"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«4-5 млн теңге тұратын үйлер қазір 10 млн теңгеге асып жығылады»: Семейде баспана бағасы шарықтап кеткен

15.04.2022
«4-5 млн теңге тұратын үйлер қазір 10 млн теңгеге асып жығылады»: Семейде баспана бағасы шарықтап кеткен
78
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласында баспана бағасы күрт қымбаттап кеткен. Айтуларынша, бұған Абай облысының құрылытындығы себеп.

Тұрғындар қалада баспана бағасының шарықтап кеткенін айтуда. Тіпті студенттер пәтер жалақысының да өсіп кеткендігіне наразы.

“Үй бағасы қымбаттап кетті. Бұрын 4-5 млн теңге тұратын үйлер, қазір 10 млн теңгеге дейін қымбаттады. Семей жеке облыс болып құрылса, онда тағы қымбаттайтыны сөзсіз. Бағаны бақылауда ұстау керек”, — дейді қала тұрғыны Азамат Асқар.

Жылжымайтын мүлік агенттігі өкілдері соңғы бір айдың өзінде шаһарда тұрғын үйдің айтарлықтай қымбаттағанын жеткізді.

“Семейде пәтердің де, жер үйдің де бағасы рекордтық көрсеткішке жетіп отыр. Тек жаңалары емес, ескі үйлердің құны да қымбаттаған. Бұған бірнеше фактор әсер етті. Біріншіден, құрылыс материалдарының бағасы көтерілгені белгілі. Бұл жаңа үйлердің қымбат болуына әкелді. Жаңа облыстың құрылатыны туралы жаңалық та ықпал етіп отыр. Себебі халық қалаға мол қаржы құйылып, жағдай оңалады деп үміттенеді. Тек үйдің емес, жалға берілетін нысандардың, кеңселердің де ай сайынғы ақысы жоғарылап кетті. Ал осыған дейін еш қолданылмай, бос тұрған ғимараттар көп болатын», — дейді Нұргүл Сүлейменова.

Оның айтуынша, қайталама нарықтағы 32 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтердің бағасы осыдан 3 ай бұрын 8,5-10 млн шамасында болса, қазір 10 млн теңгеден басталады. 42 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтердің құны бұрын 10-12 млн шамасында құбылса, бүгінде 12 млн. теңгеден асып жығылады.

“Орташа есеппен алғанда баға осындай. Әрине, баға пәтердің қазіргі жағдайына, салынған жылына, орналасқан көшесіне, қабатына байланысты белгіленеді. Жылы жаңа 52 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтерлер бүгін 15-20 млн теңге аралығында, ал бірнеше ай бұрын 13-15 млн еді. Үш бөлмелі пәтерлер 18-30 млн теңгеге дейін тұрады. Менің ойымша, бағаны осыншама өсіру қисынға келмейді. Адамдар үйлерінің құнын негізсіз аспандатып жіберді”, — дейді агенттік басшысы Нұргүл Сүлейменова.

Тағы бір риэлтор Жұлдыз Магазинованың пікірінше, үй бағасы бұдан бұрын да қымбаттаған.

“Баспана бағасы бұдан бұрын өсіп кеткен. Мәселен, кейбір құрылыс компаниялары былтыр 1 шаршы метрі үшін 240 мың теңге сұраса, биыл баға 280 мыңға жетті. Одан да қымбаттары бар. Ескі үйлерге қатысты айтар болсақ, ипотекалық бағдарламаның талаптарына сай келетін пәтерлердің құны жоғарылады», — дейді ол.

Сөзінше, баға негізінен зейнетақы жинағын баспана алуға жұмсауға рұқсат берілгенде күрт өскен. Сол кезде бірден 1,5-2 млн. теңгеге қымбаттапты.

“Ипотекаға алуға келмейтін ескі үйлер ғана бұрынғы бағада. Байқауымша, қазір сапасы жақсы, 2-3 бөлмелі пәтерлерді арнайы бағдарлама арқылы несиемен қол жеткізуге мүмкіндігі барлар немесе қалталы азаматтар сатып алып жатыр. Көпшілік бағаны қолдан шарықтатып жіберді. Бұл мәселені мемлекет тарапынан реттеу керек деп ойлаймын», — дейді маман.

Жергілікті тұрғындар құзырлы органдардан үй бағасын қадағалауды талап етуде. Семей қаласы дербес Абай облысы болып толық құрылғанда, бағаның тағы қанша шырқайтыны әзірге беймәлім.

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

Абай облысында қандай аудандар ашылады?  Абай облысында қандай аудандар ашылады?   Абай облысында қандай аудандар ашылады?

Мақалада: "4-5 млн теңге тұратын үйлер қазір 10 млн теңгеге асып жығылады": Семейде баспана бағасы шарықтап кеткен

Ұқсас жаңалықтар

ШҚО және Абай облысында электр энергиясының тарифі төмендетілді

29.09.2022
ШҚО және Абай облысында электр энергиясының тарифі төмендетілді

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында электр энергиясымен жабдықтайтын бірнеше ұйымның тарифі төмендетілді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу...

Толығырақ...Details

Миллионнан астам жұмысшының жалақысы өспек

26.05.2022
Миллионнан астам жұмысшының жалақысы өспек

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бір миллионнан астам жұмысшының жалақысы көтерілетінін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz Үкімет халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында біраз...

Толығырақ...Details

Ұлттық экономика министрі теңге неліктен нығайып жатқанын түсіндірді

25.05.2022
Ұлттық экономика министрі теңге неліктен нығайып жатқанын түсіндірді

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәжіліс кулуарында теңгенің нығаюына қатысты түсініктеме берді. Оның сөзінше, қазіргі кезде ұлттық валютаның нақты бағамы...

Толығырақ...Details

Биыл елімізде азық-түлік тапшылығы болуы мүмкін

18.05.2022
Биыл елімізде азық-түлік тапшылығы болуы мүмкін

Биыл Қазақстанда азық-түлік тапшылығы болуы мүмкін, деп хабарлайды КТК арнасы. Тек Қазақстанда емес, дүниежүзінде азық-түліктің ахуалы қиын дейді ауыл шаруашылығы министрі....

Толығырақ...Details

Теңге депозитінің ең жоғарғы мөлшері бекітілді

03.05.2022
Теңге депозитінің ең жоғарғы мөлшері бекітілді

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозиттер бойынша 2022 жылдың маусым айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекіткенін мәлімдеді. 3...

Толығырақ...Details

Ұлттық экономика министрі: Мен қазақстандықтардың орташа жалақысы 275 мың теңге екеніне сенемін

25.04.2022
Ұлттық экономика министрі: Мен қазақстандықтардың орташа жалақысы 275 мың теңге екеніне сенемін

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қазақстандықтардың орташа жалақысы 275 мың теңгеге жеткеніне сенетінін айтты, деп хабарлайды Семей таңы ақпараттық порталы Sputnik...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Құрт қаптап, ауыл бос қалды»: ШҚО тұрғындары көмек сұрайды

1 час бұрын

Абай облысының жас ұландары «Айбын-2025» халықаралық жиынында топ жарды

1 час бұрын

Алакөлді дамыту тұжырымдамасы таныстырылды

2 часа бұрын

Облыс әкімі Жанай ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

2 часа бұрын

Үржар ауданының Таскескен ауылында «Ауыл – ел бесігі» фестивалі өтіп жатыр

2 часа бұрын

Көлік салығын төлеу қатаң бақылауда

2 часа бұрын

Абай облысында «Таза жағалау» акциясы өтті

3 дня бұрын

Абай облысында БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті

3 дня бұрын

Оқу-ағарту министрі Семейдегі білім нысандарын аралады

3 дня бұрын

Семейдегі аспалы көпірдің бір бөлігінде асфальт төсеу аяқталды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС