"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

25 жастағы қыз иен аралда тек егеуқұйрықпен қоректеніп, бір айда 14 келі салмақ тастаған

19.11.2025
25 жастағы қыз иен аралда тек егеуқұйрықпен қоректеніп, бір айда 14 келі салмақ тастаған

Тэчжу тамағы пісіп жатқан кезде жартастың үстіне отырып, жақсылап демалып, бір жұтым сусынын ішіп отыр. Фото: Sina

231
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Қытайда 25 жастағы Чжао Тэчжу есімді бойжеткен жабайы табиғатта 35 күн жалғыз өмір сүріп, экстремалдық «өмір үшін күрес» ойынында үшінші орын иеленді. Бұл туралы South China Morning Post басылымы хабарлады.

Реалити-ойын 1 қазанда Чжэцзян провинциясындағы аралдардың бірінде басталған. Чжао Тэчжу 5 қарашаға дейін шыдап, нәтижесінде 7,5 мың юань (шамамен 550 мың теңге) көлемінде жүлде алған. Оның айтуынша, осы уақыт аралығында теңіз шаяндары, теңіз кірпілері, моллюскалармен қоректеніп қана қоймай, аралдағы егеуқұйрықтарды жеуге де машықтанған.

25 жастағы қыз иен аралда тек егеуқұйрықпен қоректеніп, бір айда 14 келі салмақ тастаған

Қатысушы кеміргіштерді ұстап, терісін сылып, отқа қақтап жегенін айтқан. Бір айдың ішінде ол шамамен 50 егеуқұйрықты тұтынған. Осындай күйзелісті жағдай мен әдеттен тыс ас мәзірінің салдарынан Тэчжу 14 келі салмақ тастап, 85 килодан 71 килограмға дейін арықтағанын жеткізген.

Ойыншы 4 қараша күні аралға тайфун соққанын, сол оқиғадан кейін жарысты жалғастырудан бас тартуға шешім қабылдағанын айтты.

«Мен өз алдыма қойған мақсатыма жеттім. Енді үйіме барып, өз төсегімде қанып ұйықтағым келеді», – дейді Чжао Тэчжу.

25 жастағы қыз иен аралда тек егеуқұйрықпен қоректеніп, бір айда 14 келі салмақ тастаған
25 жастағы қыз өзі ұстап, терісін сыпырып, қуырып алған «өте дәмді» егеуқұйрықты сүйсініп жеп отыр. Фото: Sina

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, аралда әлі екі ер адам қалып, 50 мың юань (шамамен 3,6 миллион теңге) көлеміндегі бас жүлде үшін сынға түсіп жатыр. Чжао Тэчжу болса жарыс нәтижесі өзінің күткенінен де жоғары болғанын айтып, болашақта да осындай сайыстарға қатысуды жоспарлап отырғанын, сондай-ақ тағы 15 килограмм салмақ тастауды мақсат етіп отырғанын жасырмаған.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС