"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰБТ-2022: жаңа ережелер қандай?

04.05.2022
ҰБТ-2022: жаңа ережелер қандай?
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Орталық коммуникациялар қызметінде 2022 жылғы ҰБТ жаңа талаптары айтылды, — деп хабарлайды Семей таңы ақпарат порталы Tengrinews.kz ке сілтеме жасап.

Биыл ҰБТ-ға тіркелу 28 сәуірден 14 мамырға дейін жалғасады. Өтініштер Ұлттық естілеу орталығының сайтында жүргізіледі. ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Әділет Тойбаевтың сөзінше, бүгінде 130 мыңанан аса талапкер өтініш беріп үлгерген.

ҰБТ 16 мамырда басталып, 5 шілдеде аяқталады. Форматы және пәндер саны бойынша ешқандай өзгеріс жоқ. Ең жоғары балл — 140. Уақыты — 4 сағат.

Талапкерлер биыл мемлекеттік грантқа ілігуі үшін екі рет ҰБТ тапсыруға мүмкіндік алды. Талапкер осы екі тест нәтижесінің бірін алып, конкурсқа қатыса алады. Алайда таңдау пәндерін ауыстыруға болмайды.

«Бірінші мүмкіндікте ереже бұзылған жағдайда, тест нәтижелері жойылады және талапкерге екінші мүмкіндік берілмейді. Ал біріншісінен сәтті өтіп, екінші мүмкіндікте белгілі бір ережелерді бұзса, екеуінің де нәтижесі жойылады және конкурсқа қатыса алмайды. Сондықтан әрбір талакерді академиялық адалдықты сақтауға шақырамыз», — деді Әділет Тойбаев.

Шектік балдар бойынша аса өзгеріс жоқ, тек құқық бағыты бойынша шектік балл 75-ке көтерілгені хабарланды.

Ерекше білім беруге мұқтаж балалар үшін қосымша 40 минут беріледі. Тесттердің құрылымы да мүмкіндіктеріне қарай өзгерген.

«Тағы бір жаңашылдық — академиялық адалдықты сақтау үшін, әрбір талапкердің тест нұсқасы таңбаланады. Әрбір тестіленушінің нақты тест нұсқасы болады. Белгілі бір тестіленушінің атынан ереже бұзушылық болса, ол анықталады және нәтижесі жойылады», — деді ол.

Бір компьтер, екі камера, бір тестіленуші қағидаты болады. Яғни тағы бір фронталды камера қосылды. Оның мақсаты — тест тапсырып отырған адамды сәйкестендіру, емтихан барысында қадағалау екені айтылды.

Биыл ҰБТ онлайн форматта өтеді. «Оның ең басты ерекшелігі — талапкер тест тапсыратын күнін, уақытын және жерін өзі таңдай алады» дейді БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

«Тест аяқталған соң апелляцияны 30 минут ішінде беруге болады. Бұған дейін, қағаз форматы кезінде бала келесі күнді күтіп, сұрақтарды есіне түсіруі керек еді. Бұл компьютерлік форматтың ең үлкен ерекшелігі. ҰБТ аяқталғаннан кейін оқушыға екі мүмкіндік беріледі — тесті аяқтау немесе апелляцияға беру. Сонда аппеляцияға қатысты 120 сұрақ оқушының көз алдына беріледі», — деді ол.

Негізгі ҰБТ алдында тағы бір іске қосылған жаңалықтардың бірі — онлайн сынама тест. Биылғы онлайн сынама тестілеудің ерекшелігі — Ұлттық тестілеу орталығында аккунттың болуы, тіркелу шарт емес. Кез келген оқушы ЖСН жазып, емтиханды тапсыра алады.

Руслан Емелбаев Ұлттық тестілеу орталығы 2 жыл қатарынан Қазақстандағы белді оқу орталықтарымен бірлесе отырып тікелей эфирде, You Tube-арнада сабақтар өтіп жатқанын айтты. Қазанда басталған бұл сабақтар мамырдың соңында дейін жалғасады. Бұл әсіресе ауылдық жерлердегі оқушылардың ҰБТ-ға дайындығын жақсартуға көмектеседі дейді ол. Оқушылар пікірлерде мұғалімге сұрақ қоя алады.

Тағы бір жаңашылдық — тақырыптық талдау. Бұл наурыз ҰБТ-сы кезінде пилоттық жоба ретінде енгізілген болатын. Қазір бала ҰБТ-ны аяқтағаннан кейін жеке кабинетінен арнайы жеке тақырыптық талдау көре алады. Ол әр пәнді меңгеру деңгейі және ҰБТ-ға дайындықты жақсартуға мүмкіндік беріп отыр.

Сонымен қатар, биыл Қазақстан тарихы пәні бойынша жаңалықтар бар.

«Сұрақ саны өзгермеді, бірақ жаттауға негізделген сұрақтар санын азайту мақсатында, контекстік, яғни мән-мәтін сұрақтар енгізілді. Барлығы 15 сұрақтың соңғы 5 сұрағына байланысты белгілі бір мәтін не карта беріледі.

Оқушылар Қазақстан және Дүниежүзі тарихынан әр оқулықта әр түрлі даталар беріледі деп те жатады. Осының алдын алу мақсатында 2 жыл қатарынан Ұлттық тестілеу орталығы өз сайтында 100 датаны беріп отыр. ҰБТ-да датаға қатысты сұрақтар берілсе, ол тек сол 100 датадан келеді«, — деді ол.

ҰБТ кезінде тікелей трансляция жасалады. Руслан Емелбаевтың сөзіше, Қазақстанда 43 аймақтық тестілеу ортылығы бар.

«Әрбір ата-ана ҰБТ-ның өту барысын көре алады. Барлық бейнежазба тестілеуден кейін тексерістен өтеді. Бала тест кезінде тәртіп бұзса, нәтижесі жойылады, грант иегері болып жатса да, грантынан айырылады», — деп ескертті ол.

 

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады

Мақалада: ҰБТ-2022: жаңа ережелер қандай?

Ұқсас жаңалықтар

«NIS CUP-2022»  ДЕБАТ ТУРНИРІ

08.11.2022
«NIS CUP-2022»  ДЕБАТ ТУРНИРІ

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл  толуына орай өткізілетін Семей қаласындағы орта мектеп оқушылары арасындағы «NIS CUP-2022»  қалалық пікір-сайыс...

Толығырақ...

NIS IQANAT -ҚА ҚОЛДАУ БІЛДІРЕДІ

01.11.2022
NIS IQANAT -ҚА ҚОЛДАУ БІЛДІРЕДІ

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ауыл мектептерінің 9-сынып оқушыларына арналған IQanat hackathon воркшоптары өтуде. 4 күнге жоспарланған шараға...

Толығырақ...

Қазақстанда 2023 жылғы ҰБТ уақытын өзгерту туралы шешім қабылданды

31.10.2022
Қазақстанда 2023 жылғы ҰБТ уақытын өзгерту туралы шешім қабылданды

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Сулеймен Демирель университетінде өткен Ашық есік күнінде айтты  2023 жылы негізгі ҰБТ сәуір және...

Толығырақ...

Қазақстанда сырттай оқуға болатын мамандықтар тізімі қысқарды

17.10.2022
Қазақстанда сырттай оқуға болатын мамандықтар тізімі қысқарды

Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен елде сырттай немесе кешке оқу форматында оқуға болатын мамандықтар тізімі өзгерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Тізімнен физика және...

Толығырақ...

ҚАЗАҚСТАНДА 1-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ САБАҚ УАҚЫТЫ ҚЫСҚАРАДЫ

26.08.2022
ҚАЗАҚСТАНДА 1-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ САБАҚ УАҚЫТЫ ҚЫСҚАРАДЫ

Оқу-ағарту министрлігі бірінші сынып оқушыларының сабақтары қанша уақытқа созылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Бірінші сыныптарда оқу сабақтары “сатылы" режимде жүзеге асырылады....

Толығырақ...

«ТАБЫСҚА АПАРАР ЖОЛ» NIS-ТЕН БАСТАЛАДЫ

25.08.2022
«ТАБЫСҚА АПАРАР ЖОЛ» NIS-ТЕН БАСТАЛАДЫ

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында «Жас ұстаз: Табысқа апарар жол» атты І Республикалық жас мұғалімдер форумы өз жұмысын...

Толығырақ...

Жаңалықтар

«Елестермен шәй ішеміз»: Астанада зират үстінде салынған үйдің тұрғындарынан сұхбат

11 часов бұрын

«Ауыл» партиясы атынан мәжіліс сайлауына қатысатын кандидаттар белгілі болды

11 часов бұрын

«Ақ жол» демократиялық партиясы сайлауға қатысатын үміткерлердің тізімін бекітті

1 день бұрын

Республикалық турнирге жолдама алды

1 день бұрын

ОСК мүгедектігі бар жандардың сайлауда дауыс беруіне қолайлы жағдай жасайды

2 дня бұрын

Ресейдегі қазақстандықтар Мәжіліс сайлауында қалай дауыс береді

2 дня бұрын

Сайлаудағы өзгеріс: Мәжіліс депутаттарының мандаты қысқарады

2 дня бұрын

Әкім тасқын суда қалған жүкті әйел мен баланы беліне арқан байлап алып шықты

2 дня бұрын

Өскеменде салмағы алты келі болатын алып «батыр» дүниеге келді

3 дня бұрын

Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионы атанды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Ләйла Еділқызы Тілеубаева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС