер мен ата-аналарына алаңдауға негіз жоқ екенін айтқым келеді, – деп жауап берген болатын облыстық білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

Абай облысында қандай аудандар ашылады?  Абай облысында қандай аудандар ашылады?   Абай облысында қандай аудандар ашылады?

Мақалада: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Аягөзде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 жылдыққа — 80 ағаш» экологиялық акциясы өтті

28.04.2025
Аягөзде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 жылдыққа — 80 ағаш» экологиялық акциясы өтті

28 сәуір күні Аягөз ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 жылдыққа – 80 ағаш» атты экологиялық әрі патриоттық акция...

Толығырақ...Details

Абай облысында ЖЭО-3 құрылысына дайындық жүргізіліп, газдандыру жоспары талқылануда

28.03.2025
Абай облысында ЖЭО-3 құрылысына дайындық жүргізіліп, газдандыру жоспары талқылануда

Өңірде жаңа жылу электр орталығын салуға дайындық жұмыстары аяқталуға таяу. Сондай-ақ, елді мекендерді табиғи газға қосу перспективалары қарастырылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

11.02.2025
Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Абай облысындағы шағын және орта бизнес: жаңа табыстар мен мемлекеттің қолдауы

28.01.2025
Абай облысындағы шағын және орта бизнес: жаңа табыстар мен мемлекеттің қолдауы

Аймақта шағын және орта бизнес қарқынды дамып, осы салада жұмыспен қамтылғандар саны да, өндіріс көлемі де жылсанап артып келеді. Бұл...

Толығырақ...Details

РЕТТЕУДІҢ ЖАҢА ТЕТІГІ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

21.01.2025
РЕТТЕУДІҢ ЖАҢА ТЕТІГІ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Қазақстанда ТМККК, МӘМС шеңберінде ем алатынпациенттерді қамтамасыз ету үшін  және дәріханалардың бөлшек сауда желісінде сатылатын препараттардың шекті құнын төмендетуді көздейтін...

Толығырақ...Details

Абай облысында Крещение мерекесіне 7 шомылу орны дайындалды

18.01.2025
Абай облысында Крещение мерекесіне 7 шомылу орны дайындалды

Өңірде “Крещение Господне” мерекесіне орай халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында суға шомылу үшін арнайы орындар белгіленген. Бұл туралы Облыстық Төтенше...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысы Түркістандағы «Орталық Азия – Корея» форумында өңір әлеуетін таныстырды

7 часов бұрын

Түркістан облысының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жалған қорытындылар жасалғанын анықтады

7 часов бұрын

Қаза тапқандар бар: Қарағандыда пойыз бен Mazda соқтығысты

10 часов бұрын

Биыл 855 мыңнан аса отбасыға 404,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

10 часов бұрын

Семейге 200 орындық балалар ауруханасы, жаңа емханалар мен стадион салынады

10 часов бұрын

Жапонияда партия тізгінін жасанды интеллектке бермек

23 часа бұрын

Германиямен меморандум: Абай облысының студенттері үш айлық тағылымдамаға барады

23 часа бұрын

Бір аптада екі бас жүлде: Абай театры халықаралық сахналарда топ жарды

23 часа бұрын

Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту әдебі жөніндегі дінаралық комиссия құруды ұсынды

24 часа бұрын

Киелі жерлер — өзара құрмет пен халқымыздың мәдени саналуандығының символы — Президент

24 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС